Денешынықтыру



бет182/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430
Құралдар мен материалдар: кегель –12 дана, орындықтар (орындықтың биіктігі – 30 см, ені – 20 см) – 4 дана, қарақұс пен тауықтың бетпердесі.
Билингвалды компонент: орындық – скамейка, орындық үстімен жүру – ходьба по скамейке, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Орындықты бір-біріне параллель бағытта қойып шығады. Балалардың назарын орындықтарға аударады.
II. Негізгі кезең.
«Орныңды тап!» ойынын ойнауды ұсынады. Балалардың назарын орындықта бір-бірін итеруге болмайтынына аударады.
Орындық үстінде жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Тепе-теңдік сақтау қабілетін дамытуға назар аудару қажет.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау:
Қолын белге қойып, гимнастикалық орындықтың үстімен жүру (орындықтың ұзындығы – 35 см, ені – 20 см). Бас пен денені тік ұстау қажеттігіне балалардың назарын аударады. Жаттығудың орындалуын қадағалау, жүруге қорыққан балаларды сақтандыру.
Қатарласа қойылған заттардың арасымен алақанды және табанды тіреп, төрт аяқтап еңбектеу. Кегельдерді алты данадан екі қатарға қойып шығады. Кегельдерді айналып өту қабілетіне назар аударады.
Ойын ұйымдастыру: «Балапандар».
Ойын тәртібін түсіндіру. Тізбекте жылдам тұру және «паровоз» болып жүру қабілетіне назар аударады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Ойын: «Шеңберді айнала». Шеңберді айнала Жүрміз біз жай ғана.
Көрсеткен қимылды
Аудыртпай саламыз, Жаттығу жасаймыз,
Шаршамаймыз, талмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет