Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



бет6/18
Дата07.02.2022
өлшемі381,34 Kb.
#94678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2 5465154380158207824
туракты ток сурак, туракты ток сурак, туракты ток сурак, перспи апплика, перспи апплика, Мадина үшеуі бірге, англ Талшын, интересные пси, құқық талшын
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы стандартты меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады.
2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) академиялық кезең – ТжКБ ұйымдары семестр, триместр, тоқсан сияқты үш нысанның бірінде өз бетінше белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқыту кезеңі;
2) академиялық сағат – кесте бойынша оқыту сабақтарының барлық түрінде оқытушы мен білім алушының арасындағы байланыс жұмыс уақыты;
3) ТжКБ нің арнайы оқу бағдарламасы – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (кәмелетке толмағандар үшін) мен медициналық-әлеуметтік сараптаманың (кәмелетке толғандар үшін) ұсынымдары ескеріле отырып анықталатын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психикалық-физикалық ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктері ескерілетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды кәсіптік оқытуға және дамытуға бағытталған оқу бағдарламасы;
4) ӘАОО-ның компоненті (бұдан әрі – ӘК) – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО өз бетінше айқындайтын оқу пәндердiң тізбесі мен академиялық кредиттердiң тиiстi ең аз көлемi;
5) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, іскерлікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі.
6) бағалау критерийлері – құзыреттілікке қойылатын талаптарға сәйкес оқытудың нәтижелерін бағалау жөнінде шешім қабылдауға арналған көрсеткіштер;
7) базалық құзыреттілік – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;
8) базалық модуль – білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқаруға, өзін-өзі ынталандыру және өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы;
9) біліктілік – алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға білім, даярлық деңгейі;
10) біліктілік сипаттамасы – маманның жеке тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жалпы талаптарды айқындайтын құжат; белгілі бір жұмыс істеуде кәсіби даярлықты талап ететін қызметкердің моделі;
11) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың ТжКБ-нің білім беру бағдарламасын қаншалықты меңгергендігін қорытындылап көрсететін және бітіруші курста орындайтын өзіндік шығармашылық жұмыстары;
12) жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы шегінде оқу траекториясын таңдауға, оның ішінде жеделдетілген оқуға деген жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу жоспары;
13) кәсіби модуль – білім алушылардың құзыреттілік негізінде кәсіби міндеттердің жиынтығын шешу қабілеттілігін игеруге бағытталған ТжКБ білім беру бағдарламасының немесе оқу кезеңінің тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық тарауы.
14) кәсіби құзыреттілік – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;
15) кредит – білім алушының (оқытушының) оқу жұмыс көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
16) модуль – білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіне-өзі жеткілікті және толық бөлімі немесе оқыту кезеңі;
17) модульдік оқыту – ТжКБ модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі;
18) міндетті компонент – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім алушы оқу бағдарламасы бойынша міндетті түрде оқитын кредиттердің ең аз көлеміне сәйкес келетін оқу пәндері мен модульдер тізімі;
19) оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнында көрсетілген негізгі инварианттық құрылымдық компоненттерін сипаттайтын оқу жоспарын ұсынудың нысаны;
20)оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) – оқу жұмыс жоспарының нақты модулі (пәні) үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;
21) оқу жұмыс жоспары – ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесін, бірізділігін және көлемін, бақылау нысанын регламенттейтін құжат;
22) оқу мерзімі – нақты оқыту нысаны (күндізгі, кешкі, сырттай) бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі;
23) таңдау бойынша компонент – пререквизиттер мен постреквизиттерді ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде білім алушылар өз бетінше таңдайтын кредиттік оқыту технологиясы кезінде ТжКБ уйымы ұсынатын кредиттердің ең аз көлеміне (немесе академиялық сағаттардың) сәйкес келетін, оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізімі;
24) транскрипт – оқытудың тиісті кезеңінде игерілген пәндердің және (немесе) модульдердің кредиттері мен бағаларының әріптік және сандық өрнегі көрсетілген тізбесін қамтитын құжат;
25) инклюзивті білім беру бойынша тьютор – білім алушының даярлық деңгейін қамтамасыз ететін, оқу процесін дараландыруға жағдай жасайтын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарға тәлімгерлік қызметін атқаратын маман;
26) үлгілік оқу жоспары – осы стандарт негізінде әзірленген, модульдер және (немесе) циклдер (оқу пәндерінің тізбесі) бойынша оқу уақытының көлемін (еңбексыйымдылығын), кәсіби практиканы, білім алушының оқудағы іс-әрекеттерінің басқа да түрлерін, бақылау нысандарын, мамандықтар мен біліктіліктерге байланысты оқыту мерзімін регламенттейтін құжат;
27) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні және (немесе) модулі бойынша меңгерілуге тиіс білім, дағды, іскерлік және құзыреттілік мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;
28) цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы;
29) элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогы – таңдау бойынша компонент пәндерінің және (немесе) модульдерінің қысқаша сипаттамасы қамтылған тізбесі;
30) эдвайзер – оқу кезеңінде оқу траекториясын таңдауға және кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру бағдарламасын игеруге ықпал ететін, тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгері функциясын орындайтын оқытушы.
3. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша оқу процесін ұйымдастыру:
1) мамандық бойынша ТжКБ білім беру бағдарламалары;
2) оқу-бағдарламалық құжаттамалар – үлгілік және оқу жұмыс бағдарламалары мен жоспарларына, жеке оқу жоспарларына (ӘАОО қоспағанда), сондай-ақ осы стандарт талаптарына сәйкес әзірленген оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету кешені негізінде жүзеге асырылады.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнына оқыту нәтижелеріне бағдар жасай отырып қойылатын талаптар
4. ТжКБ деңгейінде оқыту мазмұны ТжКБ білім беру бағдарламаларымен айқындалады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады.
ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны:
білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді немесе жалпы білім беретін және базалық және кәсіби модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) өндірістік оқытудан және кәсіби практикадан өтуді;
4) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді.
орта буын мамандарының деңгейі үшін:
1) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндер немесе жалпы білім беретін және базалық кәсіби модульдерге интеграцияланған жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді;
2) зертханалық-практикалық сабақтарды орындауды;
3) кәсіптік практикадан өтуді;
4) егер жұмыс оқу жоспары бойынша басқа да жұмыс түрлері қарастырылмаған жағдайда курстық және дипломдық жобалауды (жұмысты) орындауды.
5) аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуді көздейді.
ӘАОО-да ТжКБ беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.
5. ТжКБ білім беру бағдарламаларының тәрбиелік компоненттері білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуға, патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыруға, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған.
6. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыру:
1) оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың кітапханалық қорының, оның ішінде: электрондық білім беру контентінің (электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдардың және модульдер (пәндер), кәсіптік практикалар, жазбаша-біліктілік жұмыстары, білім алушының өзіндік жұмысы, курстық және дипломдық жобалар бойынша ұсынымдардың болуымен;
2) мамандық бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, базалық білімі бар инженер-педагог кадрлармен қамтамасыз етіледі. Өндірістен мамандық бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі базалық білімі бар білікті мамандарды тартуға рұқсат етіледі.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытуға арналған арнайы оқу бағдарламаларын іске асыруды оқу процесін қадағалайтын мамандар қамтамасыз етеді.
7. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.
Оқу бағдарламалары мен жоспарлары үлгілік, жұмыс және жеке болып бөлінеді.
ӘАОО-да оқу бағдарламалары мен жоспарлары үлгілік, жұмыс деп бөлінеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін психофизиологиялық ерекшеліктері мен қабілеттеріне байланысты білім беру бағдарламасының жартылай немесе толық мазмұнын білдіретін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді.
8. ТжКБ ұйымдарының үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары нақты мамандықтар бойынша әзірленеді.
Оқу процесін жоспарлау кезінде осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларда келтірілген үлгілік оқу жоспарлары ТжКБ оқу жоспары моделінің, модульдік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспары моделінің негізінде әзірленеді және келесі жағдайларда ерекшеленеді:
1) ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар адамдардың қатарынан мамандар даярлау;
2) әскери, медицина мамандықтары және мәдениет пен өнер мамандықтары бойынша мамандар даярлау (хореографиялық оқу орындарына қабылдау 4 (5) сыныптан бастап жүзеге асырылады).
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша үлгілік оқу жоспарларында міндетті компоненттің және оқу қызметінің әрбір түрінің еңбек сыйымдылығы кредит бойынша анықталады (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика (әскери практика), аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жоба (жұмыс) жазу), ал таңдау бойынша компонент кредиттер мен сағаттардың жалпы санымен көрсетіледі.
9. Білім беру ұйымы оқу жұмыс жоспарларын белгілі бір бейін, мамандықтар мен біліктіліктер бойынша оқыту нысаны мен мерзімін көрсете отырып, осы стандарттың 1, 2 және 3-қосымшаларында келтірілген үлгілік оқу жоспарының негізінде, ол болмаған жағдайда ТжКБ оқу жоспарының модельдері негізінде, модульдік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспарының немесе кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жоспарларының моделі негізінде әзірлейді.
Оқу жұмыс жоспары барлық оқыту кезеңіне әзірленеді және ТжКБ ұйымының басшысы бекітеді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жұмыс оқу жоспарларында әр пән және (немесе) модуль бойынша оқу уақыты көлемінің 15%-ына дейін жеке оқытуға арналады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жеке оқу жоспары, олардың психикалық-дене дамуының және жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланады.
Оқу жұмыс жоспарларының негізінде тьютордың көмегімен ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жеке оқу жоспары жасалады.
ТжКБ ұйымдарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу бағдарламалары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан мынадай:
1) эксперименттік режимдегі жұмыс;
2) кәсіптік білім беру базасында біліктілігі жоғары деңгейдегі орта буын мамандарын даярлау;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар қатарынан мамандар даярлау;
4) әскери мамандықтар бойынша мамандар даярлау;
5) мамандарды өңірдің және ТжКБ ұйымдарының ерекшелігін ескере отырып, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес даярлау жағдайларында ерекшеленуі мүмкін.
Модульдік оқыту технологиясы кезінде үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарлары мәндес біліктіліктер тобына әзірленеді. ТжКБ ұйымдарындағы бір мамандықтың басқа біліктіліктері үшін үлгілік оқу жоспарын қолдана отырып, жұмыс оқу жоспары әзірленеді.
10. ТжКБ ұйымы кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмыс жоспарларына қосымша элективті пәндер және (немесе) модульдер (ӘАОО ны есепке алмағанда) каталогын әзірлейді.
Білім алушы жұмыс оқу жоспары мен мамандық бойынша элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен жеке оқу жоспарын құрастырады.
Жеке оқу жоспарына міндетті компоненттің пәндері және (немесе) модульдері және білім беру қызметінің түрлері (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, аралық және қорытынды аттестаттау, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) немесе таңдау бойынша компоненттің пәндері және (немесе) модульдері кіреді.
Элективті пәндер және (немесе) модульдер каталогының, жеке оқу жоспарының нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту тәртібін ТжКБ ұйымдары өз бетінше айқындайды.
11. Орта деңгейдегі маман даярлаудың модулін ескермей, модульдік оқыту технологиясы бойынша жұмысшы біліктіліктерін меңгеру кезеңінде дуальды оқытуды пайдалануға болады.
12. Жұмыс оқу бағдарламалары үлгілік оқу бағдарламалары (бар болған жағдайда) негізінде немесе барлық пәндер және (немесе) оқу жоспарының модульдері бойынша әзірленеді және ТжКБ ұйымы бекітеді.
13. ТжКБ ұйымдары үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру кезінде:
1) міндетті оқытуға бөлінетін жалпы сағаттар санын сақтай отырып, циклдер үшін оқу материалдарын меңгеруге бөлінген оқу уақытының 50%-ына дейін, әр пән және (немесе) модуль бойынша 50%-ға дейін және кәсіптік оқытудың және кәсіптік практиканың 60%-ына дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
2) оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) және кәсіптік модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80%-ға дейін) өзгертеді;
3) міндетті оқытуға арналған жалпы сағат санын сақтай отырып, жұмыс берушінің талаптары бойынша қосымша пәндер (кәсіби модульдер) енгізеді;
4) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын,әдістерін таңдайды;
5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау жүргізу нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдайды.
14. Оқу пәнін және (немесе) модулін зерделеу мен интеграциялаудың бірізділігі, олардың әрқайсысы бойынша оқу уақытын пәнаралық байланыстарды ескере отырып, курстарға және семестрлерге бөлу.
Оқу пәнінің және (немесе) модульдің атауы мен мазмұнын қалыптастыру кезінде ұқсас біліктілік бойынша білім берудің келесі деңгейінде оқыту мен кредиттердің сабақтастығын және нәтижелерін көшіруді қамтамасыз ету.
15. Негізгі орта білім базасында оқыту үшін жалпы білім беретін пәндер жалпы орта білімнің үлгілік оқу жоспарларының инварианттық бөлігіне сәйкес айқындалады.
Жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі бейіндік оқытуды ескере отырып, білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде айқындайды.
ТжКБ ұйымдарының қалауы бойынша жалпы білім беретін пәндер модульге біріктіріледі.
"Дене тәрбиесі" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат (мамандыққа байланысты) жоспарланады.
ӘАОО үшін "Дене шынықтыру дайындығы" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына кемінде 4 сағат жоспарланады (мамандығына байланысты). Әрбір оқу семестрі аяқталғаннан кейін емтихан өткізіледі. Спорт секцияларындағы сабақтар аптасына 4 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді.
Жоғары дене жүктемесін көздейтін мамандықтар (хореография, спорт, цирк өнері) үшін "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар арнайы пәндер немесе кәсіби модульдер шеңберінде іске асырылады.
"Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" пәні 100 сағат көлемінде өткізіледі, оның ішінде 36 сағат оқу-далалық жиындарды өткізуге бөлінеді. Оқу-далалық жиындар кезеңінде білім алушылар (қыз балалар) медициналық-санитариялық дайындықтан өтеді. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" интеграцияланған білім беру бағдарламасы "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу курсы шеңберінде іске асырылады.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін арнайы оқу бағдарламаларындағы жалпы білім беретін пәндер тізбесін ТжКБ ұйымы мамандығына байланысты өзі анықтайды.
Модульдік оқыту технологиясы бойынша ТжКБ ұйымдарының қалауымен жалпы білім беретін пәндер базалық және (немесе) кәсіби модульдерге біріктіріледі.
16. Әскери мамандықтарды қоспағанда, әлеуметтік-экономикалық пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер 180 сағаттан аспайтын оқу уақыты көлемінен орта буын маманын даярлау кезінде іске асырылады.
17. ТжКБ білім беру бағдарламалары міндетті пәндермен және (модульдермен) қатар, ТжКБ ұйымдары айқындайтын пәндерді және (немесе) модульдерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды.
18. ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыратын ТжКБ ұйымдарындағы оқу процесі теориялық сабақтарды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында өтетін өндірістік оқуды, кәсіби практиканы қамтиды.
Кәсіптік практика оқу, өндірістік және дипломалды болып бөлінеді.
Оқу практикасы оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондарында және өндірісте өткізіледі.
Кәсіптік практика кәсіпорындарда (ұйымдарда) шарт негізінде жұмыс берушілер ұсынатын мамандық бейініне сәйкес келетін жұмыс орындарында өткізіледі және құзіреттерді қалыптастыруға бағытталған.
ӘАОО-да кәсіптік практика жауынгерлік даярлықты айқындайтын пәндер бойынша практикалық және әдістемелік сабақтарды қамтиды. Сабақтарды сыныптарда, зертханаларда, оқу-жаттығуда, далалық жорықтар кезінде өткізу жоспарланады, теориялық оқу процесінде алынған білімдерді бекітуге бағытталған. Аталған сабақтар берілетін біліктілікке сәйкес практикалық дағдылар мен кәсіби құзыреттерді игеруге бағытталған. Практикалық сабақтардың мерзімдері мен мазмұны жұмыс оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде және жұмыс оқу бағдарламаларында айқындалады.
Кәсіптік практиканың мерзімдері мен мазмұны оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларында айқындалады.
ӘАОО-да кәсіби практикаға, әскери тағылымдамаға, жалпы гуманитарлық, жалпы кәсіптік, әлеуметтік пәндерді оқуға бөлінетін уақыт санын тиісті уәкілетті орган айқындайды.
Курстық жобалар (жұмыстар) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша оқу жұмысының бір түрі ретінде қарастырылады және оларды оқытуға бөлінген оқу уақыты шегінде орындалады. Семестрдегі курстық жобалардың (жұмыстардың) саны біреуден аспауы тиіс. Қосымша бір курстық жұмыс (жоба) жоспарлауға рұқсат етіледі
19. Алынған білім, іскерлік, дағды мен құзырет деңгейін айқындайтын бақылаудың әртүрлі түрлері бар.
Оқу процесінің жоспарында білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеру сапасын бақылаудың мынадай түрлері:
1) аралық аттестаттау;
2) білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау көрсетіледі.
ТжКБ ұйымдары білім алушылардың ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім алушылардың ағымдағы үлгерімдеріне бақылау өткізеді.
Білім беру ұйымы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және аралық аттестаттаудан өткізу нысанын, тәртібін және кезеңділігін таңдауда дербес.
Бақылау жұмыстары мен сынақтар аталған пәнді оқуға бөлінген оқу уақытының есебінен, соның ішінде модульдерге біріктірілген немесе модуль бойынша емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Емтихандар мен бақылау жұмыстарының саны білім алушылардың біліктілігіне, іскерлігі мен құзыретіне қойылатын талаптар негізге алына отырып айқындалады.
ӘАОО-да барлық пәндер бойынша аралық аттестаттау көзделген, оның негізгі түрі емтихан болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер, оның ішінде модульдерге біріктірілген пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және ТжКБ ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.
ТжКБ білім беру бағдарламасы толық аяқталған соң қорытынды аттестаттау өткізіледі.
Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларында біліктіліктің әрбір деңгейі аяқталған соң білім алушыларды қорытынды аттестаттау көзделеді.
Жұмыс біліктілігін игерген және оқуды жалғастырмайтын білім алушылар үшін біліктілік емтиханы түрінде қорытынды аттестаттау өткізіледі. Бағдарламаны толық меңгерген жағдайда, аралық аттестаттау шеңберінде білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін біліктілік емтиханы өткізіледі, қорытынды аттестаттауға арналған оқу уақытының көлемі кәсіби практикаға беріледі.
Біліктілік емтихандары өндірістік алаңдарда, зертханаларда, шеберханаларда немесе әрбір біліктілік бойынша қажетті жабдықпен жарақтандырылған оқу орталықтарында өткізіледі.
Өнер және мәдениет саласы мамандықтары үшін шығармашылық тапсырмалар орындау қарастырылған.
ӘАОО үшін қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша кешенді емтихан тапсыруды қамтиды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қорытынды аттестаттау өндірістік оқыту бойынша орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіре отырып, практикалық жұмысты тапсыру нысанында өткізіледі.
Білім алушылардың қорытынды аттестаттау нысанын ТжКБ ұйымы анықтайды.
Тізбесі оқу жоспарына сәйкес анықталатын зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі мен жекелеген жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша сабақтарды, шеберханаларда (оқу алаңдарында және фермерлік шаруашылықтарда) өндірістік оқытуды өткізу кезінде оқу топтары 13 адамнан аспайтын шағын топтарға, медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында клиникалық пәндер бойынша оқу топтары 8 адамнан аспайтын кіші топтарға бөлінеді.
20. ТжКБ ұйымдары білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның қолданыста болу уақытының барлық кезеңінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылған біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.
3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
21. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар апталық оқу жүктемесін, оқу жылының ұзақтығын, міндетті оқу уақытының көлемін қамтиды.
22. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында аптасына кемінде 36 сағат міндетті оқу жүктемесін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
23. Теориялық оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағат болатын міндетті оқу жүктемесі есебінен айқындалады (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар өткізу кезеңінде, полигондарда, практикалардың барлық түрлерінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 48 сағатына дейін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде 40 сағаттық жұмыс аптасының негізінде жоспарланады.
24. Міндетті оқу уақытының көлемі жылына 1440 сағатты құрайды.
25. Факультативтік пәндер және (немесе) модульдер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде жоспарланады. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде факультативтер ТжКБ ұйымының қалауы бойынша білім алушының таңдау бойынша компонентіне енгізеді.
Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді және емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер және (немесе) модульдер бойынша жоспарланады.
26. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайды.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындауға бөлінген уақыт 6 аптадан аспауы тиіс. Мамандықтың күрделілігіне байланысты диплом алдындағы (біліктілік) практиканың ұзақтығы жұмыс оқу жоспарына сәйкес жоспарланады.
27. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практика және демалыстан тұрады. Оқу жылына соңғы курста қорытынды аттестаттау кезеңі қосылады.
Академиялық кезең ұзақтығы 15 аптадан тұратын семестрден (әскери және медициналық мамандықтар үшін 15 аптадан кем емес) немесе ұзақтығы 10 аптадан тұратын триместрден немесе ұзақтығы 7,5 апталық тоқсаннан тұрады.
ТжКБ ұйымы академиялық кезеңнің нысанын, соның ішінде оны ұйымдастырудың аралас нысанын дербес айқындайды.
28. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде білім алушының оқу жүктемесінің көлемі игерілген кредит бойынша әрбір оқу пәні және (немесе) модулі немесе басқа да оқу жұмысының түрлерімен өлшенеді.
Оқу жұмысы көлемін жоспарлау кезінде бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.
29. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды.
4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар
30. Кадрларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұны мен білім берудің деңгейіне сәйкес базалық және кәсіби құзіреттіліктермен анықталады.
31. ТжКБ білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына және білім алушылар даярлығының көзделген біліктілік деңгейіне байланысты мынадай құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған:
1) белгілі бір деңгейде дербес әрекет ете отырып, оқытушының жетекшілігімен жұмыс жүргізу, негізгі базалық білімді қолдану, практикалық тапсырмаларды орындау, нұсқаулықпен берілген алгоритм бойынша іс-әрекет тәсілін таңдау, жұмыс жағдайының шарттарына сәйкес іс-әрекеттерді түзету;
2) қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету;
3) маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету.
32. ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағдарламасы толық аяқталған кезде аралық аттестаттау қорытындылары бойынша нақты мамандық бойынша жұмыс біліктілігін беру;
2) білім алушылар оқытудың даярлық деңгейін аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін, әскери мамандықтар үшін ӘАОО-да оқуды аяқтап, қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін орта буын маманының біліктілігін беру;
3) мемлекеттік үлгідегі құжат бере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы оқу бағдарламасы толық аяқталған кезде нақты мамандық бойынша жұмыс біліктілігін беру рұқсат етіледі.
33. Модульдік оқыту технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіби құзыреттілікті меңгеруді көздейді.
Базалық құзыреттер мамандықтар үшін әзірленеді және әлеуметтік жауапкершілік, жұмысты ұйымдастыру, жұмыс орнындағы басқа адамдармен өзара қарым-қатынас, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілік мәселелерін қозғайды.
Кәсіби құзыреттіліктер жұмыс берушілердің талаптарын және қоғамның әлеуметтік сұранысын ескере отырып, кәсіптік стандарттар (бар болған жағдайда) және (немесе) еңбек нарығының функционалдық талдауы негізінде әр біліктілік бойынша әзірленеді.
5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар
34. Оқыту мерзіміне қойылатын талаптарда ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімдері көрсетілген.
35. Далалық маусымның басталуының өңірлік нормаларына сәйкес далалық жағдайда практикалық оқытуды жүргізетін ТжКБ ұйымдарын қоспағанда, оқу жылы 1 қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне қарай оқу процесінің ұйымдастырылуына байланысты аяқталады.
Каникул уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде әскери мамандықтардан басқа, қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды. Дуальды оқыту кезінде ТжКБ ұйымдарының қалауы бойынша білім алушылар каникул уақытында кәсіпорындарда кәсіптік практикадан өтеді.
36. ТжКБ білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі:
1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай және білім беру қажеттіліктері бар адамдарға – 1 жыл 10 айды;
2) негізгі орта білім базасында – жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 айды;
3) жалпы орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 айды;
4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 айды;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 айды;
6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 айды, 1 жыл 6 айды, 1 жыл 10 айды құрайды.
7) өнер, геология, су көлігін пайдалану, медицина, әскери мамандықтар үшін оқу мерзімі тиісті мамандықтың ерекшелігіне байланысты айқындалуы мүмкін.


Техникалық және кәсіптік
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
1-қосымша

Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлеріне арналған техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі

Р/с №

Циклдердің, пәндердің және оқу жұмысының атауы

Оқыту мерзімі

жалпы орта білім алмай негізгі орта білім базасында және ЕББҚ бар адамдарды оқыту үшін

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

орта білімнен кейінгі, жоғары білім базасында

техникалық және кәсіптік білім базасында





Оқыту мерзімі (жыл (ж.) ай (а.))





1 ж.10 ай

1 ж.10 ай

2 ж. 6 ай

2 ж. 10 ай

3 ж 6 ай

3 ж. 10 ай

10 ай

1 ж. 6 ай.

1 ж. 10 ай

2 ж. 6 ай

2 ж. 10 ай.

10 ай

1 ж. 6 ай

10 ай

1 ж. 6 ай

1 ж. 10 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

1

Жалпы білім беру пәндері

540

14 48

14 48

14 48

14 48

14 48

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

2

Жалпы гуманитарлық пәндер

-

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



Кәсіптік шет тілі

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3

Әлеуметтік-экономикалық пәндер (философия, экономика, құқық негіздері және мәдениеттану), саясаттану және әлеуметтану негіздері

-

-

-

+

+

+

-

+

+

+

+

-

+

-

+

+

4

Жалпы кәсіптік пәндер

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

Арнайы пәндер

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

6

Білім беру ұйымы айқындайтын пәндер

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+



7

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

оқу уақытының жалпы көлемінен кемінде 40 %**

8

Аралық аттестаттау



9

Қорытынды аттестаттау

2 аптадан аспайды

10

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды

11

Факультативтік сабақтар

теориялық оқыту кезеңінде аптасына 4 сағаттан аспайды



Барлық академиялық сағаттар

33 12

33 12

43 20

49 60

58 00

65 88

16 56

26 80

33 12

43 20

49 60

16 56

26 80

16 56

26 80

33 12

* оқу мерзімі білім беру деңгейіне және оқу бейініне байланысты белгіленеді;
** оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау.


Техникалық және кәсіптік
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті
стандартына 2-қосымша

Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлеріне арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі

Р/с №

Пәндердің /модульдердің, практиканың атауы

негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай және ЕББҚ бар адамдарды оқыту үшін

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

орта білімнен кейінгі, жоғары білім базасында *

техникалық және кәсіптік білім базасында *

Оқыту мерзімі (жыл (ж.) ай (а.))

1 ж.10 ай

1 ж.10 ай

2 ж. 10 ай

3 ж. 10 ай

10 ай

1 ж. 10 ай

2 ж. 10 ай

10 ай

10 ай

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Жалпы білім беру пәндері **

540

1448

1448

1448

-

-

-

-

-

2

Базалық модульдер ***

+

+

+

+

+

+

+

-

-

3

Жұмысшы біліктілігі бойынша кәсіптік модульдер ( 3 біліктіліктен көп емес)

+

+

+

+

+

+

+

-

-

3.1

Соның ішінде: өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Модуль (біліктілік) бойынша оқу уақытының жалпы көлемінен 40 % кем емес

4

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

6

" ____" орта буын маманы біліктілігінің кәсіптік модульдері

-

-

+

+

-

+

+

+

+

6.1

Соның ішінде: өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Модуль (біліктілік) бойынша оқу уақытының жалпы көлемінен 40 % кем емес**

7

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

8

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+

+

+

+

+

+

9

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан көп емес

10

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан көп емес



Барлық академиялық сағаттар

3312

3312

4960

6588

1656

3312

4960

1656

1656

* Ұқсас мамандықтар бойынша;
** Оқу орнының қалауы бойынша ЖБП модульдерге біріктірілуі мүмкін.
*** Кәсіптік модульдерге біріктіру мүмкіндігі болмаса


Техникалық және кәсіптік
білім берудің мемлекетті
жалпыға міндетті стандартына
3- қосымша

Білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын маманы деңгейлері үшін оқытудың кредиттік технологиясы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі

р/с №

Оқу қызметінің модульдері мен түрлерінің атауы

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

техникалық және кәсіптік білім базасында *

Оқыту мерзімі (жыл (ж.) ай (а.))

1 ж.10 ай

2 ж. 10 ай

10 ай

1 ж. 10 ай

10 ай

1

2

3

4

5

6

7

1

Жалпы білім беру пәндері **

48

48

-

-

-

2

Базалық модульдер ***

+

+

+

+

+

3

Жұмысшы біліктілігі бойынша кәсіптік модульдер

+

+

+

+

-

3.1

Міндетті компонент ( 70% дейін)

+

+

+

+

-

3.2

Таңдау бойынша компонент ( 30% дейін)

+

+

+

+

-

3.3

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

Жұмысшы біліктілігіне оқыту уақыты жалпы көлемінен 40 % кем емес

4

Орта буын маманы біліктілігінің кәсіптік модульдері

-

+

-

+

+

4.1

Міндетті компонент ( 70% дейін)

-

+

-

+

+

4.2

Таңдау бойынша компонент ( 30% дейін)

-

+

-

+

+

4.3

Кәсіптік практика

Орта буын маманы біліктілігіне оқыту уақытының жалпы көлемі 40 % кем емес.

5

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

+

6

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+

+



Міндетті оқыту қорытындысы (кредиттер мен академиялық сағаттар бойынша)

120/3600 (2880+720 БӨЖ****)

180/5400 (4320+1080 БӨЖ)

60/1800 (1440+360 БӨЖ)

120/3600 (2880+720 БӨЖ)

60/1800 (1440+360 БӨЖ)

7

Факультативтер

аптасына 4 сағаттан артық емес

8

Консультациялар

жылына 100 сағаттан артық емес



Кредиттер мен академиялық сағаттар бойынша

134/4020 (3300+720 БӨЖ)

201/6030 (4950+1080 БӨЖ)

67/2010 (1650 +360 БӨЖ)

134/4020 (3300+720 БӨЖ)

67/2010 (1650 +360 БӨЖ)

* ұқсас мамандықтар бойынша;
** ТжКБ ұйымының қалауы бойынша модульдерге біріктіріледі;
*** ТжКБ ұйымының қалауы бойынша кәсіптік модульдерге біріктіріледі;
**** Білім алушының өзіндіқ жұмысы (БӨЖ)– оқытушының әдістемелік басшылығымен тапсырма бойынша орындалатын, бірақ оның тікелей қатысуынсыз білім алушылардың жоспарланған жұмысы


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы
№ 604 бұйрығына
6-қосымша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет