Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы»



бет30/32
Дата08.02.2022
өлшемі301,16 Kb.
#119190
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»

Дәріс 28
1. Құқықбұзушылық құқыққа қарсы әрекет ретінде. Құқықбұзушылықтың құрамы (субьект, обьект, субьективтік жағы, обьективтік жағы).



Дәріс 28
1. Құқықбұзушылық құқыққа қарсы әрекет ретінде. Құқықбұзушылықтың құрамы (субьект, обьект, субьективтік жағы, обьективтік жағы).
2.Заңды жауапкершіліктің мәні және белгілері. Заңды жауапкершілікке тартудың негіздері.


Құқық бұзушылық дегеніміз – бұл қоғамға, мемлекеттке және жеке адамға зиян келтіретін, құқықтық нормаға қарсы, қоғамға қауіпті жеке тұлғаның кінәлі іс-әрекеті.
Құқықты бұзудың бірнеше түрлері бар:

  1. қылығы (әрекеті немесе әрекетсіздігі);

  2. құқыққа қарсы тәртібі;

  3. кінәлігі;

  4. зиянды нәтижесі;

  5. қылығы мен зиянды нәтижесінің себепті байланыстылығы;

  6. заңды жауаптылығы.

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқық бұзушылық қылмысқа және теріс қылыққа бөлінеді.
Қылмыс дегеніміз – бұл қоғамға белгілі дәрежеде зиян келтіретін, әлеуметті мүддеге қайшы келетін қылмыстық жауаптылық. Басқа құқықтық бұзушылық түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңда қаралған, талқылауға жатпайтын іс-әрекет.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекеленген жақтарына нұсқан келтіруші құқық бұзушылық. Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен әлеуметтік қауіпті болып саналады.
Теріс қылықты бірнеше түрлерге бөлеміз:
1. Азаматтық құқық бұзушылық – бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласындағы жасалған құқық бұзушылықтың түрі. Жасалынған теріс қылық арқылы ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға мүліктік залал келтіру, келісімдегі міндеттемені орындамау, азаматтың ар-намысына тиетін мәліметті жария ету т.б.
Құқықты қалпына келтіруші санкциялар арқылы келтірілген залалдың орны толтырылады, бұзылған құқықты қалпына келтіреді, орындалмаған міндеттемені орындатады, заңға қайшы келетін мәмлені өзгертеді т.б. жатады.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық – бұл қоғамдық тәртіптің заңмен бекітілген жақтарына зиян келтіру. Әсіресе, мемлекет органдарының атқару-бөлу саласындағы қызмет қатынастарының бұзылуы.
Әкімшілік құқықты бұзушылыққа айып, өндіріп алу, арнаулы құқығынан айыру белгіленеді. Мысалы, транспорт құралдарын басқару құқықығынан айыру т.б.
3. Тәртіптік құқық бұзушылық – бұл еңбек қатынастары саласында жасалған құқық бұзушылық өндірістің, ұйымның, мекеменің ішкі қызметін реттеуде бұзылған әлеуметтік – қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.Тәртіптік жаза – еңбек туралы заңда, әскери міндетті тұлғалар үшін – тәртіп туралы жарғыда, кейбір өндіріс, ұйымдар, мекемелердің лауазымды тұлғалары үшін – арнаулы ережелерде көрсетіледі.
4. Процессуалды – іс жүргізу барысындағы құқық бұзушылық дегеніміз – бұл әділеттілікті іске асыру барысында заң қимылдарына қарсы тұру (куәгердің сотқа келмеуі т.б.).
Құқық бұзушылықтың заңды құрамы – бұл заңды жауапқа тартылатын жеткілікті құқық бұзу белгілерінің жиынтығы.
Құқық бұзушылықтың заңды құрамына мыналар жатады:
1. Құқық бұзушылықтың субъектісі – бұл құқыққа қарсы қауіпті іс-әрекет жасаған тұлға немесе әлеуметтік ұйым.
2. Құқық бұзушылықтың объектісі – бұл озбырлық жасалған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Бұл құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Сонымен бірге, адам өмірі, ар-намысы, ден-саулығы т.б.
3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – бұл тұлғаның қылығына және оның зардаптарына субъективтік қатынасын білдіретін белгілердің жиынтығы.
Бұл жерде негізгі категориялар – күнә, мотиві және мақсаты.
Күнәнің екі түрі белгіленеді:

  1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық.

  2. Абайсыздық. Ол тұлғаның менмендігінен немесе немқұрайдылығынан пайда болады.

Тұлғаның менмендігі дегеніміз – бұл өзінің қылығының зардаптарын сезінбеуі.
Тұлғаның немқұрайдылығы дегеніміз – бұл өзінің әрекетінің зардаптарын түсіне отырып жасауы.
Мотиві дегеніміз – бір себептің құқық бұзушылыққа іштей ұйытқы болуы.
Мақсаты дегеніміз – бұл құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекетін іске асыруда көздеген нәтижесі.
4. Құқық бұзушылықтың объективтік жағы – құқықтың бұзылғандығын білдіретін сыртқы белгілерінің жиынтығы.
Оған жататындар:
а) теріс қылық;
б) құқыққа қарсы тұрушылық;
в) зардап шектіру;
г) залал келтіру;
д) теріс қылық пен келтірген залалдың арасындағы себепті байланыс.
Заңды жауапкершілік дегеніміз – бұл процессуалды - іс жүргізу тәртібімен белгіленген мемлекеттік күштеу арқылы қолданылатын заңдарда қарастырылған құқық бұзушылықты іске асырған тұлғаларға қарсы қолданылатын шаралар.
Бұл шаралар әртүрлі болуы мүмкін:
а) жеке мәніне байланысты (бас бостанбығынан айыру);
б) мүліктік мәніне байланысты (айып белгілеу);
в) ұйымдастыру мәніне байланысты (жұмыстан босату).
Заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар:
а) мемлекет бекіткен құқық нормаларында белгіленуі;
б) мемлекеттік мәжбүрлеу әдісіне сүйенуі;
в) арнаулы өкілеттілікке ие мемлекеттік органдардың қолдануы;
г) міндеттемелік жүктемесіне байланыстылығы;
д) жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық мәндегі қайшы зардаптардың болуы;
г) процессуалды – іс жүргізу түрінде іске асырылуы;
з) құқық бұзушылықты іске асырғаннан кейін пайда болуы.
Өкілеттілікке ие органның нақты құқық бұзушылыққа белгіленетін мәжбүрлеу шаралары – құқық нормаларында және құқық қолданушылық актілеріне сай іске асырылады. Құқық қолданушылық актілер әкімшілік бұйрығы, соттың шешімі немесе үкімі т.б. болуы мүмкін.
Заңды жауапкершіліктің принциптері:

  1. заңдылығы;

  2. әділеттілігі;

  3. жауаптылығы;

  4. мақсатқа сәйкестілігі;

  5. гуманизмділігі;

  6. негізділігі.

Заңды жауапкершіліктің заңдылық принципі – құқық қабілеттігі бар тұлғаның істеген қылығына ғана заңды түрде жауапкершіліктің белгіленуі.
Заңды жауапкершіліктің әділеттік принципі – жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына сәйкес келуі. Құқық бұзушының міндетті түрде жауаптылыққа тартылуы.
Жауаптылық принципі – бұл құқық бұзушылығы үшін заң алдында жауаптылығы.
Мақсатқа сәйкес принципі – бұл құқық бұзушыға қатысты шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуі.
Гуманистік принципі – адамның ар-намысына тиетін жазаның белгіленуіне жол берілмеуі.
Заңды жауаптылықтың негізділік принципі – болған істі объективті түрде зерттеу және соған сәйкес заңда көрсетілген жаза шараларын анықтау.
Заңды жауапкершіліктің түрлері:
1. Қылмыстық жауапкершілік тек жасаған қылмысы үшін ғана қолданылыды. Бірде-бір адам соттың үкімінсіз немесе заңға сай деп танылмаған жағдайда айыпты деп танылып немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес. Қылмыстық жазаның шаралары мемлекеттің қатаң мәжбүрлеу шаралары арқылы іске асырылады. Айыпкерді – бас бостандығынан айыру, өлім жазасы т.б.
2. Әкімшілік жауаптылық - әкімшілік теріс қылық жасалған жағдайда қолданылыды. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айып-пұл, қатаң сөгіс.
3. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін заңда немесе шартта көрсетілген зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізгі принципі – келтірілген залалдың орнының толық толтырылуы.
4. Тәртіптік жауапкершілік – еңбек, оқу, түрлі қызмет саласындағы әскери тәртіпті бұзған кезде қолданылады. Тәртіптік жауапкершілік шараларына – сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан босату т.б. жатады.
5. Материалдық жауапкершілік – өздерінің қызмет міндеттерін орындау кезіндегі өндіріс, мекеме, ұйым жұмысшыларының келтірген залалдарына сәйкес қолданылады.
Заңды жауапкершілік өз уақытында орындалуы тиіс.
Мемлекет қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Заңдылық құқықтық тәртіпті қалыптастырады, ал құқықтық жауапкершілік адамдардың әрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.
Заңды жауапкершіліктің қызметі:

  1. жазалау;

  2. бұзылған құқықты қалпына келтіру;

  3. азаматтық заңды сақтап, өзгелердің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Заңды жауапкершілікті және теріс қылықты білдіретін мән-жайлар:

  1. қабілетсіз, не болғанын білмеу - өзінің іс-әрекетіне тұлғаның жауап бере алмауы;

  2. қажетті қорғаныс – заң қорғайтын мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның мүддесіне қылмыскердің қол сұғуына, оған зиян келтіру арқылы қорғану, яғни қылмыскердің озбырлығына қарсы қолданылатын әрекет;

  3. мәжбүрлік қажеттілік – мемлекеттің, қоғамның, жеке тұлғаның мүддесіне төнген қауіптен зиян келтірмей бетін қайтаруға болмаса, егерде келтірілген зиян бетін қайтарған зияннан әлде қайда кем болса да жасалған әрекет;

  4. елеулі емес құқық бұзушылық – бұл қоғамға қауіптілігі онша емес әрекет;

  5. казус (кездейсоқ, талдап қорытуға жатпайтын) әрекет т.б.

Заңдылық – бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы. Заңдылықтың екі жағы бар:
а) мазмұндылығы – бұл құқықтық, әділеттік ғылыми негізделген заңдардың болуы;
б) оның формальдылығы – бұл заңдардың орындалуы.
Заңдылықтың субъектілері барлық қоғамдық қатынастарға қатысушылар болып табылады: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі заңды міндетті тұлғалардың мінез-құлқы, олардың санасы, еркі және іс-әрекеті.
Заңдылықтың қағидалары – бұл заңдылықтың мазмұнын білдіретін негізгі идеялардың бастамасы. Оған жататындар:

  1. заңның жоғарылығы – заңға барлық жеке құқықтық және басқа нормативтік актілердің бағынуын білдіреді;

  2. заңдылықтың біртұтастығы – нормативтік актілердің мемлекеттің барлық территориясында бірдей түсіндірілуі және бірдей қолдануын білдіреді;

  3. заңдылықтың мақсаттылығы – мемлекеттің құқық шығармашылық және құқық қолданушылық қызметін қоғамға қажетті мақсаттар мен міндеттерді іске асыруды қатаң заң шеңберінде пайдалануды білдіреді, яғни заңды және мақсаттылықты қарама-қайшылықты болдырмау немесе заңды мақсатқа сай деген сылтаумен айналып өтуге жол бермеу;

  4. заңның шынайылығы – барлық қызмет түрлерінде құқықтық жазбаларының нақты орындалуын білдіреді және құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын тартылатындығын білдіреді.

Заңдылықтың кепілдігі – бұл қоғам дамуының заңдылығына сай заңдардың және заң негізіндегі актілердің орындалуын, азаматтардың құқығын және қоғам мен мемлекеттің мүддесін ешбір қайшылықсыз орындалуын қамтамасыз ететін құралдар.
Заңдылық кепілдігінің бірнеше түрлері бар:
1) әлеуметтік-экономикалық кепілдік – бұл қоғамның экономикалық дамуы, оның әртүрлі меншік түріндегі жағдайының дәрежесі, экономикалық бостандығы т.б.
2) саяси кепілдігі – конституциялық құрылыстың, қоғамның саяси жүйесінің, саяси плюрализмнің, көп партиялық билікті бөлудің т.б. демократиялық даму дәрежесі;
3) ұйымдастырылу кепілдігі – бұл арнаулы органдардың қызметі, заңдарды және заң негізіндегі актілерді орындалуын бақылау, проқуратура, сот, полиция т.б. қызметін қолдану.
4) қоғамдық кепілдік – мемлекетте заңды бұзушылыққа қарсы мақсатында қолданылатын профилактикалық және басқа шаралардың жиынтығы.
5) идеологиялық кепілдік – бұл құқықтық сананың даму дәрежесі, азаматтардың арасында құқықтық білімнің таратылуы, заң талаптарын сыйлау, қоғамның адамгершілік тәрбиесінің даму сатысы.
6) арнаулы – заңдық кепілдік – бұл құқықтық талаптардың бұзылуын алдын-алу мақсатында қимылдағы заңда бекітілген әдістер мен құралдар.
Құқықтық тәртіп дегеніміз – бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, яғни субъектілердің мінез-құлқының құқықтылығы, қоғамдық қатынастарға заңның шынайы түрде енгізілуі, әлеуметтік байланыстарды реттеудің нәтижесі.
Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:

  1. құқық нормаларында көрсетілуі;

  2. көрсетілген нормаларды іске асыру нәтижесінде пайда болуы;

  3. мемлекеттің қамтамасыз етіуі;

  4. қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру үшін жағдай жасауы;

  5. заңдылықтың қорытындысы ретінде көріну.

Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз – қоғамдағы қатынастардың жүйе – салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілдіктері:
1. Материалдық кепілдік – егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе, өздері келісімге келіп, нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
2. Саяси кепілдік – қоғамның саяси тұрақтылығы. Заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың дұрыс, жақсы жұмыс жасауына ықпал етуі.
3. Моральдық кепілдік – қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса, заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
4. Заңды кепілдік – бұған мемлекеттігі заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының ролі, маңызы, әсері өте зор.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қарым-қатынасының көрінісі:
а) құқықтық тәртіп құқықтық реттеуді мақсат етіп қояды, сол мақсатқа жету үшін заңдар және нормативтік-құқықтық актілер қабылданады.
Заң шығармашылықты дамыту іске асырылады және заңдылықты бекіту шаралары қабылданады;
б) құқықтық тәртіпке жету үшін тек құқықтық реттеуді дамыту мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдердің қажеті шамалы;
в) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты;
г) заңдылықты бекіту құқықтық тәртіпті бекіту болып табылады.
Құқықтық тәртіп – бұл заңдылықтың толық, нақты орындалуы.
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңыздылығы мынада:

  1. қоғамдық өмірдің бір қалыпты, тұрақты, жақсы дамуы;

  2. мемлекеттік, қоғамдық т.б. ұйымдардың жақсы жұмыс істеуі;

  3. барлық адамдардың құқығын, бостандығын дамыту және ұйымдар мен ұжымдардың мүдде-мақсатының дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет