Бөж пән: Басқару және ұйымдастыру Тақырыбы


Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі



бет4/9
Дата11.03.2023
өлшемі75,62 Kb.
#171868
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Малик Актоты Баскару (1) (1)
TOTAZHILTJZR11032023185007
2.1. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігі
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту келесі мәселелерді шешеді: 

- қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға мүмкіндік береді, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың қалыптасуы;

- ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;

- тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;

- экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік экономикаға өтімділік, икемділік береді;

- өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;

-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;

- адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;

- еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер, оқып жатқан адамдар) тарту;

- меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының қалыптасуы;

- ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;

- жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және игеру;

- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;

- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;


Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық шарттарын жетілдіруде кәсіпкерліктің құқын қорғау жөніндегі заңдарды түсіндіретін аймақтарда арнайы семинарлар жүргізу, кәсіпкерлер арасында анкета жүргізу, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруашылық субъектілерінің басшылары үшін еңбек туралы, монополияға қарсы заңдар жөнінде түсініктемелер беруді ұйымдастыру қажет. Кәсіпкерлікті ақпараттармен және мамандармен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік негізін жастарға үйрету, ақпараттық-түсіндірме және әдіснамалық көмек көрсету, шағын кәсіпкерлікті тіркеу, қаржыландыру және салық салу курстарын ұйымдастыруда өз жалғасын табуы керек.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамытуда өнеркәсіпте, саудада, құрылыста, көлік шаруашылығында, жалпы алғанда экономиканың барлық секторларын жандандыру, халықтың қолөнері, туризмді дамыту шараларын әзірлеу және жүзеге асыру маңызды орында болуы тиіс.
Импорт алмастыру бағдарламасына сәйкес кәсіпорынның босаған алаңдарында шағын бизнес кәсіпорындарын орналастыру арқылы тауарлардың жаңа түрлерін өндіру жөнінде ұсыныстар кәсіпорын бағдарламаларына енгізілуі тиіс.

  1. Шағын кәсіпкерліктің сыртқы ортасының факторларын басқару дегеніміз – шағын кәсіпорынның қызметіне аса қажетті сыртқы ортаның жаңа элементтерін (мысалы, ірі және кіші бизнес арасындағы кооперациялық байланыстар жүйесі) құрып, бүгінгі күнге дейін қалыптасқан факторларының озығын жетілдіру және келеңсіздеріне тосқауыл қою.

  2. Жекелеген шағын кәсіпорындарға тікелей қолдау көрсету – арнайы инфрақұрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

    • қаржылық институттар (шағын кәсіпкерлікті қолдау қорлары, арнайы банктер, қаржы сақтандыру қорлары);

    • лизинг компаниялары;

    • бизнес-инкубаторлар, технопарктер, кластерлер, өнеркәсіп компаниялары және тағы басқалары;

    • шағын кәсіпкерлікті дамытудың агенттіктері мен орталықтары;

    • технологияларды тарату орталықтары;

    • ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері;

    • оқу орталықтары;

    • бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтік, көлік және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі арнайы фирмалар, мамандар таңдауға жәрдемдесетін агенттіктер.

3. Қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуі қолдау көрсетудің нақты стратегиялық бағыттарын анықтаумен тығыз байланысты. Қолдау жүйесін ұйымдастыруда мемлекеттік бақылау құрылымдары мен олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілеп алудың маңызы ерекше. Жүйенің басым бағыттарын ырғақты дамыту арқылы кең қанатты интеграциялық өркендеуге қол жеткізуге әбден болады.Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай, аймақтық, және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.
Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту шараларын жетілдіру үшін:

  • салықтық есеп қағидалары мен төлеу процедуралары, салық салу базасын, салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістерді жылына бір реттен жиі емес мемлекеттік бюджетті қабылдауға байланысты енгізуді шектеу және оны күнтізбелік жыл басына енгізу;

  • қаржы операцияларын қолма-қолсыз есеп айырысу жөніндегі барлық қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;

  • несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;

  • шағын кәсіпкерлікті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет