Бөж пән: Басқару және ұйымдастыру Тақырыбы


ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар



бет3/9
Дата11.03.2023
өлшемі75,62 Kb.
#171868
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Малик Актоты Баскару (1) (1)
TOTAZHILTJZR11032023185007
1.ҚР-сы өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы жұмыскерлердің тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар.
«Шағын кәсіпорын» кәсіпорындары – мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):

  • жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін;

  • активтердің жылдық орташа жалпы құны 70000 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;

  • мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:

  • толық серіктестік;

  • сенім серіктестігі;

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  • қосымша жауапкершілікті серіктестік;

  • өндірістік кооператив.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:

  • белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;

  • жаңа, яғни таяуда ғана тіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;

  • уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың басты мақсаты кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету негiзiнде шағын және орта бизнес ұстанымдарын кеңейту және нығайту болып табылады. 
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

  • бизнес пен мемлекеттiң әрiптестiгiн нығайту;

  • шағын және орта кәсiпкерлiктi жедел дамыту үшiн жағдайлар жасау;

  • жеке кәсiпкерлiк пен мемлекеттiң тиiмдi өзара iс-қимылы;

  • жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдауды қалыптастыруға жаңа ұстанымдар әзiрлеу.

II. Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін пайдалы, әрі тиімді.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы және олардың қызмет тиімділігін арттыру еліміздегі бірқатар маңызды мәселелердің оң шешімін табуына өзіндік ықпалын тигізеді. Бұл оның экономикадағы рөлінің жоғары болуымен де тығыз байланысты. Шағын кәсіпкерлікті дамыту тек экономикалық тиімділікті ғана емес әлеуметтік тиімділікке де айтарлықтай ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет