4-сынып
АДАМ, МЫСЫҚ, ИТ ЖӘНЕ ТАРАҚАН
Бірде үш бала «Лего» кострукторынан үй салып отырып, тарақандар туралы әңгіме бастады. Әр жаңа сұрақтың нәтижесінде балалар мынандай шағын әңгіме құрастырды.
«Адам баласы тарақандармен күресуде, бірақ олар сондай өлмес жандар болып шықты, себебі адамдар қанша рет бұл тіршілік атаулыны құртуға тырысса да олар өмір сүруге талпынды. Мысық тышқандарды аулап, адамның баспанасында тұруға және жұмсақ жерді паналауға, тамағын тоқ қылуға мүмкіндік алды.
Ит өзін адамзат баласының досымын деп санап,үйді күзетіп, мал бағуға көмектесіп,аулада жасалған күркешікте тұру және қарнын тойдыру иүикіндігіне жетті. Кейбір адамдар итті үйінде ұстап, ерекше тағамдар беріп, баптайды. Ал кейбірі иттерді шынжырлап, үйін күзеттіреді. Қайсыбір иттер көше кезіп, далада бос, емін-еркін жүруде.
Тек тарақандар ғана баспанасыз, дайын асы жоқ. Бірақ мың-мыңдап үй-үйде, көзден таса жерлерде, шкафтардың асты мен артында, қуыс-қуыста, жылы орындарда өмір сүруде. Олар адамның көзі ұйқыға кеткенде шығады. Үлкендер олардың көзін құрту үшін ұяларына химикаттар құяды, одан кейін жүздеген тарақандар өлгенімен, олар адам көзінен тасалап, біраз уақыттан кейінқайтадан шығады. Тарақандардың саны азаймайды, керісінше, көбейе түседі. Адамдар оларды
құртумен әлек, бірақ қазірше ешқандай нәтижеге келген жоқ.Бұл күрестің жеңілген және жеңіліске жеткен жақтары әлі көрінбейді.
Адам сол қалпы мысық пен итті жанына алып, оларды асырап, үйінде ұстайды, тек қана тарақандар адам баспанасының сұраусыз келген қонақтары болып отыр.
(205 сөз)
ЖЕТІҚАРАҚШЫ
Түнгі аспанда шөміш тәрізді келген жеті жұлдыз Жетіқарақшы деп аталады. Ол бір тәулікте Темірқазықты бір айналып шығады.
Аңыз бойынша жеті ұры – қарақшылар өмір сүріпті. Олар күндіз ұрлықпен айналысып, түнде сол жасаған әрекеттері үшін ұялыпты. Ақыры қарғысқа ұшырап, қайтыс болыпты. Ұрылардың жандары жұлдызға айналып, аспанға ұшып кетіпті. Бірде олар Үркердің Үлпілдек деген қызын ұрлайды. Жетіқарақшының бас жағында жарқырап тұрған жұлдыз – ұрылардың басшысы Қыран қарақшы. Ал оның қасында әлсіреп көрінетін – тұтқында отырған Үлпілдек қыз. Үркер өзінің қызын қайтарып алу үшін түнімен Жетіқарақшыны қуып жүреді екен.
Жетіқарақшы туралы мынадай ертегі де сақталған: «Ертеде бір байдың жылқының басындай алтыны болыпты. Ол алтынды жерге көміп тығып тастаған екен. Сол заманда елге атағы шыққан жеті ұры байдың алтынын ұрлап кетеді. Бірақ, тастай қатты алтынды бөле алмайды. Сонда Қырын қарақшы: «Бөлуді бір білсе, оның иесі біледі» деп байға келеді. Бай оны қонақ қылып, барын алдына тосыпты. Ата дәстүр бойынша ет піскенше қонақ үй иесіне әңгіме, ертегі айтуға тиіс. Қарақшы осыны сылтау етіп әңгіме бастайды: «Бір байдың ат басындай алтынын жеті ұры ұрлапты, бірақ олар алтынды бөлуді білмейді екен». Бай: «Ол үшін алтынды биенің қазыға алынатын майына орап, қайнату керек. Сонда алтын жібиді» депті.
Қыран қарақшы жолдастарына келіп, алтынды қазының майына орап, қайнатыпты. Жібіген алтынды оп-оңай пышақпен жетіге бөліп, өзара бөлісіп алыпты.
(206 сөз)
ЖЕТІ ҚАЗЫНАНЫҢ БІРІ
Баяғыда аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырып, ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім екенін білгісі келіпті. Лезде арыстанның апанының алдына аңдар жинала қалады. Арыстанның сөзін естіп болған соі түлкі алға шығып:
О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде Сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті. Барлық аңдар өз пікірлерін айтыпарыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ақылды деп лепіртеді. Мақтау сөздерге мәз болған ақымақ арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырапжатқан итті байқайды. Дереу гүрілдеп итке төне түседі:
Әй, сен, оңбаған, мыналардың не айтып жатқанын естіп отырсың ба өзі? Неге сен үн қатпайсың? – дейді.
Ит салмақты қалпын бұзбастан:
- Ә, сен бе едің... Сонша неге орманды басыңа көтересің? Менің де сені мақтап бас ұруым керек па? – деп, басын көтерместен тәкәппарлана қарсы сөйлейді.
Ал сонда, - дейді арыстан, дүниеде ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті кім?
Мен үшін дүниеде ең қайратты әрі ақылды тек-адамзат.
Арыстан одан бетер ысқырып, дереу жолбарысқа:
Ит иттігін жасап, адамды мадақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауға тиіс.Дереу арамыздан аластатыңдар! – депті күндей күркіреп...
Бұл сөзден соң ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан бір жолата ат құйрығын үзіп кете барған екен.
Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе
« Ит – жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасыпты.
(221 сөз)
КҮНДЕЛІК БЕТТЕРІ
Айдана дәптер бетіне әдемі әріптердің басын құрап жазумен әуес. Бұл дәптері - өзгеше. Апайының айтуынша, күнделік жазып жүр. Өзінің күні бойы не істегенін, қандай кітап оқығанын, көргенін бір-екі сөйлеммен баян етеді.
Қарап отырса, бұның өзі қызық екен. Бір жыл ішінде Айдана көп нәрсеге куә болыпты. Үйренгені, білгені көп-ақ. Қалыңдау дәптерін Айдана әжесіне көрсетті.
Бұл не? – деді әжесі.
Күнделік дәптерім. Оқыңызшы, - деді Айдана ашық-жарқын қалпымен.Әжесі күнделікті қолына алды. Көзіне көзілдірік киді. Дәптерді парақтап көз жүгіртті. Сауатты жазылған. Көргені мен білгенін балаң тілмен қағазға түсіріпті.
Айналайын, не жазғансың? – деп алғашқыда әжесі таңданысын жасырмаса да, риза пейілін байқатты.
Айдананың күнделігін оқып шықты Бес-алты дәптер беті толыпты.
Айдана не жазыпты? – деді атасы әңгімеге араласып.
Не жазды дерің бар ма? Қызық-ақ екен, - деді әжесі.
Сөйтті де күнделіктің мазмұнын атасына естірте айтты.
Осы көктемде ауыл сыртында сары, қызыл гүлдерді қыр басынан тергенін, оларды маған әкеліп бергенін қуана жазыпты. Ауылда жаз кезінде масаның көптігін күнделік бетіне түсіріпті. Масахана ішінің рахат екендігіне сүйсініпті. Балалармен емін-еркін ойнағанын, таныс болғанын түп-түгел қағаз бетіне көшіріпті. Өзің-ақ оқып көрсеңші, - деп әжесі күнделікті атасына ұсынды.
«Атам мен әжемнің бар болғанына қуанамын. Олар мені жандарынан еш тастамайды. Тойға да апарады. Ертегіні де жалықтырмай, жалықпай айтады. Содан балбырап ұйқыға кетем. Сүт қайнатамыз қара қазанға. Айран сүзбесінен құрт жасаймыз. Көрші баланың сегіз көгершіні бар. Топ-топ болып ұшқаны ғажап-ақ».
Атасы күнделікті оқып, Айдананың болашағынан үлкен үміт күтті.
Нұрғали Қадырбаев
( 229 сөз)
КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ
Қарны ашқан күшік жем іздеп, тауда қаңғып жүрсе, қасқыр кездесіп қалып:
Ей, күшік, сен сені жеймін! – депті.
Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, - депті күшік.
Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, - депті қасқыр.
Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр серігіне қарап:
Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен? – депті.
Сенің көздерің шоқтай жайнаған, құлақтарың жылмиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай майысқан, - депті күшік.
Мен не қылар екем, енді соған қара, - депті де, қасқыр атылып барып, бір бұзаудың тамағына жабысып, тұншықтырып өлтіріпті. Сөйтіп, күшікті де тойғызыпты, өзі де тойыпты.
Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – депті де, қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты.
Күшік бұзаудың жемтігінің қасында үш күндей болып, тегін етке тойып жатыпты. Ақырында іші пысқан соң жортуға шыққа екен, бір аш мысыққа кез болыпты. Оған:
Ей, мен сені жеймін! – депті.
Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, - депті мысық.
Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, - депті күшік.
Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.
Мысық, маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым қандай екен? – депті күшік.
Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпиып, аузың аңқиып тұр, тілің салақтап, құйрығың салбаңдап тұр, - депті мысық.
Енді мен не қылар екенмін, көр де тұр! – депті де күшік жүгіріп барып бір түйенің аяғын тістейін дегенде, түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты. Күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты:
Ей, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды создың! Сенің етіңді енді мен жеймін! – депті.
(250 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |