Денешынықтыру


-жартыжылдық Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 49



бет210/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

2-жартыжылдық Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 49


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Ерекше сайыс
Мақсаты: Жарыстар ұйымдастыру арқылы балалардың қозғалыс әлеуетін дамыту. Міндеттері: жарыстардың көмегімен балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін дамытуды жалғастырамыз. Бір орыннан ұзындыққа секірген кезде бастапқы қалыпты сақтау қабілетін нығайту, өзінің қатардағы орнын тез табу қабілетін нығайту, залдағы кеңістікті толық пайдалануға, жүрген кезде бір-біріне кедергі келтірмеуге үйрету. Допты екпінмен итеру және доптың қозғалыс бағытын сақтау қабілетін жетілдіру, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту. Қозғалыс үйлесімділігін дамыту, ептілікке, зейінділікке баулу; төзімді, тәртіпті болуға үйрету; күшті, епті болуға деген қызығушылығын ояту. Күтілетін нәтиже: жасайды: реттеуші жаттығуларды, текшені пайдаланып жалпы дамытатын жаттығуларды, ойындағы рөлдерді орындайды.
түсінеді: залда бытырап жүру, педагогтің белгісі бойынша өзінің саптағы орнын тез табу жолдарын, затты нысанаға қалай жеткізу керектігін түсінеді. қолданады: ұзындыққа секірген кезде күшпен итерілу қабілетін, допты қолмен жеңіл итеріп, қозғалыс бағытын сақтау қабілетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет