Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Cеминар №4. Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары



бет13/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)
algoritmy VOP kz, 1 лекция ок, 7 КЛАСС Зертханалық жұмыс
Cеминар №4. Қазақстан Республикасындағы саяси билік институттары.


Сабақтың жоспары:

  1. Саяси биліктің мәні, оны анықтаудағы түрлі әдістер (бихевиористік, телеологиялық, жүйелік, релятивистік).

  2. Биліктің функциялары.

  3. Саяси биліктің объектісі мен субъектісі, қайнар көздері, қорлары.

  4. Биліктің деңгейлері.

  5. Билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістері.

  6. Саяси және мемлекеттік билік.

  7. Билікті табыстау және биліктің бөлінуі.

  8. Саяси биліктің легитимділігі және оның көздері.

  9. ҚР саяси билік институттары.



Сабақтың мазмұны


Билік дегеніміз не?
Кратология - билікті зерттейтін ғылым, гректің kratos - билік, logos - ілім деген сөзінен шыққан.

  • Билік- басқа адамдардың мінезін өзгерту мүмкіндігі (Г.Саймон).

  • Билік- белгілі бір мақсатқа жету мүмкіндігі (Т.Парсонс).

  • Билік- белгілі бір тәсілдерді қолдану мүмкіндігі, көбінесе күштеуге негізделген (Г.Лассуэл).

  • Билік- басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М.Дюверже).

  • Билік- шешім қабылдау мүмкіндігі (Г.Лассуэл).

  • Билік-біреуге немесе бір нәрсеге тигізетін жәй ғана ықпал емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет (П.Моррис, А.Гидденс).



Биліктің анықтамалары:

  • Бихевиористік – билік адамдардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігіне негізделген айрықша мінез-құлық түрі.

  • Телеологиялық (teleos - мақсатқа жеткен + logos - ұғым, ілім) – билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету мүмкіндігі.

  • Жүйелілік – билікті әлеуметтік жүйе негізінде, яғни оның мақсаты мен міндеттерін орындау құралы ретінде түсіндіреді.

  • Психологиялық – билікті нақты индивидтің мінез-құлқы арқылы түсіндіреді, сол мінез-құлықтың субъективті ниеттемесін, адамдар санасындағы биліктің көздерін ашуға тырысады.

  • Релятивистік (французша «relation»- қарым-қатынас деген сөз) – билікті екі әріптес арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырады, біреуі екіншісіне белгілі бір ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет