Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет25/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Пысықтау сауалдары:
1. Құқықты қолдану деген не
5. Құқықты сақтау (бұзбау) деген не?


12 тақырып.
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
Дәріс 23
1. Құқықтық сана қазіргі болмыстың бейнелену нысаны ретінде ұғымы.
2. Құқықтық сана түрлері және құрылымы.

Құқықтық сана – қоғамдық және жеке сана саласына жататын жоғары дамыған құбылыс. Ол жеке тұлғаның құқыққа деген түсінігі мен сезімінің, көзқарастарының, қатынастары мен бағасының жиынтығын білдіреді.


Құқықтық сана адамдардың жаңадан қабылданған заңдарды, нормативті актілердің жобаларын қолдауы немесе қабылдамай тастауы т.б.
Құқықтың сана – сезім белгілері мыналар:

  • құқықтық қажеттілікті ұғынуы және сезінуі;

  • құқықты бағалауы;

  • құқықты жете түсіну, дамыған заң шығару жүйесін құрудың қажеттілігі;

  • қимылдағы нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің мұқтаждығы.

Сана кез-келген қызмет процесінде пайда болады. Құқықтық сананың қызметі оның субъектісінің қызметінің нәтижесі.
Құқықтық сананың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:

  1. танымдық қызметі, жеке адамның құқықтық тәжірибесіне байланысты құқықтың өмірдегі құбылыстарға қатынасын анықтау;

  2. бағалаушылық қызметі, жеке адамның құқықтық тәжірибесіне байланысты құқықтың өмірдегі құбылыстарға қатынасын анықтау.

Құқықтық сананың мазмұнына төрт негізгі бағалаушылық қатынас түрлері кіреді:
а) құқыққа және заң шығарушылыққа (оның принциптеріне, нормаларына, институттарына);
б) айналадағы адамдардың құқықтық мінез-құлқына және олардың қызмет объектілеріне (қылмысқа, қылмыс жасаушылыққа, қылмыскерлерге т.б.);
в) құқық қорғаушылық органдарға (прокуратураға, адвокатураға, сотқа, юстицияға, ішкі істер органдарына т.б.) және олардың қызметкерлеріне;
г) өзінің құқықтық іс-әрекетін бағалауы;
3) реттеушілік қызметі, бұл құқықтық қондырма және құқықтық-бағалау арқылы іске асырылады.
Құқықтық сананың құрылымы екі негізгі элементтен тұрады: құқықтық психология және құқықтық идеология.
Құқықтық психология қоршаған құқықтық болмыстың әсерінен қалыптасып, пайда болатын, құқықтық сананың алғашқы, бастапқы тәжірибелік сатысы. Ол қоғамның құқықтық сезімін, ақыл ойын, әдет-ғұрып, дәстүрін біріктіреді және адамдардың, қоғам мүшелерінің әр түрлі топтарының санасында – заңдарға олардың қолдануына байланысты туған әсерлер, көңіл-күйі және сезімдері жатады.
Құқықтық психология арқылы мыналар іске асырылады:
а) құқықтық мәдениетке тән әдет-ғұрып және салт-дәстүр, жеке адамға тән әдетке айналған, тұрмысындағы, мәдениетіндегі нәрсенің бәрі;
б) өзін-өзі бағалауы, өзінің іс-әрекетін құқықтық нормаларға сай бағалауы арқылы т.б.
Құқықтық идеология дегеніміз – қоғамдағы құбылыстарды, қатынастарды құқық тұрғысынан ғылыми жүйеге келтіру.
Құқық жөніндегі пікірлер мен көз-қарастар белгілі бір жүйеге келтіріліп ғылыми негізде дәлелденген күйде болады. Құқықтық идеология қоғамдағы түрлі бағыттағы, әр саладағы мақсаттарды біріктіріп дамытады.
Құқықтық идеология – құқықтық сана құрылымының негізгі элементі.
Құқықтық сананы мынадай белгілері бойынша топтастырамыз:

  1. мазмұнының тереңдігіне қарай үшке бөлеміз;

а) күнделікті құқық саналығы – бұл адамдардың өмірлік тәжірибелеріне сай пайда болған, құқыққа деген көзқарастарының түсінігі;
б) кәсіпқойлық құқық саналығы – бұл заңгерлердің құқықтық тәжірибесінің негізіндегі қалыптасқан сезімі, сенімі, дәстүрлері;
в) ғылыми құқық саналығы – бұл құқықтың теориялық қамтуын көрсететін идеялар, ұғымдар, концепциялар;

  1. субъектілері бойынша құқықтық сана бірнеше түрге бөлінеді:

  • жеке құқықтық сана;

  • топтық құқықтық сана;

  • қоғамдық құқықтық сана.

Сонымен, құқықтық сана – қоғамдығы құқықтық құбылыстарға адамдардың сезімдерінің, әсерлерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі; ол заң шығарудың, нормативтік актілердің дұрыс орындалуының, құқықтың сапалы дамуының негізгі шешуші механизмі деуге болады.
Құқықтық мәдениет құқықтық санамен тығыз байланысты, бірақ ол құқықтық санадан әлде қайда мағыналы түсінік, осыған байланысты ол психологиялық және идеологиялық элементтерді, сонымен бірге заңды мінез - құлықты да қамтиды.
Құқықтық мәдениет мыналардан көрінеді:
1)құқықтық шындықты сезіммен қабылдаудың және құқықтық ойлаудың нақты дәрежесінен;
2)тұрғындардың заңдарды білуінің тиісті жағдайынан;
3)жоғары дәрежеде құқық нормаларын сыйлауы, оның беделділігін арттырудан;
4)құқықтық шығармашылық және құқықты іске асыру процесінің сапалы дәрежесінен;
5)құқықтық қызметтің арнайы тәсілдерінен (құқық қорғау органдары қызметінен, конституциялық бақылаудан т.б.);
6)адамдар қалыптастырған рухани және материалдық байлық түріндегі құқықтық қызметтің нәтижесінен (заңдар, сот тәжірибесі, заң шығарушылық жүйесі және т.б.) көрінеді.
Бұлардың әрқайсысын жеке тұрғыдан және қоғамдық тұрғыдан да көруге болады.
Жеке адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – бұл құқықты білу және түсіну, сонымен бірге соған сай іс-әрекет ету.
Жеке адамның құқықтық мәдениеті адамның құқықтық білімділігін білдіреді, оған құқықтың саналығы, құқықты пайдалануы, заң нормаларына, өзінің іс-әрекетін бағындыруы кіреді.
Жеке адамның құқықтық мәдениетінің құрылымы мына элементтерден тұрады:

  1. психологиялық элементі – құқықтық психология;

  2. идеологиялық элементі – құқықтық идеология;

  3. күнделікті элементі – тұлғаның іс-әрекетінің заңды маңызы.

Қоғамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – бұл қоғамның құқықтық белсенділігі және құқықтық санасының дәрежесі, заң нормаларының және заң қызметінің белсенділігі.
Қоғамның құқықтық мәдениеті жалпы мәдениеттің негізгі салаларының бірі. Бұл қоғамдағы мәдени құндылықтарды сақтау, жаңғырту, дамыту, оларға азаматтарды баурау жөніндегі қатынастарды құқықтық нормалар арқылы реттеп, басқару.
Қоғамның құқықтық мәдениетінің қозғаушы күштері мыналар:
а) құқыққа қажеттіліктің шанайылығы;
б) мемлекеттегі заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жағдайы;
в) қоғамда заң ғылымының және заң білімінің даму дәрежесі.
Қоғамның құқықтық мәдениетінің құрылымы келесі элементтерден тұрады:

  1. қоғамның құқықтық санасының және құқықтық белсенділігінің дәрежесі;

  2. заң нормаларының прогриессивті сатысы (құқықтың даму дәрежесі, заң жазбаларының мәдениеті және т.б.);

  3. заң қызметінің прогрессивті дәрежесі (құқықтық шағармашылықтың, құқықтық қолданушылықтың және құқықтық қорғаушылықтың мәдениеті).

Құқықтық мәдениеттің жақсы дамыуының негізгі шарттары: халықтың рухани сана-сезімін дамыту; мемлекеттік биліктің үш бағыттағы жұмысын жақсарту; заңдылықты, құқықтық тәртіпті орнату; мәдениеттің жетістіктерін қорғау; құқықтық мемлекетті қалыптастыру.
Құқықтық мәдениетке қарама-қарсы бағыт – құқықтық нигилизм.
Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы, жағымды мұраларды, ғылым заңдарын, мәдени және моральдық қағидалар мен нормаларын, қоғамдық өмірдің нысандарын т.б. жоққа шығарып мойындамау.
Құқықтық нигилизм әртүрлі түрде өмір сүруде – бұл жай немқұрайдылықтан толық құқыққа сенбеушілік.
Құқықтық нигилизмнің пайда болу түрлері:

  1. Қоғамдағы әрекет етуші заңдарды және басқа нормативті – құқықтық актілерді қасақана орындамау іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі.

  2. Заң жазбаларын жаппай сақтамау және орындамау.

  3. Бір-біріне кайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.

  4. Заңды саяси, идеологиялық немесе прагматикалық мақсатқа айналдыру.

  5. Адам құқығын бұзу, әсіресе өмір сүру, ар-намыс т.б. құқықтарының бұзылуы.

  6. Құқықтың шынайылығы және құқық талаптарының арасындағы алшақтық, яғни құқық талаптарының орындалмауы.

Құқықтық нигилизмді жеңудің негізгі бағыттары – бұл азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін, моральдық және құқықтық санасын көтеру; заң шығарушылықты дамыту; құқық бұзушылықты және барлық қылмысты жою; заңдылықты және құқықтық тәртіпті, мемлекеттік тәртіпті нығайту; жеке адам құқығын қорғау және сыйлау; бұқаралық ағарту және тұрғындардың құқықтық тәрбиесін күшейту; жоғары мамандандырылған заңгерлерді даярлау; құқықтық реформаны жүзеге асыру, жалпы алғанда қоғамды терең әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани және адамгершілік дағдарыстан алып шығу.
Пысықтау сұрақтары
1.Құқықтық сана қазіргі болмыстың бейнелену нысаны ретінде.
2. Қоғамның социумның, жеке адамдардың құқықтық мәдениеті.
3. Құқықтық нигилизмді ата ?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет