Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01 Білім Пән циклы атауы және коды Ped 1701 Педагогика



бет18/34
Дата07.02.2022
өлшемі125,63 Kb.
#93374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
Педагогика. СИЛЛАБУС

15. Тақырыбы Мұғаліммнің кәсіби іс-әрекетіндегі оқыту технологиялары
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Технологиялар туралы ұғым, педагогикалық технологиялардың сипаттамасы.
2. Оқытудың дәстүрлі технологиясы.
3. Жаңа педагогикалық технологиялар.
4. Педагогикалық процесте жаңа технологиялардың жүзеге асырылуы


Дәріс тезисі* Технологиялар туралы ұғым, педагогикалық технологиялардың сипаттамасы. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Я.А.Коменский заманынан бастап, оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе, техникалық прогрестің əрқилы теориялық жəне практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский жəне т.б.). Осы заманғы дидактикада əрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты. Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру).
Бекіту сұрақтары:
1. Технологиялар дегеніміз?
2. Қандай педагогикалық технологияларды білесіз, сипаттаңыз?
3. Оқытудың дәстүрлі технологиясы қандай?
4. Педагогикалық процесте жаңа технологиялардың жүзеге асырылуы және тиімділігі қандай?
Әдебиет:

  1. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2011.-228 с.

  2. Педагогика: Учебник.- Алматы: Print-S. 2005.-364 c.

  3. Подласый И.П. Педагогика в 2 т.: Учебник для академического бакалавриата - М.: ,2015

  4. Хан Н.Н. Научно-практические основы сотрудничество и его реализация в педагогическом процессе школы.- Алматы ,2010.- 96с.

  5. Хуторский А.В. Педогогическая инноватика: Учебное пособие.- М., 2010.-254с.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет