Менің елім – Қазақстан. Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. Қазақстан республикасының бас қаласы – Астана туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру. Мемлекеттік рəміздер туралы (Ту, Елтаңба, Əнұран) білімдерін қалыптастыру.Өз елінің рəміздеріне құрметпен қарауға тəрбиелеу. Отанына, оның өткені мен бүгініне қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.