«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани – адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістік – образдық ойлаудың, көркемдік – технологиялық білімнің негізін қалыптастыру.
«Көркем еңбек» пәнінің міндеттері:
әр түрлі кіріктіру іс – әрекеттері арқылы, пәндік білімдерді, дағдыларды және қабілеттерді дамыту;
ұлттық және әлемдік көркем мәдениеті мен, өнер шығармаларымен таныстыру арқылы құндылық бағыттарын қалыптастыру;
оқушылардың визуалды және эстетикалық қабылдауын, сыни ойлауын дамытуға, терминдер мен түсініктерді меңгеріп өнердің түрлері мен жанрлары жайлы білімді қолдану;
бақылау, эксперимент жүргізу және көрсетілім жасау арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
әр түрлі материалдар мен құралдарды қолдану арқылы шығармашылық жұмысты жасау дағдыларын меңгеру;
коммуникацияның бір тілі ретінде ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын, сонымен қатар көркем еңбектің рөлін түсіну;
өз жұмысын жасау үшін, әр түрлі ақпарат түрлерін (іздеу, жинау, сұрыптау) бағдарлау қабілетін дамытуға ықпал жасайтын, әр түрлі танымдық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы міндеттерді өздігімен шешу тәжірибелерін қалыптастыру;
ұжымдық, топтық және жеке жұмыстарды орындау үдерісінде қолдың моторикасын, сенсорикалық, қиялдауы мен шығармашылығын елестетуін және қабылдауын дамыту;