Біліктілігі: 0302033 Курс: 3 Семестр


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин



бет6/13
Дата26.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#29144
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 10,8 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 27 мин (15%)

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 54 мин (30%)

  • ТУИ, амебиаз, иерсиниоз этиологияларын, инфекция көздерін

  • Берілу механизмдерін

  • Патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

  • Эпид.ерекшеліктерін

Ақпараттық-дидактикалық блок

Тағамдық токсикалық улану – бұл ағзадан тыс энтеротоксин өндіруге қабілетті, шартты- патогенді немесе патогенді бактериалар мен экзогенді немесе эндогенді зақымдалған азық-түліктерді тамақ ретінде пайдалану нәтижесінде пайда болатын жедел ішек инфекциялар тобы.



Этиологиясы. Тағамдық токсикалық уланудың этиологиясының факторларына мына бактериалар жатады: Bacillus, Citrobacter, Clostridium, Enterobacter, Escherichia coli, Kliebsiella, Promius, Shigella, Salmonella, Serratia, Streptococcus және басқалары. Қазіргі кезде тағамдық токсикалық улануды шақыратын бактерияның 30 түрі анықталған, олардың кейбіреулері адамның ішегінде өмір сүреді. Тағамдық токсикалық уланудың қоздырғыштары әртүрлі әулетке жатқанымен, олардың энтеротоксин бөлу қабілеттілігі бірдей. Бұл бактериалар сыртқы ортаға төзімді, бүкіл жерге таралуға ие. Олар тағамдық өнімдердің қолдану және сақтау ережелері бұзылған кезде, тез көбейіп және жиналып қалатын энтеротоксиндер бөлуге қабілетті. Тағамдық токсикалық улану қоздырғыштарының табиғи қоры адам сияқты жануарларда да болуы мүмкін.

Эпидемиологиясы. Тағамдық токсикалық улану қоздырғыштарының табиғи резервуары және көзі болып адамдармен қатар жануарлар да болуы мүмкін. Сондықтан бұл инфекциялар зооантропоноздар тобына жатады. Қоздырғыштың берілу жолы болып ластанған тағамдық заттар болады, олар экзогенді және эндогенді жолмен беріледі. Тағамдық жолмен берілетін улану көбінесе фекалды оралды механизм арқылы болады. Тағаммен зақымдалу жолының типтілігі аурудың дамуы үшін қоздырғыштың жоғары инфицирлеуші дозасының керектігімен, шамамен 107-108 микробтық жасушалар түсіндіріледі. Ағзаға соншалықты жоғары инфицирлеуші дозаның түсуі, тағамдық токсикалық улану қоздырғыштары үшін қоректік орта тағамдық заттарды пайдалану кезінде ғана болуы мүмкін. Сонымен қатар тағамдық заттарда, тағамдық токсикалық улану қоздырғыштары мен олардың токсиндері жиналғанда тағамның дәмдік және органолептикалық қасиеті өзгермейді. Жиі адамдардың залалдануы мынадай тағамдарды пайдаланғанда болады: ет-сүт, балық тағамдары, салаттар, соустар, тәтті тағамдар т.б. Ерекше қауіпке алдын ала қолдану алдында біріншілік немесе қосымша термиялық өңдеуден өтпеген тағамдар ие. Инфицирлену қандай жағдайда болғанына байланысты (тәуелді) кездейсоқ немесе топтық ауруға ұшырау жағдайлары анықталады. Бұл жағдайлар жылдың жылы мезгілдерінде тіркеледі.

Патогенезі. Тағамдық токсикалық уланудың даму механизмі салмонеллездің даму механизмімен ұқсас болып келеді. Қоздырғыштар және оның токсиндері асқазан-ішек трактісі арқылы түсе отырып ащы ішектің кілегей қабатының қабынуына алып келеді. Нәтижесінде улану мен гастроэнтериттің дамуына ықпал жасайды. Тағамдық токсикалық улануды шақырған бактериялардың ішкі диссеминациясы болмайды (жүрмейді), сондықтан да қабыну үдерісінің дамуы ащы ішектің кілегейлі қабатымен шектеледі.

Клиникалық көрінісі. Тағамдық токсикалық улану кезінде жасырын кезең ұзаққа созылмайды. Типтік жағдайларда оның ұзақтығы бірнеше сағаттан тәулікке дейін болады, кейбір жағдайларда ғана жасырын кезең 30 минутқа дейін қысқарып (стафилакоктық токсикоинфекция кезінде) немесе ұзаруы (24 сағ жоғары) мүмкін.

Тағамдық токсикалық уланудың клиникалық көрінісі этиологиясына қарамастан бірдей болады, ауру бірден басталып, интоксикация, гастроэнтерит және сусыздану белгілері пайда болады, әлсіздік, іш аймағында қолайсыз сезім болады ол кейде бүріп ұстамалы ауырсыну сезіміне ауысады. Осы симптомдармен бірге бір уақытта жүрек айну, қайталама құсу, сұйық нәжіс (10-15 рет күніне) болады. Нәжістің иісі жағымсыз, түр-түсі кілегей қан аралас болып келеді. Интоксикация қалтыраумен, дене қызуы 39 0С көтерілуімен, бастың ауыруымен көрінеді. Тағамдық токсикалық уланудың жедел түрі 12-36 сағ-қа созылады, кей кезде бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Объективті зерттеу кезінде науқастарда тері жамылғысының бозаруы, акроцианоз, тахикардия, АҚҚ-ның төмендеуі болады. Науқастарда сусыздану белгілері болғанда, анурия, коллапс, шок дамуы мүмкін.

Көбінесе жас балаларда және қарттарда түрлі асқынулар дамиды. Гиповолемиялық, инфекциялы-токсикалық шок, шажырқай тамырының тромбозы, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, сепсис дамуы мүмкін.

Тағамдық токсикалық уланудың этиологиялық мақсатында бактериологиялық зерттеу мынадай заттар арқылы жүргізіледі: құсық массасы, асқазанның жуылған суы, нәжіс және тамақтың қалдықтары.

Ауруханаға жатқызу, күтімі, емі, алдын алуы - Сальмонеллезге қара.

Ақпараттық-дидактикалық блок

Иерсиниоз – интоксикация симтомымен, асқазан-ішек жолдарының, бауырдың, буындардың, басқа да ағзалар мен жүйелердің зақымдауымен сипатталатын, иерсиния энтероклитикамен залалдаумен байланысты жедел инфекциялық ауру. Ішек иерсиниоздары барлық жерде тіркеледі, ауру ары қарай өсу тенденциясына ие, яғни оның спорадиялық сияқты жайылу сипатына ие. Дамыған елдерде аурудың өсуі табиғаттағы экономикалық тепе-теңдіктің бұзылуымен, кеміргіштерің санының жоғарылауымен, урбанизацияның жылдамдауымен, тағамдық азық-түліктерді санитарлық-гигиеналық сақтау ережелерінің бұзылуымен, қалаларда қоғамдық тамақтану бөліктерінің өсуімен байланысты.



Амебиаз – протозойлық ауру. Қоздырғышы E.histolytica. Аурудың негiзгi сипаты тоқ iшектiң ойықжара некроздық зақымдалуы, кейде терi мен генитамиялар зақым жүредi. Клиникалық белгiлерi полиморфты. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелердің алдына қойған мақсаты – балалардың өлімін азайту. Ол балалардың жұқпалы ауруларымен күрестің шаралар системасымен тығыз байланысты. Балалардағы жұқпалы аурулар бойынша өлімі жоғары болып тұр. Солардың ішінде жедел ішек инфекциялары бірінші орындардың біреуін алып тұр. Жыл сайын осы инфекциялардың 5 пайызы летальды болып аяқталады, әсіресе ерте жастағы балаларда. Сондықтан студенттердің балалардағы жұқпалы аурулар бойынша дайындықтың педиатрлардың профессионалдық деңгейінің көтерілуінің маңызды болып саналады.
Ботулизм - өте ауыр инфекциялық ауру. Ол Cl. Botulinumнің токсиндері жайылған және қоздырғыш микробтың өзі бар тамақты қолдану салдарынан пайда болады. Ботулизм организмді уыттандырып, көбінесе орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің басым зақымдалуымен сипатталады.

Этиологиясы. Ботулизм клостридиясы - анаэробты, жақсы қимылдайтын, спора түзетін таяқша. Оның ерекшелігі - ғылыми белгілі токсиндердің ішінде ең күшті нейротоксин түзетін қасиеті бар. Қоздырғыштың бірнеше түрлері бар: А,В,С,Д,Е,F,G. Адамдар үшін ең күшті патогенді токсиндер болып А,В,С түрлері саналады. Токсиннің әр түрге бөлінуі жасушада түзілетін токсиндердің антигендік құрылымының ерекшелігімен байланысты. Ботулизмнің қоздырғышы табиғатта кең тараған.оның тұрақты өсуі жерде (топырақта) болады, су, көкөніс, жеміс, тамақ арқылы адам мен жануарлардың, құстар мен балықтардың ішегіне түседі. Аталған объектілерде қоздырғыш химиялық және физикалық факторлардың әсеріне тұрақты спор түзеді. Ботулизм қоздырғышының вегетативтік түрі суға қайнатқанда 2-5 минуттың ішінде өледі. Кейбір штаммалардың спора түзетін түрлері, әсіресе А,В,С,F ыстыққа төзімділігі өте жоғары. Олар 1,5 сағат қайнатқанда өлмей, тек автоклавта ғана өледі. Ботулин токсині 70-80С-та жартылай ыдырайды. Ал қайнатқанда 5-15 минуттың ішінде толық ыдырайды.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - анаэробты жағдайда сақталынып, бактериямен залалданған тағамдар, әсіресе қауіпті үйде консервіленетін (қозқұйрық, жеміс, жидек) тағамдар және ет өнімдері (колбаса, сүрленген ет, тұздалған балық т.б.). Жұғу механизміне байланысты аурудың 3 түрі бар: 1) тамақтан болатын ботулизм, 2) жарақат ботулизмі, 3) емшектегі балалар ботулизмі.

Патогенезі. Тағам арқылы түскен ботулотоксинді асқазан ішек жолында асқазан сөлі және басқа ферменттер ыдыратпайды, ол тез арада ішектің шырышты қабаты арқылы қанға сіңіп жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерін зақымдайды. Механизімінің негізінде ботулотоксин жүйке-бұлшықет түйіспелерін (синапстарын) зақымдап, қозудың жүйкеден бұлшық етке өтуін бұзады. Нәтижесінде ауруларда салдану пайда болады.

Клиникалық көрінісі. Жасырын кезең орташа 4-6 сағат, сирек кезде 2-5 және 7 күнге дейін созылады. Ауру гастроэнтериттік кезеңмен басталады: толғақ тәріздес іш ауруы, құсу, іш өту (жиілігі 5 рет) байқалады. Гастроэнтериттік кезең бірден неврологиялық кезеңмен алмасады.

Бөлек мүшелермен жүйелердің зақымдалуына байланысты ботулизмнің ағымын шартты түрде мынадай нұсқауларға бөлуге болады:

1. диспепсиялық бұзылу - ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, метеоризм, іштің қатуы, қатты, кейіннен сұйық тағамның жұта алмауы. 2. көздің көру қабілетінің бұзылуы - көздің қарауытуы, көз алдында тордың, тұманның пайда болуы, әдеттегі жазуды оқи алмауы, заттың екеу болып көрінуі кейіннен птоз (қабақтың жабылуы), анизокория (көз қарашығы көлемінің әртүрлілігі), мидриаз (көз қарашығының айқын кеңеюі және тұрақты болады), ішке қарай қылыйлану.

3. тыныс алудың бұзылуы - ауаның жетіспеушілігі, кеуденің қысылуы, үстірт демалу, дауыс өзгерістері (қырылдап мұрыннан сөйлейді).

Ауру тыныс алудың бұзылуымен басталса, көбінесе өлімге әкелуі мүмкін.

Аурудын клиникалык белгілері мен лабораториялық зерттеу нәтижесі арқылы диагноз қойылады. Науқастың қанында орташа лейкоцитоз, нейтрофилез және аурудың ауыр түрінде нейтрофилдердің жас түрлері анықталады.

Лабораториялық зерттеу кезінде аурудан алынған материалдардан (қаны, құсығы, аурудың ішін жуған судан) және қолданған тағамнан ботулотоксин табуға негізделген. Ботулизммен ауырған науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.

Күтім ерекшеліктері. Ботулизм аурулары ерекше күтім мен байқауды талап етеді. Аурулар бұлшықет әлсіздігі мен неврологиялық бұзылыстарға байланысты өзін-өзі күте алмайды, сондықтан бөгде адамдардың көмегін қажет етеді. Алғашқыда бірнеше күндер бойы ауру қатаң төсек тәртібін ұстану керек. Зақымдалған жүйке қызметінің қалпына келуі бірнеше айға созылады.

Мейірбике аурудың тыныс алуын қадағалайды, егер жедел тыныс алу жетіспеушілігінің алғашқы белгілері пайда болса, ауруды тез арада жасанды өкпе желдендіруіне өткізу қажет.

Ботулизм ауруларында жұтқыншақ және көмекей бұлшықеттерінің салдануына байланысты олар өздігінен тамақтана алмайды. Егер аурулар сұйық тағамдарды жұта алмаса, оларды қан тамыр арқылы тамақтандыру керек. Жұтыну қызметі сақталынса да, тамақтандыру кезінде сақ болу қажет. Өйткені тағамның бөліктері тыныс алу жолдарына өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда аспирациялық пневмонияға әкелуі ықтимал.

Емі. Ботулинге қарсы антитоксиндік сарысу енгізеді. Ауру тудырған токсиннің түрі белгісіз болған жағдайда сарысудың барлық төрт түрін де егу қажет. Токсиннің түрі анықталғаннан кейін өзіне сәйкес сарысуды қолданады. Алғашқы рет бір емдік мөлшерді егеді. Ол үшін 10 мың ХБ (Халықаралық бірлік) сарысуының А түрін, 5 мың ХБ В түрін, 10 мың ХБ Е түрін егеді.

Алдын алу. Халық арасында санитарлық ағарту жұмысын өткізу керек (консервіленген тағамдардың дұрыс дайындау және сақтау ережелерін ұстану).

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 63 мин (35%)


  • Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру

11. Жаңа тақырыпты бекіту – 18 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 3,6 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру – 3,6 мин (2%)
8 сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Ботулизм. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру.

2.Сағат саны: 4 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: ботулизм этиологияларын, эпидемиологияларын, патогенездерін, клиникаларын, емдеу шараларын, алдын алуын, берілу механизмдерін үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандықтарының қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. Инфекционные болезни. Учебник для медучилищ. Антонов ТВ. - СПб.,

Специ­алист, 2000.

2. Сестринское дело при инфекционных болезнях с курсом ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Антонов ТВ., Антонов М.М., Барановская В.Б., Лиознов Д.А. -М., 2011.-300 с.

3. Инфекционные болезни с сестринским уходом. Муратбекова С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н. - Кокшетау, 2010.

Қосымша (Қ)

1. Атлас инфекционных заболеваний. Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд

Х.А.К. / пер. с англ. под ред. В.В. Малеева, Д.В. Усенко. - М., 2010. - 480 с.

2. Муратбекова С.К., Сергалиева Н.С. «Жұқпалы аурулардағы мейірбикелік

күтім». – Көкшетау, 2009.

3. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»



Рубашкина Л.А. - Ростов-на-Дону, Феникс, 2002.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет