2.
Шығыс Азия (Жапония-Қытай) облысы.
Бұл облыс флорасы бай және ерекше.
Мұнда 14 эндемиктік тұқымдас пен 300-ден астам эндемитік түрдің болуы облыс
флорасының ерекшелігін атап көрсетеді. Эндемиктік тұқымдастардан ежелгі гинктер
(Ginkgoacea) тұқымдасын атап айтуға болады. Эндемиктік түрлерден арамия
тұқымдасынан бірнеше түрлерді, ырғай тұқымдасынан бірнеше түрді, бамбук түрлері және
трахикарпус
пальмасы
және
басқаларын
да
атап
көрсетуге
болады.
Қылқанжапырақтылардың да көптеген түрлері тән, мысалы, криптомерия және
метасеквойя. Флораның дамуы ұзақ уақыт геологиялық барысында үзілмеді.
Шығыс Азия облысының қазіргі флорасы Солтүстік жарты шардың қоңыржай флорасының
даму тарихын зерттеу және гүлді өсімдіктердің эволюциясы мәселелерінің шешімін табуда
үлкен қызығушылық тудырады. Бұл облыс жоғары сатылы өсімдіктердің дамуының басты
орталықтарының, әсіресе, жалаңаштұқымдылар мен гүлді өсімдіктер сонымен қатар ежелгі
түрлердің сақталуы орталықтарының бірі, «тірі қазындылардың» алып баспанасы болып
табылады.
3.
Атлантикалық-Солтүстік
Америкалық
облыс.
Атлантикалық
–Солтүстік
Америкалық облыс флорасы өте бай және эндемизмнің едәуір жоғарылығымен
сипатталады. Мұнда 2 эндемиктік тұқымдас көкнәр, раушангүлді және шыршагүлділер
тұқымдасынан шамамен 100 эндемиктік түрі бар. Түр эндемизмі өте жоғары. Бұл облыста
бай орман флорасы шоғырланған (магнолия, емен, лаврдың түрлері), үйеңкінің түрлері
алуан түрлі, оған ақ қараған (акация, Robbina pseudoacacia) тән.
АҚШ-тың Атлант жағалауының, әсіресе, Аппалачтың флорасы Шығыс Азия флорасымен
ұқсастығына ғалымдар бұрыннан назар аударды. Бұл түрлер мен туыстардың жалпы
санының едәуір көп болуымен байланысты, дегенмен, Шығыс Азия флорасының ерекшелігі
түгелімен анағұрлым бай және құрамында қарапайым формалар көп. Жалпы түрлердің
арасында тек 2 түрден тұратындары да бар, әрбір облыста біреуден, мысалы, магнолия
тұқымдасынан (Liriodendron) қызғалдақ ағашы. Бұл Азия мен Солтүстік Американың
аралығында байланыстың болғандығына дәлел болады.
4.
Қатпарлы таулар облысы.
Гүлді өсімдіктерден эндемиктік тұқымдастар мұнда
кездеспейді. Бірнеше ондаған эндемиктік немесе эндемикке жуық түрлер бар, олардың
арасында жартысынан астамы монотипті (яғни тек бір түрден тұрады). Түр эндемизмінің
өте жоғарылығы тән. Облыс өсімдіктерінен қылқанжапырақты ормандар басым. Облыстың
солтүстік бөлігінде майқарағай, қарағайдан тұратын қылқанжапырақты ормандар таралған,
сондайақ кипарис ағаштары өседі.
Ежелгі Жерортатеңіздік патшалық тармағыбатыстағы Макаронезиядан бастап барлық
Жерорта теңізін, Азияның Орталық және алдыңғы аудан жіктері арқылы шығыстағы
Моңғолияға дейінгі орасан зор аумақты қамтиды. Бұл көлемді аумақта Макаронезияның
ылғалды мәңгі жасыл ормандарынан Орталық Азияның шөлді аймақтарына дейінге өсімдік
жамылғысы алуан түрлі. Алайда бұл аймақ флорасының даму тарихы кейбір ортақ
белгілерімен сипатталады. Флорасы ежелгі жерортатеңіздік – Тетис жағалауы бойымен
қалыптасты, ежелгі жерортатеңіздік өсімдіктердің басым көпшілігінің шығу тегі Шығыс
Азиялық. Тропикалық флораның өзгерген түрлері де оның құрамында елеулі орын алады,
әсіресе Макаронезия және Сахара-Аравия облыстарында (лавр және пальма тұқымдасының
өкілдері).
Ежелгі жерортатеңіздік патшалықша 4 облысқа жіктеді.
1.
Макаронезия облысыэндемиктік түрлер салыстырмалы түрде аз (шамамен 30), оның
жартысынан астамы Канар аралдарында өседі. Макаронезияның өсімдік жамылғысында
Канар лаврынан мәңгі жасыл лавр орманы ерекше. Олар палеоботаниктер анықтауы
бойынша, Еуропаның миоцинді және плиоценді ормандарына көбірек жақын. Канарлық
финик пальмасы да осы аумаққа тән өсімдіктің бірі.
2.
Жерорта теңіздік облыс. Эндемиктік түрлер саны салыстырмалы түрде онша жоғары
емес, түр эндемизмі 50%-ға жетеді. Типтік эндемиктер немесе эндемиктік түрлер осы облыс
өсімдігінің бейнесін айқындайды. Олар: лавр, зәйтүн, еменнің қатты жапырақтары мәңгі
жасыл ағаш түрлері, қарағай түрлері. Сондайақ қойбүлдірген ағашы, аршагүл түрлері,
ладанник (эфир майын өндіретін тал), пістені де атап өту керек. Облыстың батыс бөлігіне
діңгексіз пальма (Chamaerops humilis) тән. Солтүстік Африка мен Ливанда ливандық және
атластық балқарағай түрлері таралған (Cedrus).
3.
Сахара-Аравия облысы. Сахара-Аравия флорасы онша бай емес (шамамен, 1500
немесе одан жоғары) және біршама өтпелі сипатта. Жерорта теңіздік және иран-тұрандық
өсімдіктер біршама көп, мысалы түйе тікенегі (Alhagi) және жүзгін (Calligonium).
Облыстың оңтүстік бөлігінде Судан флорасының өкілдері – қараған түрлері таралған.
Эндемиктік түрлер аз емес, ал түрлік эндемизм 25%-дан кем емес. Етті сабақты және
жапырақты ірі суккуленттер (алоэ, сүттіген түрлері), құмды шөлде өсетін дәнді аристид
түрлері тән. Өсімдік жамылғысында шөлді және шөлейтті өсімдік түрлері басым.
4.
Иран-Тұран облысы. Флорасы түрдің біршама жоғарылығымен және түр
эндемизмінің өте жоғарылығымен сипатталады (25%). Облыс үшін аканториман түрлері
(Acantholiman), астра тұқымдасынан көбенқұйрық (Cousinia) тән, бірақ олар қатаң
эндемиктік болып табылмайды. Ең бай флора Иран таулы қыратында, ал Орталық Азия
флорасы кедей болып келеді.
Облыстың батыс бөлігі (әсіресе, Иран таулы қыраты) Иран-Тұран флорасының
қалыптасуындағы негізгі орталықтардың бірі ретінде қарастырылады. Мұнда жүзгін,
кермек (Limonium), аконтолимон, жусан (Artemesia), қызғалдақ, жуа, сарыгүл, т.б. түрден
тұратын эндемиктер көп.
Мадреан (Сонор) патшалықшасы. Солтүстік Америка мен Мексика таулы
қыратының оңтүстік-батыс бөлігінің флорасы бореальды және Ежелгі Жерорта теңіздік
патшалықшадан ерекшелігі – толық және өз алдына патшалықша ретінде қарастыруға
болады. Патшалықша флорасының дамуы Ежелгі Жерорта теңіздік патшалықша
флорасынан тәуелсіз жүріп жатты. Кейбір ортақ түрлер бар, мысалы, қойбүлдірген ағашы,
емен, жидек, арша, пісте, т.б.
Патшалықшада тек қана бір облыс Мадреан облысы бар. Флорасы эндемиктік
тұқымдастар қатарымен сипатталады, яғни ұзақ уақыт бойы ол оқшау түрде дамыды.
Эндемиктік түрлер көп, олардың ішіндегі ірісі – карнегия мен кактус. Бұл 10-12 м-дей
биіктікке жететін кактустар Сонор шөлінде таралған. Түр энде- мизмі шамамен 40%-ды
құрайды. Мұндағы танымал эндемик Калифорния жағалауы маңындағы тауда өсетін мәңгі
жасыл алып секвойя болып табылады.
Document Outline - Биогеография организмдер мен олардың бірлестіктерінің географиялық таралуын қарастырады. Биогеография тек қана жалпы бірлестіктердің таралуын ғана зерттеп қоймайды, сонымен бірге бірлестіктердің компоненттерін зерттейді. Бұл ғылымның негізгі міндеті –...
- Биогеографияның негізгі мақсаты:
- 1. Биоценоз құрылымы
- 2. Биогеоценоз сипаты
- 3. Жасанды жүйелер
- Жасанды жүйелер
- Биоценоз биотоппен қосылып биогеоценозды немесе фацияны құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |