Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың маңызы



бет15/23
Дата21.01.2022
өлшемі467 Kb.
#113043
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
Пернеханқызы Балнұр
титул, Қазақша стандарт, Аятул курси суреси, essenzholova (pdf.io), essenzholova (pdf.io), Аятул курси суреси, аллельді емес гендердің әрекеттесуі, ескерту, КЕШЕН, А.Ж. глосарии, А.Ж.сөж, Жырау, СКЖ 111-81 Нурбеков Рауан Жасанды интеллект көмегімен криптографиялық жүйелердің тұрақтылығын талдау, 2
Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар.

Сауат ашу кезеңінде төмендегі міндеттер орындалуға тиіс:



  1. сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау; дыбыстар мен әріптерді таныту

мақсатымен сөзден жеке дыбысты бөліп алу; бөліп алған дыбыстың орын ретін анықтау; жеке дыбысты анық естіп, дұрыс дыбысталуды меңгерту; сөзден ажыратылған жеке дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін айқындату; дауысты дыбыстың буын жасауға негіз болатынын білдіру;

  1. Дыбыстарды буынға, сөзге жинақтау; талданған дыбыстарды дауысты дыбыстар негізінде буынға жинақтау; буындарды дауысты дыбысқа бағдарлап, бір ғана дауыс қарқынымен тұтастыра (бір дыбыс сияқты етіп) оқуға машықтандыру; буындардан сөз құрастырып айтуды (оқуды) меңгерту; заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру;

  2. әліппедегі жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқу машығын қалыптастыру; ондағы сюжетті суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру арқылы оқушыларды байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;

  3. жеке әріптерді дыбыстық талдау-жинақтау негізінде жазуға үйрету; жазу үлгілері бойынша жұмыс жүргізу; жазу каллиграфиясын бұзбай жазуға жаттықтыру; сөзді буынға бөліп және тұтас сөз ретінде жазуға төселдіру; оқулықтағы жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді көшіріп және есту бойынша жазу машығын қалыптастыру; екі, үш… сөзді қысқа сөйлемдер арқылы байланыстырып жазуды үйрету.

Сауат ашудың алғашқы күнінен бастап сөзді оқыту саналы түрде жүргізілуде тиіс. Саналы оқудың негізі-сөздің лексикалық мағынасын түсіну. Алайда сөзді оқу барысында оқушы оның мағынасына бірден көңіл бөле алмайды, өйткені оған оқу техникасының қиындығы мүмкіндік бермейді. Сөз мағынасы балаға оны оқып болған соң мәлім болады. Бұл арада, оқылған сөздің мағынасы оқушы қалай түсінетінін мұғалім біліп оқытуға тиіс. сол арқылы оқыған сөздерге қосымша мағлұматтар, түсініктер беріледі.

Сөз мағынасын түсіндіру үшін жетекші сұраулар беру тиімді. Мысалы, «ара» деген сөзді оқып болған оқушыға «Арамен не істейді?» немесе «Ара балын жеп көрдің бе?» деген сұраулар беру арқылы «ара» сөзінің омоним ретіндегі екі мағынасы да түсіндіріледі.

Ал «Сара» деген сөзді оқып болған балаға «Біздің сыныпта кімнің аты- Сара?» деген сұрау беру арқылы «Сара» сөзінің адам аты екенін білдіруге болады. Сөз мағынасын түсіндіру заттардың суретін көрсету, мұғалімнің түсіндіруі, көрнекі құралдар арқылы да іске асырылады.

Дыбыстық жинақтау тәсілі бойынша жүргізілетін жұмыстарда әрбір оқушының сөзді өздігінен түсініп оқуына көңіл бөлінеді. Осыған орай, сауат ашу тәжірбиесінде жие байқалатын нәрсе- буындап оқуға біршама түсіне бастаған оқушы алғашқы буынды дыбыстап, келесі буынды айтпай-ақ сөзді тұтас оқиды. (қа…-қала) немесе буындардыжеке-жеке оқып алып, соңынан қандай сөз шыққанын айтады (қа-ла – қала). Бұл дұрыс. Мұғалім баланың мұндай түсініп оқуға деген талпынысын әрі қарай дамытуға тиіс.

Оқушыларды түсініп оқу мен жазуға үйрету үшін сауат ашу сабақтарында алуан түрлі көрнекіліктерді қолдануға болады (жоқ болса, оларды мұғалімнің өзі жасап алуы керек): олардың негізгілері мыналар: суретті алфавит, сауат ашуға арналған сөз схемалары бар заттардың суреттер, ашық буын таблицалары, әліппе бағандарындағы буынға бөлінген сөздердің үлкейтілген таблицалары т.б.

Суретті алфавитте заттардың суреттері беріліп, астына оның атын білдіретінсөздің бірінші әрпі жазылады. Қалған әріптер көп нүктемен белгіленеді. Кейде ол заттың атын білдіретін сөз толық жазылады. Суретті алфавитті қабырғаға ілінетін таблица ретінде үлкейтіп те, болмаса, үлестірмелі дидактикалық қима карточкалар түрінде де жасауға болады.

Сөз схемалары бар заттардың суреттері де сауат ашу сабақтарында жиі қолданылады. Мұнда да заттың суреті беріледі. Суреттің астына дыбысқа, буынға талданған, сол заттың атын білдіретін сөздің схемасы салынады.


Араның

суреті


Ботаның

суреті


Бордың

суреті


а-ра бо-та бор

Сөз схемаларында дыбыстар мен буындардың орын реті анықталған дыбыстар мен әріптер сол ретпен буынға бөлініп оқылады және жазылады; дауысты дыбыс әрпі- қызыл дөңгелекшемен, дауыссыз дыбыс әрпі көк түсті дөңгелекшемен белгіленген; Схемаларда сөздің баспа және жазба түрде жазылуы көрсетіледі; Имектелген стрелкалар буынды дауысты дыбысқа қарай біртұтас ( бір дыбыс етіп ) оқу екенін білдіреді.

Ашық буын таблицалары сауат ашу сабақтарында жиі қолданылады. Әліппе бағандарындағы сөздерден ашық буын таблицаларын жасап алуға болады.

Оның мынадай бір түрін көрсетуге болады:

ба қа ра бо

ға ла са жо

а-о да ма та до

жа на уа то

за па ша со

ата, апа, аға, ара, ауа, ала;

Сара, жаға, масса, шана, шағала, шара,

сөздер: шара,аласа, қала, дала, бала,

жара, таза, тазала, сона, жота,

қора, бота, доға, долана.

Әліппе бағандарында берілген сөздерді сауат ашудың алғашқы күндерінде қалай оқуды оқушылар біле бермейді, сондықтан бұл жөнінде мұғалім тарапынан мына төмендегідей жүйелі түсінік беріліп, сөзді буындап оқудың нақты үлгілері көрсетілуі керек:


  1. горизонталь тік түзу сызықтарының әліппе бағандары деп аталатынын, ондай сызықтар арқылы берілген бағандар сөз тізбектерін арнайы топтап, әр топтың бір-бірімен араласып кетпеуі үшін жасалған шекара бөлуші қызмет атқаратын таңбалар екенін түсіндіру;

  2. баған жасаушы сызықтардың бірінен екіншісіне дейін бір ғана сөз жазылатынын, оның астына келесі сөздер ретінің тізілетінін мұғалім тақтаға жазып көрсетеді;

  3. бағандағы әрбір сөздің бір жола тұтастырылмай, буынға бөлініп (буын арасына ашық жер қалдырылып) жазылуын түсіндіру, әдетте (бұрынғы әліппелерде) бағандағы сөздер сызықша арқылы буынға бөлініп берілетін. Ал бұл әліппеде сызықшалар шекаралық ақ орындармен алмастырылады. Оның себебі- сызықша таңбасы алғашқы кезде, оқу тәжірибесі жоқ балалардың сөзді буынға бөліп тұтас оқуына біршама тосқауыл жасайтыны байқалады. Сөздің бірінші буынын оқып біткен соң, оқушы сызықшаға келіп, тоқтайды, оның қандай таңба екенін, не себеппен қойылғанын білмейді, бұл кідіріс сөз бөлшегін ары қарай жалғастырып оқуды ұмыттырады. Мұндай бөгеліс, әрине, сөзді буындап оқу қарқынын әлсіретіп, сөзді аяқтап оқуға бөгет жасайды. Сондықтан бағаннан тыс кейбір әрі ұзақ, әрі қиын сөздер ғана сызықша арқылы буындалып көрсетіледі.

  4. Оқу барысында сөзді буынға талдай отырып, бастапқы буынды келесі буынмен жалғастыра оқуды талап ету. Бұл тұста бала бірінші буынды оқыған соң, үлкен дауыс кідірісін жасап, тоқтап қалмау керек . Алғашқы буынды келесі буынға қосып оқуға әдеттену керек. Сауат ашуда мұның үлкен мәні бар екенін мұғалім жете түсіндіру тиіс. Бұл талап буынға бөлінбей, бағаннан тыс тұтас сөзбен оқуға берілген сөздерді тұтастыра оқу барысында да мұқият қадағалауды қажет етеді.

Бағандағы сөздерді үйрету үшін оларды тақтаға жазып, дыбыстық талдау –жинақтау жасау арқылы сөз құрамындағы дыбыстардың жеке дыбыстау мен сөздегі орын ретін анықтап алған соң, сөздің буындалып оқылатыны туралы мынадай жұмыстар жүргізіледі: дауысты дыбыс негізінде дыбыстардан буын құрастырылып, буындар арасына ашық орын қалдыру; әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып оқу, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріліп оқу, буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқу; дауыс екпінін бақылау; әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқу.

5. Саналы оқу әр оқушының өз бетінше жұмыс істеуін керек етеді. Сондықтан сынып жеке оқушыны басқалардың айтқанын қайталай бермей, сөздегі әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, қадағалап, өздігінен оқуға дағдылануын қалыптастыру-мұғалімнің сауат ашу кезіндегі аса жауапты міндеті. Бұл үшін көрсеткіш таяқшаны пайдалану дұрыс: «Алдыңғы бағандағы бірінші сөзді таяқшамен көрсетіп оқу» т.б. сияқты ескерту тапсырмалар беріп отыру тиімді.

6.Сауат ашу кезеңінің алғашқы сабағынан бастап оқушыларға дыбыс пен әріп туралы мағлұматтар беріледі. Дыбыс пен әріп өзара біртұтас, бір-бірімен бөлінбейтін бүтін нәрсе ретінде үйретілуге тиіс. Дыбыс айтылған соң, ізінше, қолма-қол оның таңбасы (әріп) көрсетіледі; көрсетілген әріп қайтадан оқылып, дыбысталады. Дыбыс пен әріпті үйренудің алғашқы кезеңінде әсіресе кеспе әліппемен жұмыс жүргізудің мәні зор. Кеспе әріп терден сөз құрастыру талап етіледі, өйткені буынға бөлу оқуды жеңілдетеді.

Кеспе әліппемен жұмыс жүргізілген соң, таблицалар мен оқулық бағандарындағы сөздер оқытылады.

Сөйтіп, оқу мен жазуға үйретудің екеуі де сөзге дыбыстық талдау жасау нәтижесінде әрбір дыбыстың дыбысталу ерекшелігі мен оның сөздегі орын ретін анықтаудан басталады. Демек, жеке дыбысты және оның сөздегі орын ретін таба білу алғашқы оқу мен жазуға негіз болады. Басқаша айтқанда, сөзге дыбыстық талдау жасамай, оны жеке дыбыстардан жинақтап оқу да, жазу да мүмкін емес.

Дыбыс дараланып, оның сөздегі орын реті айқындалған соң ғана, ол дыбыстың әрпі көрсетіледі, оқушыларға таныс әріптерден сөз құрастырылып жазылады.

Жазу оқудан соң, бірақ онымен тікелей жалғастырыла, ажыратылмай параллель жүргізіледі.

Әріппен жазуды үйрету мынадай тәртіппен орындалады:



  1. сөзге дыбыстық талдау жасау арқылы керекті дыбыс бөлініп алынады да, жеке және хормен дыбысталынады; дыбыстың баспа және жазба әріптері көрсетіледі; ол әріптер бір-бірімен салыстырылады;

  2. әріптің жазылу үлгісімен таныстырылады (тақтадан, таблицадан, жазу үлгісінен тапсыру);

  3. әріпті мұғалім өзі тақтаға жазып көрсетеді және оны әріп элементтері арқылы қалай жазуды түсіндіреді;

  4. әріпті сөз ішінде басқа әріптермен қалай қосып жазу керектігі үйретіледі;

  5. көркем және таза жазу талабы қойылады;

  6. әрбір оқушының жазуын мұғалім бақылап, кемістігін түзетуге көмектесіп отырады;

  7. жазу оқылған материалдар бойынша жүргізіледі (яғни оқу мен жазу бір материал бойынша жүргізіледі).

Әліппе кезеңінде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Онсыз сауат ашу жұмысын баянды етуге болмайды. Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сөздік жұмысын жүргізуге екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі-оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу,олардың ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі-жаңа сөздер уйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту.

Сөйлем құрастыруға үйрету оқушыларды өз ойын синтаксистік құрылымдар негізінде жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды. Бұл кезде сөйлем құрастырудың мынадай түрлерін пайдалануға болады:


  1. үлгі бойынша сөйлемдер құрастыру (баяндауыштары зат есімнен, етістіктен, сын есімнен, жатыс септігіндегі сөздерден жасалған екі, үш сөзді сөйлемдерді: « Мұрат-оқушы». «Ұшақ ұшты». «Сынып таза». «Атам қазір үйде»);

  2. сұраққа толық жауап алу арқылы сөйлемдер құрастыру.

- Бұл не? - Торғай қайда қонады?

- Бұл-кітап. – Торғай бұтаққа қонады.

- Сенің атың кім? - Болат не істеді?

- Менің атым- Сәрсен. – Болат кітап оқыды.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары сауат ашу кезінде әрбір сабақ сайын жүзеге асырылып отыруға тиіс. Байланыстырып сөйлеу дегеніміз-оқиға мазмұнын жүйелі түрде баяндап шығу, яғни әңгімеге қатысты сөйлемдер арасындағы логикалық байланысты сақтап, оларды рет-ретімен айтып беру.

Байланыстырып сөйлеуді дамыту оқулықтағы суреттер бойынша, сондай-ақ экскурсиядан, күнделікті өмірден көрген-білгендері бойынша және еңбек, ойын т.б. туралы әңгімелер құрастыру арқылы жүзеге асырылады.

Тіл дамытуға байланысты логикалық жаттығулар жүргізудің мәні зор. Логикалық жаттығулар айналадағы заттар мен құбылыстарды таныту арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамытады. Мұндағы жаттығулар әр топтағы заттар мен жан-жануарлардынатын, сипаты мен қимыл-әрекетін білдіретін сөздерді талдап-жинақтап түсіндіріп, оқушылардың сөздік қорын байытуға мүмкіндік береді. Мысалы: «Құстар: үйрек, қаз, қарға, бүркіт, тауық»;

«Қасқыр, түлкі, қоян, арыстан – аңдар»сияқты сөйлемдер құрастыру нәтижесінде заттардың тобы, тегі туралы жалпы ұғымдар қалыптасып, алуан түрлі жеке сөздер үйретіледі. Одан әрі әр топтың өзіне тән жеке ерекшеліктеріне тоқталу керек, мысалы, құстың екі қанаты, екі аяғы бар, ол ұшадыт.б. Логикалық жаттығу тақырыптарын әрі қарай жалғастыра беруге болады (үй жиһаздары, ыдыс-аяқ, оқу құралдары, киім-кешек, өсімдіктер, жемістер, көкөністер, ағаштар, өзендер, көлдер, таулар т.б.)

Логикалық жаттығудың басқа бір түрі-хабарламақ ойдың логикалық жүйесін сақтап, әңгімені жоспар бойынша айтуға, (кейінірек-жазуға) үйрету. Мысалы, Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді.Сабақ басталды» деген әңгімедегі сөйлемдердің орнын ауыстырып: «Сабақ басталды. Мұғалім келді. Балалар сыныпқа кірді. Қоңырау соғылды» деп құрауға болмайды.

Сауат ашу сабақтарында сөйлеу мәдениетіне баса назар аударылады. Сабақтағы сөйлеу мәдениетінің талаптары мүлтіксіз орындалып отыруға тиіс. Мұғалім сөзі мазмұнды, дәлелді, мәнерлі, бейнелі болу керек. Өйткені оқушы сөйлеуді мұғалімнен үйренеді. Оқушыға сөйлеу ортасының да әсері мол. Сондықтан қабырғаға ілінген, тақтаға жазылған жазулар мен көрнекі құралдар – бәрі де әрі мазмұнды, әрі сауатты, әрі көркем болуы керек. Сөйлеу ортасы оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ана тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін дәрежеде болуға тиіс. Оқушыларды алғашқы күннен бастап, дұрыс дыбыстап үйреткен жөн. Әрбір дыбыс, сөз, сөйлем дұрыс айтылуымен қатар белгілі дауыс қарқынымен дыбысталуға тиіс. Олар өте баяу да, өте қатты да айтылмай, сыныпқа естілетін біршама көтеріңкі дауыспен анық дыбысталып, салмақты, таза үнмен айтылуы керек.

Сауат ашу барысынан әрбір оқушының өзіндік ерекшелігі есепке ала отырып, жеке-дара жұмыстар жүргізу арқылы сыныпта «артта қалушыларды» болдырмауға, жалпы оқушылардың белсенділігі арттыруға жеке назар аударылады.

Бұл кезеңде жұмысты түрлендіріп отыру аса қажет, өйткені жеті жасар оқушы бір түрлі жұмысты орындай беруден жалығады, көп отыра алмайды. Сондықтан ой жұмысы қиымыл жұмысымен және ойын түрлерімен, әңгіме, жұмбақ айту, сурет салу жұмыстарымен алмастырылып отыруды керек етеді, сондай-ақ оқуды жазумен алмастыруға болады, «сергіту минуттары» дер кезіңде жүргізіліп тұруы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет