Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет29/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
d9bd8556-da50-4609-b605-f67f95595c30 2
ОЙЫҚ - ЖАРАЛАР
Трофикалық ойык - жаралар өліеттенудің бір түрі , олар регенерация үрдістері әлсіз болуы немесе тіпті болмауының нәтижесінде дамыған, тері мен шырышты қабықтардың кемістігі болып табылады. Ойык - жаралар полиэтиологиялық дерттердің қатарына жатады және өліеттенген тіндердің (тері мен шырышты қабықтардың ) ажырауының салдарынан дамиды . Оның себептері мынадай болады :
1. Қан және лимфа айналымының созылмалы бұзылыстары — артерия лық қан айналымының бұзылуы (эмболиялар, тромбоздар); веналық қан айналымының бұзылуы (веналардың варикозды ауруы, тромбофлебиттер лимфа айналымының бұзылуы ( пілаяқтық , лимфостаз, ісіну) .
2. Тамыр қабырғасының өзгерістері – атеросклероз , облитерациялық эндартериит , Рейно ауруы және т.б.
3. Жарақаттық зақымдар — механикалық , термиялық , электрлік , химия лық , сәулелік және т.б.
4. Инфекциялар – іріңді инфекция (кәдімгі ойық - жаралар) ; ерекше хирур гиялық инфекция ( мерезді , туберкулезді , алапесті , актиномикозды және т.б. ойық - жаралар ) .
5. Зат алмасу бұзылыстары - қант диабеті , авитаминоз , анемия , қан аурулары.
6. Нерв жүйесінің аурулары - арқаның семуі , сирингомелия , нерв талшық тарының зақымдалуы т.б.
7. Қатерлі ісіктердің ойықтануы – ыдырау сатысы . Себебінің көптігіне қарамастан , барлық трофикалық ойық - жаралардың жалпы себебі тіндердің қоректенуінің бұзылуы және олардың ыдырауы өліеттену ) болып табылады . Трофикалық бұзылыстар жергілікті ( тамыр жетіспеушілігі , жарақаттың әсері , ісіктің ыдырауы ) және жалпы ( зат алмасу аурулары ) болып сипатталады . Вазотрофикалық ойық - жаралардың себебіне қан немесе лимфаның ағып келуінің, не болмаса ағып кетуінің бұзылыстары жатады. Үлкен жарақаттардан кейін, тыртықты тіндер түзіледі, нәтижесінде қан айналымы нашарлайды және тіндердің трофикасы бұзылады , осының салдарынан ойық - жаралар дамуы мүмкін . Мұндай жаралар тыртықты трофикалық ойық - жаралар деп аталады . Ағзаның иннервациясы бұзылғанда нейротрофикалық ойық - жаралар пайда болады . Хирургиялық тәжірибеде , көбінесе аяқ - қолдардың қан айналымының бұзылыстарынан дамитын трофикалық ойық - жаралар кездеседі . Науқасты зерттеген кезде трофикалық ойық - жараның қандай себептен дамығандығын анықтау қажет , өйткені ауруды емдеу тәсілін таңдауда оның маңызы өте зор болады . Ойық - жараны қарау кезінде оның көлемін , пішінін , шеттерінің ерекшеліктері мен тереңдігін байқайды . Жараның шеті біртегіс немесе кедір бұдырлы , қопарылған ( қазылған ) , тығыз болады және тері бетінен шығып тұруы мүмкін. Түбі өліеттенген тінмен , фибринмен және грануляциямен қапталады. Трофикалық ойық - жаралар аурудың түріне байланысты өзіне тән клиникалық ерекшеліктерімен сипатталады . Атеросклерозды ойық - жаралар қарт адамдарда дамиды . Олар сирақтың төменгі бөлігінде , табанда орналасады , дөңгелек пішінді және кіші көлемді болады . Грануляциялар әлсіз , бозғылт , ойық - жараның шеттері тығыз , тегіс емес және созылмалы артериялық жетіспеушілік белгілері айқын байқалады . Варикозды - трофикалық ойық - жаралар көбінесе сирақтың ішкі толар сақ аймағында орналасады , көлемі үлкен , терең , айналасындағы тіндер склерозданған, тығыз болады, теріде қара дақтар түзіледі. Тромбофлебиттен кейінгі ойық - жаралар көп жағдайда сирақтың ішкі толарсак аймағында орналасады, олардың көлемі кіші немесе өте үлкен (алып) болуы мүмкін. Соңғылары сирақтың төменгі бөлігін айналдыра қамтиды. Ойык - жаралар көбінесе беткей, шеттері жалпак тегістелген болады, Сирақтың төменгі бөлігінің терісі, әсіресе ойық - жараның айналасында ісінеді, тығыздалады, катты склерозданады (индуративті целлюлит). Сәулелік ойық - жаралар терең , домалақ пішінді , шеттері үзілді - кесілді болады , кейде бұлшықет пен сүйекке дейін жетеді . Ойык - жараның айналасында склерозға ұшыраған тері асты шелмайы мен семіген тері анықталады . Ұзақ уақыт бойы сақталған, шеттері тығыз, мүйізделген трофикалық ойық - жаралардан – каллезді ойық - жаралар – міндетті түрде шеттерінен және түбінен биопсияға бірнеше тін үзінділерін кесіп алу керек . Бұл ойык - жараның қатерлі іскке ауысуын анықтауға немесе оның себебін білуге ( туберкулез , мерез және т.б.) мүмкіндік береді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет