Бөж пән: Басқару және ұйымдастыру Тақырыбы


IV. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау



бет7/9
Дата11.03.2023
өлшемі75,62 Kb.
#171868
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Малик Актоты Баскару (1) (1)
TOTAZHILTJZR11032023185007
IV. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:
- Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы;
- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қолжетімділігі;
- шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту:
1) қаржылық қолдау көрсету;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру;
5) өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) кепiлдік берілген көлемiн сатып алу.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) номенклатурасын және олардың көлемiн Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды;
2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру;
5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуда лизингтік несиелендіру көмегімен өндірісті қалыпқа келтіруге болатыны шетел тәжірибелерінен белгілі. Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды. Лизинг 100% несиелеуді ұсынады, кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады. Мұның барлығы шағын кәсіпкерлікті дамытуға өз үлесін қосады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жолындағы мақсаттар 1997жылы Президенттің «Шағын бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шаралары туралы» және «Қазақстан Республикасында шағын бизнесті қолдау мен дамытудың жергілікті бағдарламалары туралы» жарлықтарынан бастау алады. Осы нормативтік актілерде мемлекеттік саясаттың осы сферадағы бағыттары көрсетіледі. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлікті қолдау координациясы, сондай-ақ олардың халықаралық қаржы институттарымен шағын кәсіпкерлк бағытына техникалық және қаржылық көмек жасау туралы қарым - қатынаста болуы сипатталады. Бұл бағыттарды қолдау Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлігі құрамындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігіне жүктеледі. Қазіргі таңда шағын бизнесті қолдау облысындағы қызметтер Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігіне тапсырылады.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы алғашқы бағыттар мыналар болып табылады:
-халық тауарларын өндіруді дамыту, импорт, құрылыс материалдарын, әртүрлі құрылғы түрлерін шығару;
- қызмет сферасын дамыту:
- аграрлық жүйе өнімдерін шығару өндірісін дамыту.
Үкімет 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде “Бизнестің жол картасы-2020” бірыңғай бюджеттік бағдарламасын енгізді. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болды.
Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

    • несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;

    • шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;

    • бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;

    • кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы

және әлеуметтік жұмыс орындары.
“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет