Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет117/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

24. Күкірт қышқылы өндірісі.
Күкірт қышқылы өндірісінде негізгі шикізаттар ретінде қарапайым күкірті бар әр түрлі қосылыстар - темір колчеданы FeS2, ғаныш CaSO4·2H2O, түсті металдардың сульфидтері Cu2S, ZnS, RbS, күкіртсутек H2S, түсті металлургияның шығарынды газдары қолданылады. Қазақстанда күкірт қышқылын Өскеменде, Балқашда, Шымкентте, Таразда шығарынды газдардан алады.
Күкірт қышқылын өндіру үшін өнеркәсіпте, алдымен күкірт диоксидін алады, содан кейін оны күкірт диоксидіне тотықтырады, ары қарай күкірт үшоксидін күкірт қышқылына айналдырады. Күкірт қышқылын өндіру үшін шикізат ретінде элементарлық күкірт немесе элементті күкіртті бөліп алуға болмаса күкірт қос тотығын бөліп алуға болатын құрамында күкірті бар заттар қолданылады. Тума күкірттің табиғи кендері өте сирек кездеседі, негізінен табиғатта күкірт темірмен, мырышпен, мыспен, қорғасынмен және т.б. металдармен қосылыс түрінде кездеседі. Кейбір минералдарда күкірт екі металмен қосылыс түрінде кездеседі, мысалы, мыс колчеданы (халькопирит) күкірттің темір және мыс қосылысы болып табылады. Табиғатта күкірт сульфаттар түрінеде кездеседі, мысалы, гипс (кальций сульфаты), мирабилит (натрий сульфаты), глауберит (натрий мен кальций сулбфаты) және т.б. Жер қыртысындағы күкірттің жалпы мөлшері 0,1 пайыз. Сонымен бірге күкірт мұнайда, тас көмірде, жолайы және табиғи газдарда да болады.
Мыс, мырыш, қорғасын кендері мен концентраттарын, сонымен бірге құрамында басқа да түсті металдар бар кендерін күйдіру процесі кезінде тастанды газдар және түсті металдарды айырып алу үшін қайта өңделетін қатты балқынды қалдықтар түзіледі. Түсті металлургияның тастанды газдарын пайдаланудың үлкен экономикалық маңызы бар, өйткені мыстың әр тоннасына құрамында күкірті бар шикізатты күйдіру үшін арнайы шығынсыз 10 тоннадан астам күкірт қышқылын алуға мүмкіндік береді. Осыған орай тастанды газдардан күкірт қос тотығын айырып алу металлургиялық зауыттар орналасқан аудандарда экологиялық жағдайын
едәуір жақсартады.
Түрлі-түсті металлургия кендері күйдіруі конверторлы шағылдырғыш
пештерде, қайнау қабаты пештерінде іске асырылады. Осыдан түзілетін газдарда сәйкесінше күйдіру конверторлы және тағы басқа газдар деп атайды. Күйдіру газдары мен қайнау қабаты пештерінің газдары құрамы бойынша күкіртті колчеданды күйдіргенде түзілетін газдардан айырмашылы шамалы, сондықтан оларды тікелей күкірт қышқылын өндіру үшін пайдалануға болады. Шикізатты күйдіру пештерін қарқындату және алынатын жартылай өнім - балқынды қалдықтың сапасын жақсарту үшін түрлі-түсті металлургияда пешке үрілетін ауадағы мөлшері 30 - 35 пайыз О2 жететін оттегіні қолданады немесе күйдіру үрдісін технологиялық оттегі (95 пайыз О2 ) ортасында жүреді. Газды күкіртті түрлі-түсті металлургияның
тастанды газдарынан, жолайы мұнай және табиғи газдардан бөліп алады. Түрлі-түсті металлургия газдарынан алынатын газды күкірттіңі құрамында мышъяк және басқа да зиянды қоспалар мөлшері көп болады, сондықтан газды күкіртті жаққанда түзілетін күкірт қос тотығын жанасу күкірт қышқылы өндірісінде каталшизаторға жіберер алдында мұқият тазалау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет