Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет28/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Дәріс 26
1. Құқықтық қатынастың элементтері
2.Құқықтық қатынастартың объектілері, субьектілері және олардың жіктелуі.

Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті де жақсартуға мүмкіндік жасайды.


Құқықтық қатынастардың негізгі белгілері:

  1. Пайда болған құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді.

Олар құқықтық нормалар негізінде пайда болады.

  1. Құқықтық қатынастың субъектілерінің екі жақты құқықтары мен міндеттері арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы тұлға, жүктелген міндеттерді орындауға тиіс. Бұл нақты тұлғалар арасындағы заңға негізделген қатынастар.

  2. Құқықтық қатынас – ерікті қатынас.

Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет.

  1. Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады. Сөйтіп, құқықтық қатынастар дегеніміз адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстардың ең күрделісі және ерекше түрі.

Құқықтық қатынастың пайда болуының негізгі екі түрін анықтаймыз:
1.Материалдық (жалпы) түріне адамдардың қажеттілігіне және өмірдегі мүдделеріне сай пайда болатын құқықтық қатынастар. Бұл әлеуметтік – экономикалық, мәдени т.б. жағдайларда құқықтық реттеуді немесе қоғамдық реттеуді қажет еткен кездерде пайда болады.
2.Заңды (арнаулы) түріне жататындар:
құқық нормасы, құқық субъектісі, заңды айғақ, яғни нағыз өмірдегі құбылыстар жатады. Жоғарыдағы шарттарсыз құқықтық қатынастың пайда болуы мүмкін емес.
Құқықтық қатынастың түрлері:
1.Қоғамдағы барлық қатынастар және нормативтік актілер құқықтық жүйе – саласына сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді. Салалық белгілеріне қарай құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық т.б. болады.
2.Құқықтық норма атқаратын ісіне қарай екіге бөлінеді: реттеуші және қорғаушы. Реттеуші нормалар қатынастарды реттеп, басқарып отырады. Қорғаушы нормалар қарым-қатынастардың дұрыс, заңға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді.
3.Құқықтық қатынастар мазмұнына қарай екіге бөлінеді: жалпы және нақты. Жалпы түрде құқықтық қатынас мемлекет пен жеке азаматтардың арасында болады. Нақты түрдегі қатынастар заңды себептер, фактілер болғанда басталады. Мысалы, сауда-сату шарты, біріккен фирма құрылысы т.б. себептер.
4.Құқықтық қатынастардың субъектілерінің жағдайларына қарай екіге бөледі: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік түрде қатынастан туатын құқық, бір жағындағы субъектіде болады, ал екінші жағындағы субъектісінде тек міндеттер болады. Салыстырмалы түрдегі қатынастардың субъектілерінің құқықтары мен міндеттері бірдей болады.
5.Мәні жағынан құқықтық қатынастар материалдық (қаржылық, еңбек және т.б) және іс жүргізу (қылмыстық-іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және т.б.) болып бөлінеді.
Құқықтық қатынастың құрылымы күрделі элементтер жүйесінен тұрады: құқықтық қатынас субъектісі, құқықтық қатынас объектісі, субъективті құқық, заңды міндеттер.
Құқықтық қатынастың субъектісі – бұл субъективтік құқыққа және заңды міндеттерге ие құқықтық қатынасқа қатысушылар, яғни жеке адам және заңды тұлға.
Құқықтық қатынастар субъектілерінің мынадай түрлері бар:
1.Жеке тұлға, бұған: азаматтар, екі азаматтыққа ие тұлғалар, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдіктер жатады. Шет елдің азаматтары толық құқықты, тек олар сайлауға қатысуға, сайлануға, әскер қатарына шақырылуға құқығы жоқ.
2.Ұжымдық түрге мемлекет жатады. Мемлекет халықаралық – құқықтық қатынасқа басқа мемлекеттермен мемлекеттік ұйымдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен (жеке фирмалар, коммерциялық банктер, қоғамдық бірлестіктер т.б.) түскенде пайда болады.
Құқық субъектісі — заңды және жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады.
Құқықтық қатынастың субъектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеті және әрекеттілігі қалыптасуы керек.
Құқықтық қабілеттілік дегеніміз жеке адамның құқықтар мен міндеттерге ие болуы.
Әрекет қабілеттілік дегеніміз жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерін іске асыруы, оларды орындау қабілеті. Әрекеттің басты шарты кәмелеттік немесе құқықтық нормада белгілі енген жасқа толу.
Құқық субъектілерінің шарттар жасап, басқа да келісімдер жүргізуге болатын мүмкіндігі келісім қабілеттілігі деп аталады.
Он төрт жас пен он сегіз жас арасындағы адамдар шектеулі келісім қабілетіне ие болады. Олар үшін келісімді ата-аналары, асырап алушылары, не болмаса қамқоршылары жасайды. Толық келісім қабілеттілік он сегіз жастан пайда болады. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік тығыз байланыста болады. Оларға заң актілерінде қарастырылған тәртіп пен жағдайларда ғана болмаса ешкімге шектеу қойылмайды.
Құқық субъектіліренің тәртіп бұзғаны үшін заңды жауапқа тартылуын құқықтық жауаптылық мүмкіндігі деп аталынады.
Құқықтық қатынастың объектісі – бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің бағытталған нәрселер, яғни қоғамдағы көп түрлі, көп салалы саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбектік т.б. қарым-қатынастар.
Құқықтық қатынастар объектісі – тек қоғамдық және жеке тұлғалардың іс-әрекеті.
Құқықтық қатынастардың нәтижелеріне қарай бірнеше топқа бөлеміз:

  1. материалдық құндылық (заттар, мүлік т.б.).

  2. материалдық емес құндылық (адам өмірі, денсаулығы, парызы, ар-ожданы т.б.)

  3. рухани шығармашылық жемісі (әдеби шығармалар, өнер, музыка т.б.).

  4. құқықтық қатынасқа түсушілердің құқықтық қатынастарының нәтижелері (тасу келісімі негізінде жалдамалы жұмысқа қатысты т.б. қатынастар).

  5. құнды қағаздар және құжаттар (ақша, акция, дипломдар т.б.)

Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі.
Сөйтіп, субъективтік құқық – құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде-мақсаттарының орындалуы. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер құқықтық қатынастың ең негізгі мазмұнын құрайды.
Субективтік құқықтың орындалу әдіс-тәсілдері:

  1. құқықтың алдында қойылатын өз мүдде-мақсатын анықтау;

  2. құқықтық норманы дұрыс пайдалану;

  3. құқықтық тәртіпті қатаң орындау.

Субъективтік құқық заңды міндеттермен бірге жүреді. Субъективтік құқық тұлғаның өз мүддесін қанағаттандыру болса, ал заңды міндет – басқаның мүддесін қорғайды. Субъективтік құқық заңды мүмкін болатын іс-әрекет шаралары, ал заңды міндет орындалуға тиіс іс-әрекет шаралары.
Қоғамда көптеген құқықтық қатынастар пайда болады. Оның заңды себептері мен негіздері болады. Заңды себептер құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеру, ескіру және жаңаруы. Заңды себептердің екі түрі болады: оқиғалар және іс-әрекеттер. Құқықтық оқиғалы себептер адамның санасынан тыс болады. Бұған табиғаттағы объективтік даму жатады: өрт, жер сілкіну, су тасқыны, т.б. Құқықтық оқиғалар - бұл адамның сана-сезіміне және еркіне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуы. Оған адамның тууы, өлуі, уақыттың өтуі т.б. табиғи құбылыстар жатады.
Заңды міндет — заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.
Субъективтік құқық — субъектілердің ықтимал мінез-құлықтарының түрі және мөлшері.
Субъективтік заңды міндет — субъектілердің тиісті мінез-құлықтарының түрі және мөлшері.
Құқықтық қатынас объектісі—табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндет аталған объектілерге бағытталған болып келеді.
Құқықтық оқиғалар заң актілері және заңды іс-әрекет болып бөлінеді.
Адамдардың және заңды тұлғалардың іс-әрекеттері арқылы қалыптасатын себептер – адамның өзінің еңбегінің нәтижесінде пайда болады. Ол заңды және заңсыз іс-әрекет болып бөлінеді. Құқықтық қатынастардың өмірге келуі, өзгеру, ескіруі, жаңаруы, дамуы заңды себептерге, нормативтік актілерге, субъективтік құқыққа байланысты. Бұл қоғамның объективтік даму процесін реттеп, басқарады.
Пысықтау сауалдары:
1. Құқықтық қатынастар деген не және олардың белгілері қандай?
2. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас араларындағы байланыстың сипатын түсіндіріңіз.
3. Құқықтық қатынастың қандай түрлері болады? Мысалдар келтіріңдер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет