Key words:
bachelor-biologist, modernization, pedagogical practice, professional competence, pedagogical education,
vocational training, professional skills.
Қоғам дамуында білім беру жҥйесінде ҿзгеріс жасауды талап етіп отыр. Оның ішінде педагог
кадрларды даярлау сапасын ҽлемдік деңгейге кҿтеру мҽселесін Елбасы Н.Ҽ. Назарбаев ҿзінің жыл
сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында айтып келеді [1].
Отандық кҽсіби білім берудің негізгі мақсаты – рухани жанғырту жағдайында білім сапасын
кҿтеру. Жоғары педагогикалық оқу орындарындағы биолог-бакалаврлардың тҧлға ретінде қалып-
тасуы, жоғары білімді, ҿз ісінің шебер маманын даярлау мҽселесі қай кезде де ҿзекті мҽселелердің
бірі. Қазіргі таңда жаңартылған білім бағдарламалары негізінде практикаға бағыттап оқытудың
ғылыми-ҽдістемелік негізін қалыптастыру білім беру саласы алдында тҧрған негізгі міндеттің бірі
болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім заңы», Қазақстан Республикасының білімді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының жоғары педагоги-
калық білім беру тҧжырымдамасы жҽне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ҽ. Назарбаевтың
жыл сайын Қазақстан халқына ҧсынатын жолдауының негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға
қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде кҽсіби мамандарды шебер де іскер етіп даярлауға, бҥгінгі
заманға лайықты ҿмір сҥру мен жҧмыс жасау болып табылады делінген [2].
Педагогикалық практика туралы бірқатар авторлардың еңбектері мен зерттеулері студенттердің
педагогикалық іс-ҽрекетіне, ынтасына, қабілетіне, мамандыққа қызығушылығына, мотивіне арналған.
Педагогтарды даярлайтын жоғары педагогикалық білім беруді дамыту ең алдымен педагог-тҧлға-
сына адамгершілік ҽлеуетіне, шеберлігіне т.б. байланысты. Сондықтан жоғары оқу орындарында
болашақ биолог мамандарды практикаға бағыттап дайындауда жаңа талаптарға қайта қарау, оның
теориясы мен ғылыми-ҽдістемелік негіздерін жаңарту мҽселелерін зерттеу айрықша мҽнге ие.
Біріншіден – студенттердің жоғары оқу орны қабырғасында алған теориялық білімдері мен кҽсіби
дайындығы нҽтижесі, педагогикалық практика кезінде шыңдала тҥседі.
Екіншіден – педагогикалық практика кезінде студенттер оқушылармен тікелей қарым-қатынаста
болу арқылы олардың тҧлғалық ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, мінез-қҧлықтарындағы
кейбір кемшіліктерді тҥзетуге ҧмтылады.
Ҥшіншіден – педагогикалық практика кезінде студенттердің кҽсіби қалыптасуының мҽні арта
тҥсіп, «мен білемін», «ҥйренемін», «ҥйретемін», «тҽрбиелеймін», «қарым-қатынас жасай аламын»
деген сенімдері нығаяды. Оқушыларды тҽрбиелеп, ҥйретумен қатар, студент ҿзін-ҿзі тҽрбиелеумен
айналысады, сондай-ақ қиындықты жеңуге, оқу ҥдерісінде кездескен мҽселелердің шешімін табуға
ҥйренеді, педагогикалық ойлауы ҥздіксіз дамып отырады. Педагогикалық практика барысын ҧйым-
дастыру кезеңіндегі басты мҽселелердің бірі
–
студенттерге практиканың негізгі міндеттерін
айқындап талдап жеткізу.
Педагогикалық практика студенттердің ҿзін-ҿзі дамытуға, ізденісіне, ҿз икемдігі мен дарынды-
лығын айқындауға себепкер болады. Ҿйткені, қазіргі таңда педагогтардың ҿзінің алдына қойған
міндеттерінің бірі бҧл
–
мҧғалімнің ҿзін-ҿзі бағалау қасиеті.
Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018
65
«Практика» ҧғымы ежелгі грек тілінен енген, ол «ҽрекет, қимыл» деген мағынаны білдіреді. Прак-
тикада білімгер ҿз бойындағы іскерліктер мен дағдыларды, кҽсіби қҧзіреттілігін тиімді дҽлелдеуі тиіс.
Философиялық сҿздікке кҿз жҥгіртсек, практика ҧғымы бҧл
–
қоғамның заманауи дамуын қамта-
масыз ететін білім алушылардың іс-ҽрекеті [3].
Студенттердің университет қабырғасында алған теориялық білімі жоғарғы курста педагогикалық
практика барысында кҽсібиленеді. Педагогикалық практика барысында, биолог мҧғалімдерді дайын-
дау бҧл
–
студенттердің ҽдістемелік дағдысын қалыптастырумен бірге олардың кҽсіби шеберліктерін
дамытудыдың жаңа педагогикалық ҽдіс-тҽсілдерді қолданудың керектігін кҿрсетеді.
Педагогикалық практикалардың кҽсіби деңгейде ҧйымдастыру мақсатында біз келесідей қағида-
ларды ескеруіміз керек:
1. Педагогикалық практиканы ҧйымдастырудың мҽні
–
студенттердің дайындық деңгейінің
ескерілуі.
2. Студенттер педагогикалық практикада сабақ барысында кездескен жағдаятты талдап, тҧжы-
рым жасау арқылы болашақ маман ретінде біліктілігін арттыруы.
3. Педагогикалық практика бағдарламасының мазмҧндық қҧрылымының дҧрыстығы мен студент-
терге алдын-ала берілген тапсырмалардың кешенінің болуы.
4. Педагогикалық практика жетекшілерінің студенттердің болашақ мҧғалім ретінде жҧмыс
жҥргізуін қадағалап, оларға дҧрыс бағыт беруі.
Болашақ мамандардың педагогикалық практика барысында кҽсіби шеберліктерінің қалыптасу
деңгейі ҥш кезеңнен тҧрады:
-
жоғары деңгей: оқытуды жҥйелі ҧйымдастыруы; ҽдіс-тҽсілдерді қолдана білуі; жаңа техноло-
гияларды игеруі; шығармашылыққа баулуы; қарым-қатынастық стильдің сақталуы; педагогикалық
іс-қҧжаттарды басшылыққа алуы;
-
орта деңгей: жаңа технологияны жете меңгерген; мҧғалімдік жҧмысқа қызығушылығы бар бол-
ғанымен, барлық жҧмыстарды дҽстҥрлі ҧйымдастыруға бейімдігі, тҧйықтық, қысылушылық қасиет-
тердің болуы.
-
тҿменгі деңгей: тиімді ҽдістерді қолдануда педагогикалық дайындығы тҿмен, теориялық тҥсінік
болғанымен, практикалық тҧрғыда қолданыстың жҽне мҽдениеттің тҿмендігі [4].
Жоғары оқу орындарында модернизация жағдайында ҧйымдастырылған педагогикалық практика
– студенттердің кҽсіби бағытын қалыптастыруда маңызды. Себебі, практика барысында студенттер
таңдаған мамандығы бойынша кҽсіби-тҧлғалық қасиеттері қалыптасады. Биология бакалаврын
дайындау барысында кҽсіби бағыттылығын қалыптастыру бҧл педагогикалық практиканы ҧйым-
дастырудың басты мақсаты болуы тиіс.
Биолог бакалаврлардың кҽсіби бағыттылығының қалыптасуын ескере отырып, педагогикалық
практиканың кҽсіби бағытының моделі қҧрылды. Бҧл модельде студенттердің кҽсіби қызығушы-
лығы, қҧзыреттілігі, іскерлік қабілетінің негізгі ҿлшемдері басшылыққа алынды. Жасалынған талдау-
ларды ескере отырып, мынадай ҧсыныстарды беруге болады:
-
жоғары оқу орындарында педагогикалық практиканың ҧйымдастыруда жҥйелілік, бірізділіктің
болуы;
-
биолог бакалаврларды даярлау жҥйесінде кешенді педагогикалық практиканың алатын орнын
айқындау;
-
студенттердің кҽсіби қҧзыреттілігін қалыптастыру, практиканың атқаратын міндеттерін шешу;
-
биолог бакалаврларды дайындау ҥдерісіндегі педагогикалық практиканың мазмҧнын толықтыру
[5].
Қорыта келгенде, педагогикалық практика болашақ педагогтарды кҽсіби қалыптастыруды ҥлкен
рҿл ойнайды. Практика барысында студенттердің теориялық білімдері тереңдеп кеңейе тҥседі, олар-
дың педагогикалық білік, дағды іскерліктері жҽне кҽсіби-тҧлғалық сапалары, сапалық қасиеттері қа-
лыптасады, педагогикалық ойлау, шығармашылық белсенділік жҽне ҿз бетінше жҧмыс жасау ҽрекет-
тері дамиды. Оқытушылар мен студенттердің алдында педагогикалық практиканың мҥмкіндіктерін
болашақ педагогтардың дайындығын ҿз бетінше педагогикалық ҽрҽкет орындауда кеңінен қолдану
міндеті тҧр.
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018
66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР-ның білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 2004 ж.
2. Сарменова Ж.Н., Рахметов Қ.Ж. Философия: Оқу құралы. – Алматы, 2003. – 87 б.
3. Философиялық сӛздік Қазақ энциклопедиясы. – Алматы, 1996. – 347 б.
4. Балабаева А. Педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру: п.ғ.к.
автореф. дисс. – Алматы, 2005. – 24 б.
5. Чилдебаев Ж.Б., Нургалиева А.К. Формирование профессиональной компетентности будущего учителя
биологии посредством педагогической практики в школе. Международная научно-практическая конференция.
«Биологическое и экологическое образование в школе и вузе: теория, методика, практика». – Санкт-Петербург,
2017. – 257-259 б.
Достарыңызбен бөлісу: |