Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет24/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»







биліктік ұйғарым

дара биліктік нақты ұйғарым

құзырлы ұйғарым

субъективтік құқықтар мен міндеттерді айқындайды

құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшерін белгілейді

Құқықты қолдану актілерінің түрлері:


1. Құқықты қолдануды жүзеге асырушы субъектілер бойынша:
а) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың актілері;
б) ҚР Президентінің актілері;
в) Басқару органдарының актілері;
г) әділ сот органдарының актілері;
д) прокуратура органдарының актілері;
е) алқалы және жеке тұлғаның актілері;
2. Құқық қолдану қызметі түрлері бойынша:
а) орындау (атқару) актілері;
б) құқық қорғау актілері;
3. Сырт көрінісінің түрлері бойынша:
а) құжат актілер - нақты органның тиісті түрде даярланған жазбаша жасалған шешімі. Негізінен алғанда құжат актілер төрт құрамдық бөлімнен: кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қорытындылардан тұрады.
б) әрекет-актілер – құқық қолдану субъектілерінің әрекеттері.
Бұл әрекеттердің биліктік күші болады және олар заңдық салдарға апарып соқтырады (орган жетекшісінің ауызша өкімі, жарлығы, полицейдің (милиционердің) көлік пен жаяу адамдар жүрістерін реттеудегі шарттары;
4. Қолданылу уақыттары бойынша.
а) бір рет қана күші бар актілер (мысалы, айып салу).
б) ұзаққа созылатын күші бар актілер (мысалы, некені тіркеу, зейнетақы тағайындау жөне т.б.).
Құқықтық нормаларды қолдану үшін оның мазмұнын түсініп алуымыз керек. Онсыз құқықтық қатынастарға қатысу мүмкін емес.
Құқықты қолданудың белгілері мынадан көрінеді:

  1. ресми өкілеттікке ие органдардың құқықты қолдануы;

  2. оның билік мәніне ие болуы;

  3. іс жүргізу түрінде іске асырылуы;

  4. жеке түрдегі билік актілерді іске сай қолдануға байланысты көрінеді.

Құқықты қолданудың бірнеше кезеңдері бар:
1.Істің нақты мазмұнымен және жағдайымен танысу, қарым-қатынастың басталуын, оған қатысушы субъектілерді анықтау.
2.Пайда болған қатынастың заңды негізін анықтау, анализ жасау, іске заңды баға беру.
3.Іс бойынша шешім қабылдау, құқықты қолдануды, тиімділігін анықтау және оны рәсімдеу, шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу.
4.Қабылданған шешімді жүзеге асыру.
Құқық қолданатын акті – мемлекет атынан жасалатын, нақтылы заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі.
Қоғамдағы сан алуан қатынастарды реттеп, басқару үшін құқықтық нормалар өмірге келіп, өзгеріп, дамып, ескіріп, жаңарып отырады. Құқықтық нормалар заңда көрсетілгендей мақсатты түрде адамдардың еркі және санасына әсер ету үшін пайда болады. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеті арқылы заң шығарушы құқықтық нормалардың нәтижесін көрсетеді.
Құқықтық нормаларды орындаудың нысандары әр түрлі болып келеді, олардың пайда болу себептері де әр түрлі болады:
а) қоғамдағы қатынастардың мазмұнының әр түрлі болуы;
б) нормативтік актілердің адамдарға әр түрлі әсер етуі;
в) норманың ерекше мазмұнының әсері;
г) құқықты іске асырудағы субъектілердің құзіреті мен өкілеттігінің әр түрлі болуы;
д) субъектілердің құқықтық тәртібінің әр түрлі деңгейде болуы.
Құқықтық нормалардың негізгі мақсаты қоғамдағы қатынастарды уақытында реттеп, басқарып, оны іске асыру.
Құқықтық нормаларды іске асырудың бірнеше түрлерін атап өтуге болады:
1.Норманың мазмұнына қарай орындалуын әр түрге бөлеміз: норманың мүдде-мақсатын орындау; жалпы міндет қағидаларын орындау; нақты қатынастағы норманы орындау.
2.Норманы іске асырудағы қатынас субъектілерін жеке және топтық субъектілерге бөлеміз. Бұл субъектілердің өз құқықтарын іске асыруы.
3.Нормативтік актілердің ерікті түрде емес, қоғамдық мүдде үшін әкімшілік-тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік түрінде еріксіз іске асырылуы.
4.Құқықтық нармаларды іске асыруда саяси және идеологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Субъектілердің құқықты іске асыруға әсер етуінің төрт түрін көрсетеміз:

  1. құқықты сақтау – құқықта тиым салынған іс-әрекеттерге жол бермеу;

  2. құқықты орындау – заң міндеттерін орындауға белсенді түрде қатысу;

  3. құқықты пайдалану – өзінің мүддесін қорғай отырып, субъективтік құқықты іске асыру;

  4. құқықты қолдану – ресми өкілеттікке байланысты және соның нәтижесіне сай жеке актіні енгізу. Құқықты қолдану құқықты іске асырудың ерекше түрі. Бұл адамдардың өз құқықтары мен міндеттерін билік органдарының көмегінсіз іске асыра алмаған жағдайда қажет болады.

Құқықты қолданудың белгілері мынадан көрінеді:

  1. ресми өкілеттікке ие органдардың құқықты қолдануы;

  2. оның билік мәніне ие болуы;

  3. іс жүргізу түрінде іске асырылуы;

  4. жеке түрдегі билік актілерді іске сай қолдануға байланысты көрінеді.

Құқықты қолданудың бірнеше кезеңдері бар:
1.Істің нақты мазмұнымен және жағдайымен танысу, қарым-қатынастың басталуын, оған қатысушы субъектілерді анықтау.
2.Пайда болған қатынастың заңды негізін анықтау, анализ жасау, іске заңды баға беру.
3.Іс бойынша шешім қабылдау, құқықты қолдануды, тиімділігін анықтау және оны рәсімдеу, шешімді мүдделі тұлғаларға жеткізу.
4.Қабылданған шешімді жүзеге асыру.
Құқық қолданатын акті – мемлекет атынан жасалатын, нақтылы заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі.
Құқықтық нормаларды анықтау кезінде нормалар коллизиясы (қарама-қарсы тараптардың немесе мүдделердің қақтығысуы) және құқықтағы кемшіліктер деген құбылыстармен кездесеміз.
Заң коллизиясы дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттеуге қатынасты құқықтық актілер арасындағы қайшылықты айтамыз.
Олар заңды қолдануды қиындатып, құқықты қолдану тәжірибесінде қолайсыз жағдай тудырады.
Коллизияның бірнеше түрлері бар:

  1. Ол конституция және барлық басқа актілер арасында пайда болады. Нәтижесінде Конституцияның пайдасына шешіледі.

  2. Заңдар және заң негізіндегі актілер арасында пайда болады. Заңдық күші жоғары болғандықтан заңдар пайдасына шешіледі.

  3. Әр түрлі мерзімде шығарылған бір органның актілері арасында туады. Бұл жерде соңғы қабылданған акті қолданылады.

  4. Әр түрлі органдар қабылданған актілер арасында пайда болады.

Қай орган өкілеттігі жағынан жоғары тұрса, сол органның актісі қолданылады.
Құқықтағы кемшіліктер – қажетті заң нормаларының толық немесе жеке бөлімдерінің заңдарда болмауы. Бұл кемшілік тек құқық шығармашылық процесте жаңа құқықтық актілерді қабылдау арқылы жойылады.
Кей жағдайларда жаңа құқықтық актілер қабылдамай-ақ, құқықты қабылдану кезінде жоюға болады. Мұнда заң аналогиясын немесе құқық аналогиясын қолданамыз.
Заң аналогиясы – бұл істе шешу кезінде құқық нормаларын пайдалана отырып, жағдайға қарай істі шешу.
Құқық анаогиясы – бұл істе шешу кезінде жалпы принциптерге және құқықтың мағынасына қарап шешу.
Құқықты қолдануда, іске асыруда міндетті түрде акті жасалуға тиіс.
Құқықты қолдану актісі – бұл істе шешу кезеңінде өкілеттікке ие орган енгізген, жеке билік жазбасы түріндегі құқықтық акті.
Оның мынадай ерекшеліктері бар:

  • өкілеттікке ие органнан туындайды;

  • мемлекеттік – билік мәніне ие;

  • оны орындайтын нақты субъектінің көрсетілуі;

  • мемлекет бекіткен форма түрінде жазылуы.

Құқықты қолдану актілерін мынадай ерекшеліктері бойынша топтастырамыз:

  1. түрі жағынан – жарлықтар, бұйрықтар, шешімдер, қаулылар т.б.;

  2. оларды қабылдаған субъектілері бойынша бөлеміз:

а) мемлекеттік органдар;
б)мемлекеттік емес органдар.

  1. құқықтық қызметі бойынша:

а) реттеуші (қызметін жоғарлатуы бойынша бұйрық);
б) қорғаушы (қылмыстық істе қорғау жөніндегі қаулы);

  1. заңдық табиғаты бойынша – негізгі, заңдық істің шешімінің орындалуы (мысалы,үкім) және қосымша, негізгі істің орындауын қамтамасыз етеді (мысалы, тұлғаны айыпкер ретінде тарту туралы қаулы);

  2. құқықтық реттеу пәні бойынша мынадай актілерге бөлінеді: азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық актілер т.б.;

  3. мәні жағынан – материалдық және іс жүргізу.

Сонымен, құқықты қолдану – мемлекеттің, оның органдарының құқықтық нормаларды іске асыруы, орындалуын басқарып, реттеп отыруы.
Адамдар көптеген ғасырлар бойы әртүрлі ережелер мен нормаларды қалыптастырды. Бұл нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші болып табылады және көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл нормалар айқын, арнайы актілерде баяндалып жүйеге келтіріледі. Оларға құқық, мораль, саяси, эстетикалық, корпоративтік, әдет – ғұрыптар, дін нормалары т.б. жатады. Сөйтіп, нормалар дегеніміз қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез – құлық ережелері, үлгілері, өлшемдері.
Адамзат б.д.д. III-II ғасырлардың өзінде-ақ әлеуметтік реттеу нормаларынсыз қоғамдық өмірді реттеу мүмкін еместігін түсінген.
Қоғамдық әлеуметтік – қатынастардың реттеу шеңбері өте кең: діни реттеуден таптық реттеуге дейін, мінез – құлықтан (ағылшын сөзі «behaviouz» – бихевиористика – мінез-құлық) кибернетикаға дейінгі алаңды қамтыйды. Қоғамдық қатынастарды реттеуді нормативті және нормативті емес деп бөлеміз.
Нормативті реттеу дегеніміз қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез – құлқының нақты нормасы.
Нормативті реттеуге мыналар жатады:

  • құқықтық;

  • моральдық;

  • заңды – техникалық;

  • нормативті – техникалық;

  • корпоративті (топтық);

  • салт –дәстүр,

  • дін т.б.

Нормативті реттеу жиынтығы әлеуметтік – реттеушілік жүйені құрайды.
Нормативті емес реттеушілік жүйеге мыналар жатады:

  • мәнділігі;

  • нұсқаулылығы;

  • хабарлылығы;

  • болжамдылығы т.б.

Заң ғылымында қоғамға әсер етуші нормаларды екі топқа бөледі:

  1. әлеуметтік нормалар;

  2. техникалық нормалар.

Қоғамдық әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның пікір – күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез – құлқы, жүріс – тұрыстары ережелерінің жүйесі. Қоғам реттеусіз өмір сүре алмайды.
Әлеуметтік нормаларға мыналар жатады:

  1. құқықтық;

  2. моральдық;

  3. саяси;

  4. діни;

  5. эстетикалық;

  6. салт – дәстүр;

  7. корпоративті нормалар, яғни бұларды нормативті реттеушілер жүйесі деп те атаймыз.

Әлеуметтік нормалардың мынадай ерекшеліктері бар:
а) реттеу пәніне терең әлеуметтік – қоғамдық қатынастар жатады;
ә) «субъективті құрамы», тек әлеуметтік саланың өкілдері ретінде адамдармен байланысты.
Мораль – адамдардың мінез – құлқын қайырымдылық және зұлымдылық, әділеттілік және әділетсіздік тұрғысынан реттелетін нормалар мен принциптер жүйесі. Құқық жалпыға міндетті қоғамдық қатынасты реттеуші.
Құқық пен моральдың жалпылама ерекшіліктері:
а) әлеуметтік нормалар жүйесіндегі ең көп қоғамға таратылған жүйелер;
ә) олардың жалғыз реттеу объектісі – қоғамдық қатынастар;
б) олардың қоғамнан шығатындығы.
Құқық пен моральдың өздеріне тән айырмашылықтары да бар:

  1. пайда болу жағынан: мораль – қоғаммен бірге пайда болса, құқық – мемлекетпен бірге пайда болады;

  2. көрінісі жағынан: мораль – қоғамдық санада көрінсе, ал құқық жазбаша түрде арнаулы актілерде көрінеді;

  3. іс - әрекет саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттесе, ал құқық тәртіптілікті қажет ететін саланы реттейді;

  4. іс - әрекет ету уақыты бойынша: мораль нормалары ұғыну бойынша енгізілсе, ал құқық – нақты белгіленген мерзімде енгізіледі;

  5. қамтамасыз ету әдісі бойынша: мораль нормалары қоғамның әсерінен қамтамасыз етілсе, құқық нормалары мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі;

  6. құндылық өлшемі бойынша, мораль қоғамдық қатынастарды қайырымдылық және зұлымдық, әділеттілік және әділетсіздік тұрғысынан реттесе, ал құқық – заңды және заңсыз, құқықтық және құқықтық емес жағынан реттейді.

Діни нормалар деп әртүрлі дінге сенушілердің бекіткен және дін иелерінің міндетті түрде орындауына жататын ережелер. Олар Құранда, Суннада, Талмурда т.б. діни кітаптарда көрсетілген. Осы діни нормалары арқылы діни – салт дәстүрлерді өткізу тәртібі, шіркеу қызметінің тәртібі, діни ұйымдарды ұйымдастыру және оның қызметі, тәртібі анықталған. Бұл діни нормалар тұтас дәуірлер бойы заңды мәнге ие болып, саяси – мемлекеттік, азаматтық – құқықтық, отбасы – неке т.б. қатынастарды реттеген.
Қазіргі кезде көптеген мұсылман елдерінде Құран мен Сунна негізгі діни, құқықтық және моральдық қатынастырды реттеуде. Бұл діни нормалар мұсылмандардың өмірінің барлық жағынан қамтыйды. Діни бірлестіктер заңды тұлға статусына ие бола алады. Олар храмдар, сыйыну үйлерін, оқу орындарын аша алады.
Корпоративті нормаларға корпоративтік және коммерциялық ұйымдарының жарғыларындағы, ерікті қоғамдар, кәсіподақтар, партиялар құжаттары мен жарғыларындағы нормалар жатады. Құқық нормалары сияқты корпоративтік нормалар арнаулы актілерде көрсетіледі. Олардың айырмашылығы корпоративті нормалар ұйымдарға жататын мүшелердің ғана мүддесін қорғайды, ал құқық жалпыға тән. Корпоративті нормаларды бұзушыларға ұйымдар жарғысында көрсетілгендей шаралар қолданылады.
Техникалық нормалар дегеніміз адамдардың табиғи заттар мен еңбек құралдарына ұтымды түрде қарау ережелері.
Техникалық нормалардың сапалылығы ретінде құрылыс жұмыстарын орындау ережелерін, шикізатты пайдалану нормаларын, мемлекеттік стандарттарды, техникалық жағдайларды айтамыз.
Техникалық нормалардың мынадай ерекшеліктері бар:
а) реттеу пәні тек әлеуметтік тұрғыдан көрінеді;
ә) «субъективті» құрамы адамдармен ғана емес, сыртқы ортамен, табиғатпен, техникамен байланысты.
Әлеуметтік және техникалық нормалар бір–бірімен тығыз байланысты. Қоғам үшін техникалық нормалардың маңызы зор. Соған байланысты техникалық нормаларды мемлекет және құқық қолдап отырады. Бекітілген техникалық – заңды мінез-құлық ережелері жалпыға міндетті. Техникалық нормаларды бұзу заңды жауапкершілікке тартылумен аяқталады. Мысалы, өндірісте құрылыс жұмыстары қауіпсіздік ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілікгі қылмыстық заңмен қаралады.
Адамдардың бірлескен өмірлік қызметіндегі нормалар халықаралық келісімдерде (конвенцияларда); конституцияларда; әртүрлі партиялардың, ұйымдардың жарғыларында; кодекстерде; заңдарда; моральдық талаптарда; діни салттарда; мәдени дәстүрлерде;саяси міндеттемелерде көрсетілген. Осы нормалардың көмегімен адам өміріндегі барлық қатынастарды реттеп отырады. Әлеуметтік нормалар туылғаннан бастап, қайтыс болғанға дейінгі аралықта қызмет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет