Жан Батист Ламарктың ботаникалық еңбектерi систематика принциптерiне түпкiлiктi
реформа жасауға үлкен қадам болды. Ол өзiнiң «Францияның флорасы» (1778) еңбегiнде К. Линней,
Б. Жюссье және тағы басқалардың өсiмдiк әлемiнiң жүйелерiн сынай қарастырып, дихотомды
принциптерiне негiзделген анықтауыш кестелердi ұсынды. Ол өсiмдiктер дүниесiн 6 класқа және 94
туысқа бөлiп табиғи жүйеге жақындады (Өсiмдiктер класы 1786). Ламарктың негiзгi еңбегi оның
эволюциялық позицияларын сипаттайтын барлық формаларды қарапайымнан күрделiге дейiн
орналастыру болды.
Ол өсiмдiктер дүниесiнiң негiзiне саңырауқұлақтарды, балдырларды, мүктердi, ал оның
шыңына – көпжапырақты гүлдi өсiмдiктердi орналастырды. Сол себептен, Ламарк эволюциялық
мағынада өсiмдiктердiң түрлi топтарының арасындағы байланыстарына мағына берiп, өзiнiң
бастапқы түрлерiнен әлдеқайда алға басты.
XIX ғасырдың екiншi жартысы систематиканың қарқынды дамуымен ерекшелендi. Бұл
кезеңнiң басты ерекшелiгi, филогенетикалық әдiс және табиғи жүйенi органикалық дүниенiң шежiре
ағашы түрiнде құрастырудың мүмкiншiлiгiнде болды. Организмдер байланысын тарамдалған
схемалар көмегiмен сипаттау әдiстерi ертеректе-ақ қолданған едi, мысалы ең қарапайым түрде болса
да П.С.Паллас, Ж.Б.Ламарк, Э.И.Эйхвальд, Ч.Дарвин систематиканың дамуына үлкен үлес қосты, ол
жануарлардың
туыстығын
анықтау
үшiн
салыстырмалы-анатомиялық,
эмбриологиялық,
палеонтологиялық көрсеткiштер мәнiн және параллелизм ұғымын енгiздi. Э.Геккель үштiк
параллелизм әдiсiне сүйене отырып табиғи сұрыптауды шежiре ағашы түрiнде құрастырудың
мүмкiншiлiгiн ұсынды. Ол бiрiншi болып органикалық дүниенiң «жинақталған филогенетикалық
ағашын» жасады. Филогенетикалық зерттеудiн мақсатын Э.Геккель, формалар арасындағы туыстық
байланыстарды бақылауда және органикалық шежiре ағашын жасауда көрдi. Сол себептен ол
эволюцияның жалпы бейнесiн жаңадан жасауға тырысты. Бiр түрге жататын формалардың туыстығын
Э. Геккель «құрылысы жағынан» емес, ортақ ата-тектен шығуы жағынан қарастырған. Ол
органикалық дүниенi үш дүниеге бөлдi – протисттер, жануарлар және өсiмдiктер. Жануарларды
классификациялауда Э. Геккель 7 типке бөлiп шығарды (қазiргi уақытта зоологтар жануарлардың 23
және одан да көп типтерiн қарастырады). XIX ғасырдың аяғында филогенетикалық бағыттың
прогресiне байланысты жануарлар систематикасында, генетикалық белгiлерде немесе топтардың
шығу тегiне және олардың туыстығында негiзделген жануарлардың табиғи классификациясын құруға
алғы шарт жасалды. Жануарларды классификациялаудың негiзiне көптеген белгiлер қойылды:
ауыздың түзiлуi, ұрық жапырақшаларының түзiлуi, дененiң екiншi қуысының қалыптасуы, дененiң
негiзгi осi мен гаструла осiнiң қатынасы, организмнiң симметриялығы. XX ғасыр ең iрi таксондар
деңгейiнде (мегасистематика) және дүниелердi классификациялау негiзiнде тiрi организмдердiң
табиғи жүйелерiн құрастыру мен систематиканың гүлдену уақыты болып табылады. Бұл кезеңде түрлi
биологиялық ғылымдардың жетiстiктерi түрлi таксондар деңгейiнде систематиканы жетiлдiруге
мүмкiндiк беретiн көптеген белгiлердi есептеуге негiз болады.
Достарыңызбен бөлісу: