Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Ауа температурасының гигиеналық маңызы



бет9/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

6.Ауа температурасының гигиеналық маңызы

Ауаның температурасының гигиеналық маңызы оның денедегі жылу тепе-теңдігін сақтаудағы әсерінде болады.

Мал денесінің температурасы (жылы қанды малдарда) сыртқы ортаның температурасының өзгеруіне қарамастан тұрақты болады (белгілі бір шекке дейін). Барлық малдарды дене температурасына қарап екі топқа бөледі. Бірінші – гомойотермді - дене температурасы тұрақты, екінші – пойкилотермді – дене температурасы сыртқы ортаның температурасына байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасынан 2-3 градусқа жоғары болып келеді.

Жылы қанды малдардың (құстар) дене температурасы, әсіресе қан, жүрек, бауыр, бүйрек мүшелерінің температурасы тұрақты болады. Ал тері температурасы сыртқы ортаның әсеріне байланысты жиі өзгеріске ұшырап, ауытқып отырады. Организмнің дене температурасының тұрақтылығын сақтау терморегуляция процесстеріне тікелей байланысты болады. Оның негізі болып денедегі жылу түзілу (химиялық) және жылу тарау процесстерінің тепе-теңдігін сақтау болып саналады. Денедегі жылудың түзілуі де және оның денеден ортаға тарауы да нерв жүйесінің басқаруымен сыртқы ортаның температурасына тікелей байланысты болады. Терморегуляцияның орталығы (басқару) бастың миының гипотоламикалық аймағында орналасқан. Оған нерв талшықтары арқылы организмдегі әр мүшелердің және сыртқы ортаның температурасының өзгерістері туралы хабар түсіп тұрады. Соның нәтижесінде денедегі жылу түзілуді немесе тарауын аттырып не кеміту арқылы бақылау жасалып отырады.

Денедегі жылудың түзілуі ұлпалардағы тотығу процесстерінің нәтижесінде, яғни зат алмасу процесстерімен тығыз байланыста болады. Организм жылу түзілудің көзі есебінде белоктарды, майларды және қанттарды пайдаланады. Мысалы, 1 г белок немесе қант ыдыраған кезде 4,1 ккал (17,13 кДж), ал 1 г майдан – 9,3 ккал (38,87 кДж) жылу бөлінеді.

Сыртқы ортаның температурасы бұл процессті өзгертуге себепші болады. Мысалы, сыртқы ауаның температурасы төмен болса, денедегі жылу түзілу процессі жоғарылайды, ал температура жоғарыласа, керісінше төмендейді (белгілі бір межеге дейін). Соған қарап денеде жылу алмасудың төрт аймағы болады: бірінші – төменгі, екінші – бейтарап, үшінші – зат алмасудың төменгі шегі, төртінші - зат алмасудың жоғарғы шегі. Әрбір малдың түріне, жасына, өніміне т.б. ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән температура аймағы болады, онда организм өзінің өмірін сақтау үшін ең аз (минимум) мөлшерде энергия жұмсап, өнімін кемітпейді, яғни ең жағымды температуралық аймақ, немесе жылудың бейтарап, бірқалыпты немесе комфортты, немесе индиференттік аймағы деп атайды. Бұл аймақтың төменгі және жоғарғы шегі қауіпті (критичесий) температуралық көрсеткіш болады (t3, t4).

Бұл жылудың бейтарап (бірқалыпты) аймағында организмдегі жылу түзілу мен тарау процесстерінің шамасы және азық шығыны ең төменгі мөлшерде болады. Жылудың бірқалыпты аймағының шамасы әртүрлі факторларға: азықтандыру мөлшеріне, малдың түріне, жасына, күйіне, физиологиялық ерекшеліктеріне (өнімділігі, буаздығы, жынысы, бейімделуі немесе шынығу шамасы т.б.) және ауа райы (микроклимат) әсерін тигізеді. Мысалы, күйі жақсы жоғарғы өнімді сиыр малына қалыпты температура аймағы болып 3-18 градус (шет елдің зерттеулері бойынша), ал аш күйі төмен малдар үшін бұл көрсеткіш 2-5 градусқа жоғары болып келеді. Сол сияқты жас төлдердің бірқалыпты жылу аймағы ересек малдардікімен салыстырғанда бірталай жоғары болып келеді. Мысалы, ересек шошқалар үшін бірқалыпты жылу аймағы 16-20 градус болса, жас торайлар үшін 33-35 градус болады. Жас туған қозылар мен торайлардың бірқалыпты жылу аймағының төменгі және жоғарғы қауіпті шегінің айырмасы барлығы 1-2 градус қана болады, яғни жас туған төлдердің температуралық стресске өте сезімтал екендігін көрсетеді. Бірқалыпты жылу аймағының жоғарғы шегі дене температурасынан төмен болады.

Жас малдарды төменгі температурада ұстап шынықтыру үшін, оларға мол құнарлы азық қажет болатындығы тәжірибеде дәлелденген.

Бірақ, мал организмі неғұрлым сыртқы ортаның факторларының өзгеруіне қалыптасқан (бейімделген) болса, солғұрлым бірқалыпты жылу аймағының шекарасы кең болады. Егер суық жерлерде өсірілген малдар үшін бұл жылу аймағы төменгі температурада болса, ыстық жақтағы мал тұқымдарына бірқалыпты жылу аймағының температура шегі жоғарырақ болады.

Сыртқы ортаның температурасы ірі қара малының бірқалыпты жылу аймағының әрбір градусқа төмендегені зат алмасу процессінің шамасын 2-3 пайызға (%), ал шошқа малдарында 4 пайызға жоғарылатады. Сондықтан ортаның температурасы әр малдардың ерекшеліктеріне (жасы, тұқымы, күйі т.б.) сәйкес бірқалыпты жылу аймағының мөлшеріндей (азғана ауытқуымен) болуға тиіс. Сонда ғана денедегі жылу түзілу мен тарауы төмен және азық шығыны аз болады. Организмде жылу түзілу процессімен қатар жылудың сыртқы ортаға тарауы тоқтаусыз жүріп тұрады.

Денедегі жылудың сыртқы ортаға тарауына тек қана температура емес, ауаның ылғалдылығы мен қозғалысы әсер етеді. Ауаның бұл үш көрсеткіштерінің денеден жылудың сыртқы ортаға тарауына тигізетін әсерінің өте жоғарылығы сонша, кейде организм қалыпты дене температурасын сақтау үшін өзінің энергиялық қорларын (азықтың көп бөлігін) артық шығындауға мәжбүр болады. Ауа температурасы төмен, ылғалдылығы жоғары, қозғалысы көп болған сайын азық шығыны молая береді. Денеден жылудың сыртқа тарауы төрт жолмен жүреді.

Бірінші радиациялық жол – көзге көрінбейтін жылулық инфрақызыл сәулелердің таралуынан болады. Егер мал денесінің температурасы сыртқы ортаның (ауа, қора бөлшектері т.б.) температурасынан жоғары болса, организмнен инфрақызыл сәуле жылулары ортаға ауысады да теріс радиациялық тепе-теңдік туады, керісінше қоршаған ортаның температурасы мал денесінің температурасынан жоғары болса, инфрақызыл сәуле жылуы заттан денеге ауысып радиацияның оң тепе-теңдігі туады. Ал орта температурасы мен дене температурасы тең болса радиация тоғысып тепе-теңдік нолге тең болады. Сондықтан мал қораның ауасының, ондағы бөлшектердің температурасы, көбінесе қыс мезгілінде, дене температурасынан төмен болады да (теріс радиациялық тепе-теңдік) организмнен осы жол арқылы жылудың тарауы артады.

Екінші конвекциялық жол – мал денесін қоршап тұрған ауаның алмасып, жаңаруынан болады. Бұндай жолмен жылудың тарауының шамасы мал денесінің температурасы мен ауа температурасының айырмасына, дене бетінің ауданына және ауаның ылғалдылығы мен қозғалысының жылдамдығына тікелей байланысты болады. Ауаның төменгі температурасында жоғарғы ылғалдылық жылу өткізгіштігін арттырып, жылудың денеден көп тарауына себепші болады. Мұнымен қоса ауаның қозғалысы жоғары болса, дене айналасындағы ауа тез алмасады да, жылудың тарауы артады. Сондықтан қора ауасының қозғалысы, әсіресе суық кезінде, жоғары болмауға тиіс, өйтпесе денені суыққа ұрындырады.

Үшінші кондукциялық (өткізгіштік) жол – мал денесінің басқа суық затқа тиіп жылуын өткізуін айтады. Жылудың кондукциялық жолмен тарауы мал денесінің температурасы мен басқа заттардың (қора қабырғасы, еден, жер т.б.) температураларының айырмасына және ол заттардың жылу өткізгіштік қасиеттеріне тікелей байланысты болады. Мал денесі температурасы төмен заттармен жұғысқанда, жылу ол заттың температурасы дене температурасымен жуықтап теңескенше тарай береді. Сондықтан малдар суық-сыз жерлерге жатқанда, әсіресе жас төлдер, бойындағы жылудың көбін осы өткізгіштік арқылы жоғалтып, суыққа ұрынады. Ортаның ауасының температурасы дене мен заттардың температурасымен тең немесе жоғары болса жылудың радиациялық және кондукциялық тарау жолдары тежеліп, тоқтап қалады. Ондай жағдайда денеден жылу тарау төртінші жолмен жүреді.

Төртінші булану жолы – малдың тері бетінен тер бездері арқылы судың булануы. Бір грамм судың булануы үшін 0,6 ккал мөлшерінде жылу тарайды. Тері бетінен су буының тарауы, неғұрлым ауа температурасы мен қозғалысы жоғары болса, солғұрлым көп болады. Қоршаған ауаның температурасы тері температурасына тең немесе жоғары болса жылудың тарауының булану жолы ең бастысы болады (жылудың тарауының 95 пайызына дейін). Ауаның жоғарғы ылғалдылығы жылудың булану арқылы тарауын бөгейді.Сондықтан, малдардың денесінен жылудың булану жолымен тарауы үшін ауа температурасы жоғары болғанда, ылғалдылығы төмен болуы қажет. Организмнің жылу алмасуының тепе-теңдігі (жылу түзілу мен жылу тарау) шексіз емес. Егер сыртқы ортаның ауасының өте жоғарғы немесе төменгі температурасы әсер етсе организмнің жылу тепе-теңдігі бұзылып, денеде патологиялық өзгерістер туады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет