Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В05302 Химия Пән циклы атауы және коды


Термохимияның негізгі заңы болып Гесс заңы саналады



бет7/40
Дата02.01.2022
өлшемі236,26 Kb.
#107858
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
Бейорганикалық химия
1553959345, Тал ылау Та ырыбы «Билік саяси феномен ретінде», Тал ылау Та ырыбы «Билік саяси феномен ретінде», 1553959345, Дене шынықтыру, А паратты ауіпсіздік ж не а паратты ор ау, Биология11, Ішкі энергия және энтальпия
Термохимияның негізгі заңы болып Гесс заңы саналады: термохимиялық процестердің жылу эффектісі аралық сатыларға тәуелсіз, ол тек жүйе реагенттерінің бастапқы және соңғы күйлерімен анықталады.

  • Реакцияның жылу эффектісі реакция өнімдерінің түзілу жылуларының қосындысынан реакцияға түскен бастапқы заттардың түзілу жылуларының қосындысын алып тастағанға тең:

ΔНо298=ΣΔHf0,298,өнім- ΣΔHf0,298,баст.заттар


  • Реакцияның жылу эффектісі реакцияға түскен заттардың және реакция өнімдерінің жану жылулары қосындыларының айырымына тең:


ΔН0298=ΣΔHf0,298,баст.заттар- ΣΔHf0,298,өнім

Өз еркімен жүретін химиялық реакцияның бағыты екі фактормен анықталады:



  1. жүйенің ішкі энергия аз күйге (энтальпия азаюы) өту тенденциясы

  2. ретті күйден реттілігі аз күйге (энтропияның артуы) өту тенденциясы .

Энтропия - жүйе ретсіздігінің сандық өлшемі.

Заттардың стандарт жағдайда анықталған энтропиясы стандарт энтропия деп аталады, белгіленуі S0298 .

Реакция энтальпиясы реакция өнімдері энтальпияларының қосындысынан бастапқы заттар энтальпияларының қосындысын (стехиометриялық коэффициенттер ескеріледі) алып тастап анықталады.

Тұрақты қысым мен температурада өтетін процестердің қозғаушы күші изобаралық-изотермиялық потенциал (Гиббс энергиясы) өзгерісімен анықталады, белгіленуі G.

ΔGреакция =∑Gреакц. өнімі -∑Gбастапқы заттар

Гиббс энергиясының энтальпия және энтропиямен байланысы келесі теңдеумен беріледі:

ΔG=ΔH-TΔS


  1. ΔH<0 және ΔS>0, онда ΔG<0, жүйенің энтропиясы артқан жағдайда экзотермиялық реакция кез-келген температурада жүреді

  2. ΔH>0 және ΔS<0, онда ΔG>0 жүйе энтропиясы азаятын, эндотермиялық реакция ешқандай температурада жүрмейді.

  3. ΔS <0 ΔS<0 немесе ΔH>0 ΔS>0 , бұл жағдайда ΔG таңбасыΔH жәнеT ΔS қатынастарына байланысты, ΔG<0 болғанда ғана реакция жүруі мүмкін болады

Әдебиет


  1. Глинка Н.Л. Жалпы химия : Оқу құралы. 1-том / Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. - Алматы : TechSmith, 2018. - 208 бет

  2. Бірімжанов Б.А., Жалпы химия .Алматы : ЖШС РПБК "Дәуір ", 2011. - 752 бет


Дәрісте интерактивті дискуссия әдісі қолданылады.

Бекіту сұрақтары: иод молекуласы мен сутек молекуласы реакцияға түскенде Н2I2 қосылысы түзіле ме; НI молекуласы түзілген болса, бастапқы қосылыстардағы атомдар арасындағы байланыстар сақталған ба; термохимиялық теңдеулердің жай теңдеулерден айырмашылығы қандай; химиялық байланысты үзуге энергия жұмсалып, жаңа байланыстар түзілгенде энергия бөлінетін болса, реакция қандай жағдайда экзотермиялық, қандай жағдайда эндотермиялық болады; реакцияның өз еркімен жүруінің қандай шарттары бар т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет