жануарлардың өздеріне тән таралу облыстары болады.
Жер бетінде өсімдіктердің, жануарлардың белгілі бір систематикалық тобының (түр, туыс,
тұқымдас, т.б.) тіршілік ететін территориясын таралу облысы немесе ареал деп атайды. Өсімдіктер
мен жануарлар систематикасында түр систематикалық бірлік ретінде негізгі объект болса,
биогеографияда ареал да сондай негізгі объект ретінде оқытылады. Белгілі бір түрдің жаппай
таралуының азды – көпті болса да шеткі нүктелерін сызықтармен қосу арқылы ареалын картаға сызып
көрсетуге болады. Бір туысқа жататын түрлердің ареалын жалпы сызықпен қосып туыстың ареалын,
бір тұқымдасқа жататын түрлердің ареалын жүргізу арқылы тұқымдастың ареалын көрсетуге болады.
Өсімдіктер жамылғысы бірлігінің ареалдарын, мысалы, еменді, немесе қылқан жапырақты орман, шөл
т.б. деп көрсетуге болады.
Түрлердің ареалдары барлық бөлімдерінде бірдей болмай, әдетте
ареалдын орта шенінен
нүктелерді кездестіруге болады, бұл осы жердегі өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі оптималдық
(қолайлы) жағдайда болады дегенді аңғартады. Ареалдың шекарасына жақындаған сайын өсімдіктер
мен жануарлар өздерінің тіршілігіне барынша қолайсыз жағдайға душар болады.
Егер түрлер тұтас бір территорияны алып жатса, мұндай ареалды тұтас ареал деп атайды.
Егер ареалдар бірнеше бөлікке бөлініп бірінен- бірі алшақ жатса, немесе әртүрлі материкте
орналасса, онда мұндай ареалды бөлшектенген немесе дизьюнктивті ареал деп атайды. Ареалдардың
мұндай бөлшектенуіне рельеф, топырақ, әртүрлі тарихи жағдайлар себепші болуы мүмкін.
Бөлшектенген ареалдар континент ішілік, континент аралық болып екіге бөлінеді. Мысалы континент
ішілік бөлшектенген ареалға кәдімгі інжугүлдің ареалын алайық. Інжугүл Европаның жалпақ
жапырақты ормандарында және советтік Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігінде, ал жөке ағашы мен
еменнің ареалы Кузнецк Алатауында, Приомор өлкесінде кездеседі. Жануарлардың бөлшектенген
ареалына, мысалы, кәдімгі кірпі мен ақ дегелектің ареалын алсақ бұл екеуі де Европада және Амур-
Уссурий өлкесінде кездеседі.
Түрлердің басым көпшілігінің белгілі бір тіршіліктік жағдайға
сәйкес және белгілі бір
облыспен шектелген ареалы болады. Тек қана кейбір аздаған жануарлардың түрлері орта жағдайын
талғамай, барлық жерлерде кездеседі.
Құрлықтың әртүрлі бөліктерінде кездесетін, алуан түрлі физика – географиялық зоналар да бола
алатын, барынша кеңінен таралған түрлерді космополиттер деп, ал олардың ареалдарын космополитті
ареал деп атайды. Мысалы, космополит өсімдіктерге: папоротник, кәдімгі у таспа (мокрица),
крестовник, қалуен, қалақай, бақ – бақ, жұмыршақ, дала яруткасы, кейбір су өсімдіктері – қамыс, көл
қамысын, жануарлардан үй жануарлары (ешкі, қой, шошқа, ірі қара малдар), үй тышқандары, сұр
егеуқұйрық, үй шыбындары, жыландар, көбелектер, қара қарға лашын, жарғанат, торғайлар, теңізді
кездесетін – жыртқыш, кит – косатка, кашалотты жатқызуға болады.
Өсімдіктер мен жануарлардың космополит түрлері мен қатар сирек кездесетін түрлері де
болады. Олар жер бетінің аз ғана бөлігінде таралған. Өсімдіктер мен жануарлардың осындай түрлерін
эндемиктер деп, ал олардың таралған территориясын эндемикалық ареал деп атайды. Эндемикалық
ареалдар көлемі жағынан әртүрлі болады. Эндемиктерге, әсіресе аралдар мен таулы жерлер аса бай
болып келеді. Мысалы: Алтай, Кавказ, Оңтүстік Американың, Австралияның, Мадагаскардың
эндемиктері т.б.
Өсімдіктердің ішінде эндемиктерге жататындар: дәрмене; сексеуіл, бетеге, женьшень, (Уссурийда),
эльдар қарағайы (Грузияда), тянь – шань шыршасы (Тянь - Шаньда),
Камчатка май қарағайы,
Станкевич қарағайы (Қырымда), Резниченко ақ қайыңы (Алтайда), қырғыз ақ қайыңы (Қостанайда),
т.б. Австралия эндемиктері: эвкалиптер, кенгуру шөбі, көкшіл шөп, спинифекс астық тұқымдас шөп,
шөптектес ағаш, (лала тұқымдасынан), бөтелке ағаш. Африка эндемиктері: мүйізтұмсық ағашы, күміс
ағаш, сары ағаш, кап алқасы, кофе ағашы, май пальмасы, Рафия пальмасы, дум пальмасы, баобаб.
Оңтүстік Америка эндемиктері: піл сүйегі пальмасы, Маврик пальмас, какао ағашы (шоколад ағашы),
әсинин ағашы, бразилия гевеясы, канналар. Солтүстік Америка эндемиктері: көгілдір шырша,
бальзамды
май қарағай, ситхин шыршасы жатады. Ротанг пальмасы Ява мен Борнео аралдарының
эндемигі, саяхатшылар ағашы Мадагаскар эндемигі.
Жануарлар дүниесінен, мысалы эндемиктерге жататындар: бетпақ далада кездесетін борша
тышқан, Якутияның солтүстік шығысын мекендейтін қызғылт шағала, Северцев және Дағыстан
таутекесі, Кавказ құры (Кавказда), Кавказда кездесетін прометей тышқаны. Құстардан Евразияны
мекендейтін эндем сұржылқышы (завирушка) тұқымдасы, Африкада – түйе құстар, мысыр тауықтары,
секретарларь құс; Оңтүстік Америкада – нанду, құмай, гоацин, күн қарқара, түн кептер, колибри (319
түрі ), тукандар, америка шыбын қаққышы, Австралияда – эму, казуарлар, мұмақ құстары. Солтүстік
Америкадағы күрке тауық тұқымдастарының барлығы дерлік – эндемиктер.
Геологиялық мәліметтерге қарағанда Байкал көлі мезозой эрасынан бері бар көл болып
саналады, бірақ ол өте ертеде басқа су қоймаларынан бөлініп оқшауланып кеткен, оның
осыоқшалануы эндемиктерінің көп сақталуына себебін тигізген. Байкал көлінде кездесетін
жануарлардың 76- ы өзіндік эндемиктері. Мысалы, Байкал көлінде тіршілік ететін шаянтәрізділердің
34 туысынан 34- і, балықтардың 32 түрінің 14 түрі Байқалдың өзіндік эндемигі болып табылады, ал
осы көлде кездесетін байкал тюлені басқа ешбір су қоймасында кездеспейді.
Ареалдардың тағы бір түрі – қалдық (реликт) ареал. Сол ареалдардағы түрлерді қалдық, немесе
реликт түрлер деп атайды. Реликт ареалдардың
көлемі тұрақты болмайды, өйткені сыртқы орта
жағдайының әсерінен т.б. факторларға байланысты көлемін ұлғайтып, немесе кішірейтіп отырады.
Табиғатта жеке реликт түрлерде, сол сияқты тұтас биоценоздарда кездеседі. Реликтердің сақталған
арасына қарай: мезозой реликтісі, үштік дәуірдің реликтісі, мұз дәуіріндік және мұз дәуірінен кейінгі
реликтілер болып бөлінеді. СССР - дың территориясында үштік дәуір реликтісі мұз басуға
ұшырамаған жерлерде сақталған. Бұған Кавказдың батыс жағалауы, оңтүстік шығыс Кавказдағы
Талыш облысы, Қиыр Шығыс, Қырымның кейбір жерлері жатады.
Реликт өсімдіктерге: саговниктер, секвойя, токсодиум (Солтүстік Америкада), қызғалдақ
ағашы, магнолия (Солтүстік Америкада, Аппалач таулар), гинкго (Қытай халық республикасының
батыс аудандарында), рододендрондар –
Кавказда, Алтайда, Батыс Еуропа тауларында, шатыр
пішінді, қылқандары ұзын, қабығы сұр қарым қарағайы, пицунд қарағайы (Кавказдың Қара теңіз
жағалауында), шатқал желайдары (қылқанды ормандарда), падуб (Кавказда, Батыс Европада), бамбук
(Тибеттің май қарағайлы ормандарында) жатады.
Жануарлар дүниесінен реликтілерге: Байкал тюлені, бауырымен жорғалаушылардан Жаңа
Зеландияда тіршілік ететін гаттерий, Альпа тауында кездесетін ақ қоянды жатқызуға болады.
Сонымен ареалдың бірнеше түрімен таныстық. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін зерттеуде және
адам мақсатына байланысты олардың табиғатын өзгертуде ареалдардың маңызы өте зор. Адам
баласы өз мақсатына сай өсісдіктердің, жануарлардың ареалын өзгерте алады. Мысалы, қазіргі кезде
мәдени өсімдіктердің ареалы кеңейтіліп отыр. 1928 жылы Солтүстік
Америкадан біздің еліміздің
Европалық бөліміне, Сібір мен Қазақстанға ондатраны алып келіп жіберіп еді, қазір бағалы терілі
аңнан жылына миллиондаған тері дайындалады.
Белгілі бір территориядағы өсімдіктердің түрлерінің жиынтығын флора, ал жануарлардың
түрлерінің жиынтығын фауна деп атайды. Ұқсас ареалда кездесетін өсімдіктер флораның
географиялық элементтерін құрайды.
Флораның басты географиялық элементтері:
1) Арктикалық флора – Қиыр солтүстік флорасы, бұл флораның элементтері биік тауларда да
кездеседі.
2) Солтүстік немесе бореальді флора – негізінен қылқанды орман өсімдіктерінен тұрады (орман
зонасының солтүстік бөлімі).
3) Орталық Европа флорасы – жылу сүйгіш, жалпақ жапырақты орманға тән өсімдіктер.
4) Атлантикалық флора – Батыс Европада және СССР-дың европалық бөлімінде кездесетін өс
імдіктер.
5) Понтика флорасы – оңтүстік орыс, венгер, румын далаларында кездесетін өсімдіктер (жанаргүл,
дала шиесі, күлгін түсті аюқұлақ, сары скабиоза, ракитник).
6) Жерорта теңіз флорасы – Жерорта теңізінің құрғақ субтропиктік облыстарының өсімдіктері:
бүлдірген ағашы, самшит, сумах, жабайы жасмин, зәйтүн майшетен.
7) Орталық Азия флорасы – Орта Азияның ірі тау тізбектері: Тянь- Шань, Памир-алай, Тарбағатай,
Алтай тауларының өсімдіктері.
8) Тұран флорасы – Тұран ойпатындағы шөл флорасы (мысалы жусандар).
9) Маньчжурия флорасы – Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігі мен Манчжурия өсімдіктері (мысалы,
манчжурия жаңғағы, аралия, барқыт ағашы, темір ағаш, орман ағашы