1)
ағаштар, бұталар, жартылай бұталар;
2)
баданалы өсiмдiктер;
3)
хош иiстi өсiмдiктер;
4)
иiссiз өсiмдiктер;
5)
улы өсiмдiктер ;
Қырықжапырақтар, астық тұқымдастар, шатыршагүлдiлер және т.б. Жасанды жүйенiң
басқа мысалын XVI ғасырда итальян ғалымы Андреа Чезальтино ұсынды. Ол классификацияның
негiзiне дәндердiң, жемiстердiң және олардың қабықтарының құрылымын алды. Ол бiрқатар белгiлер
бойынша араларында айқын айырмашылықтары бар қос жарнақты және дара жарнақты өсiмдiктердi
де араластырған.
К.Линней де өсiмдiктердi бiргейлiк белгiлер (гүл аналығы мен аталығы) негiзiнде
классификациялаған. «Өсiмдiктер түрлерi» (1761) шығармасында 1260 туыс пен 7540 түр
сипатталған, соның iшiнде әр түрлерi жеке ерекшеленген.
Биосфераның жағдайлары азды – көпті біркелкі, яғни тіршілік
жағдайы біртектес ортада
тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін биоценоз деп атайды. Биоценоз әруақытта белгілі
бір территорияда дамып, оның өзіне тән топырағы, микроклиматы т. б. қасиеттері болады, оны биотоп
деп атайды. Биотоп – белгілі бір организмдер тіршілік ететін біркелкі орта. Мысалы: тропик орманы,
шөл құмы, тұщы сулы суат, теңіздің, көлдің түбі, батпақ, шөл, тоғай т. б.
Биоценоз биотоппен қосылып биогеоценозды немесе фацияны құрайды.
Биогеоценоз (био..., гео... және грекше
koіnos
— жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас,
белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.
Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте
биогеоценозды
экологиялық жүйе
деп те атайды.
Дарабастың заталмасу және энергия қабылдаупроцестері биогеоценоз популяциялары
арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі
организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты ағзалар болып бөлінеді.
Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат
эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі.
Биогеоценозды және онда өтіп жатқан процестерді сипаттайтын көрсеткіштер:
- түрдің алуан түрлілігі (осы биогеоценозды құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың түрлерінің
саны);
- популяция тығыздығы (бір түрдің аудан немесе көлем бірлігіне келетін дара бастар саны);
- биомасса.
Биогеоценоз 2-ге бөлінеді.
Табиғи биогеоценоз (тоған, орман, т.б.) — табиғи сұрыпталу нәтижесінде қалыптасатын
өздігінен реттелетін күрделі де тұрақты биологиялық жүйе.
Жасанды биогеоценоз — түрлі агрономиялық әдістерді
қолдану нәтижесінде алынған
агроценоздар. Бұған қолдан жасалатын шалғындықтар, егістіктер мен жайылымдар, қолдан
отырғызылатын ормандар жатады.
В.Н.Сукачевтің анықтамасы бойынша биогеоценоз - атмосферасы, гидросферасы, су режимі,
геологиялық құрылысы және топырағы біркелкі жердегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Осы
айтылған компоненттер бірімен – бірі тығыз байланыста болады әрі тұтас кешенді құрайды.
Фация
- қарапайым, тіпті бөлінбейтін кешен, оның өзінің кеңістігінде бірдей литологиясы,
біркелкі рельефті болады да, бірдей мөлшерде жылылық пен ылғалдылық (яғни біркелі
гидротермиялық жағдайда болады) алады. Мұндай жағдайда фацияға
біркелкі микроклимат тән
болады да, соның нәтижесінде топырақтың бір ғана түрі қалыптасады, әрі биогеоценоздың бір ғана
түрі орналасады.
Сонымен биогеоценоз бен фацияның анықтамасын салыстырған кезде бұл түсініктердің
арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екенін көруге болады. Сөйтіп биоценоз биотоппен
қосылып фацияны немесе биогеоценозды құрайды (фация – географиялық, биогеоценоз –
биологиялық түсінік ). Биогеоценозға мыналарды мысал етіп алуға болады – топырағы сазды, тегіс
жасыл мүк басып жатқан шыршалы орман, Қазақстанның құрғақ
далалы зонасын алып жататын
саздақ және құмдақ қоңыр топырақтарда кездесетін бетегелі дала, альпілік биік белдеуде, тау
беткейлерінде кездесетін тастық қорымдар (қорымдар – таулардың етегі мен беткейлерінде тау
жыныстарының үгілуінен және бұзылуынан пайда болатын кесек тастар жиынтығы ) т. б.
1935 жылы Американың эколог – геоботаник ғалымы Тенсли белгілі бір жердегі тірі
организмдер мен өлі табиғаттың қарым – қатынасының жиынтығы
экосистема деген атауды
ұсынады. Экосистемаға мысал ретінде көлді алуға болады. Экосистема биогеоценозға қарағанда
әлдеқайда ірі , көлемі де шексіз түсінік болып табылады (көлді аумағы да , минералдануы да , тереңдігі
де әр түрлі болуы мүмкін т.б.).
Ұқсас биогеоценоздар бір – бірімен тығыз байланыста дамып , қоршап тұрған айналадан
бөлінетін өзіне тән табиғи сипаты бар ерекше аумақ құрайды. Биогеоценоздар ( фациялар) және
аумақтар ландшафтың морфологиялық бөлігі болып саналады. Өзіндік топырағы , атмосферасы бар
белгілі бір биогеоценозбен жабылып жатқан және бір ғана тау жыныстарынан қалыптасқан рельефтің
белгілі бір элементін ландшафт деп атайды.
С.В.Колесниктің анықтамасы бойынша ландшафт жердің географиялық қабығының
бірсыпыра кеңістігінде адамның іс – әрекетінің және органикалық дүниенің,
сулардың, топырақ,
климат, геологиялық құрылысының қайталануындағы рельефтің үйлесімділігінің диалектикалық
тұтастығы болып табылады.
Геохимия тұрғысынан қарағанда ландшафт - күн энергиясының әсерінен литосферадағы,
гидросферадағы, атмосфералық химиялық элементтер тасымалданатын жер бетінің бөлігі. Ландшафт
аумақтардан тұрады, ал күрделі және қарапайым аумақтар биогеоценоздардан немесе фациялардан
құралады.
Организмдер мен биогеоценоздардың жер бетінде таралуы орта жағдаймен анықталады. Орта
дегеніміз – организмдер мен биогеоценозды қоршап тұрған сыртқы жағдайлар. Организмдердің
өсуіне, дамуына, ұрпақ қалдыруына тікелей әсер етуші ортаның әсерлерінің жиынтығын экологиялық
факторлар дейді (гректің «ойкос» - үй). Бұл терминді (атауды) алғаш рет 1869 жылы неміс ғалымы
Э.Геккель ұсынған болатын. Организмнің тіршілік етуі және өсуі үшін
қажетті факторлардың
жиынтығын тіршіліктік жағдайлар деп атайды (оттегі аэробты организмдер үшін тіршіліктік жағдай).
Әр түрлі организмдерде тіршілік ету жағдайлары түрліше, ол тіпті бір организмнің әртүрлі даму
стадиясында түрліше болады (масалар мен шіркейлер ауада тіршілік етсе, олардың личинкалары суда
тіршілік етеді).
Экологиялық факторлар әрбір организмге үш түрлі әсер етеді: факторлар әсерінің минимальды
нүктесі (минимум) – бұл кезде экологиялық факторлардың әсері төмендейді де организмнің тіршілік
процесі тоқталады; максимальды нүктеде (максимум) факторлар әсері шамадан тыс жоғарылайды да
организмнің тіршілік процесіне керісінше әсер етіп, оның тоқталуына себепші болады.
№ 4 ДӘРІС. ТАҚЫРЫБЫ: БИОСФЕРА ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТА
Достарыңызбен бөлісу: