Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары


ДӘРІС. 9: ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР, ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ



бет16/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП
Дәрістер жиынтығы ӘП, 1590813259367 (2), pdf 20230505 143044 0000
ДӘРІС. 9: ӘЛЕУМЕТТІК АУЫТҚУЛАР, ОЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ


Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтік-педагогикалық қалып туралы түсінік, оның қоғамдық категория ретіндегі мәні
2.Әлеуметтік-педагогикалық қалыптан ауытқу түсінігі және қалыптан ауытқудың себептері
3.Әлеуметтік-педагогикалық қалыптан ауытқудың түрлері, олардың өзара ықпалы
4.Әлеуметтік-педагогикалық ауытқуы бар балалардың белгілері мен ауытқу құбылыстарының алдын алу жолдары
Қандай қоғамда болмасын, тіпті дамудың қандай сатысында болса да өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін адамдар кездеседі. Олар - дене немесе психологиялық, әлеуметтік жағынан ауытқулары бар адамдар. Ондай адамдар қашанда басқа адамдар тобынан ерекшеленіп тұрады және олардың қасиеттері мен іс-әрекеттерін қалыпты жағдайға сәйкес келмейді деп айтуға болады.
Қалып (норма) ұғымы медицина, психология, педагогика және физиология ғылымыдарында кеңінен қолданылады. «Қалып» ұғымының мәніне сипаттама берудің қиындығы оның терминдік түсінігінде ғана емес, мазмұнында да болып отыр. Өйткені адамдар қоғамында қабылданған талаптарға сай «қалып» түсінігі ұлттық, менталитететік сипатқа байланысты да ерекшеленуі мүмкін.
Ауытқу негативті немесе позитивті сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, баланың қалыптан ауытқуы кейде оның ақыл-ойы жағынан кемістігі болып саналса, кейде ол талантты болуымен айқындалады.
Шартты түрде қалыптан ауытқу құбылысын төрт түрге бөлуге болады. Олар: денедегі ауытқу, психикалық ауытқу, педагогикалық ауытқу, әлеуметтік ауытқу.
1.Денедегі қалыптан ауытқу құбылысы адамдардың денсаулығындағы кемшіліктерге байланысты болып, медициналық көрсеткіштермен айқындалады. Медицинада әрбір жас ерекшелігіне сай адамдардың денінің саулығын сипаттайтын өзіндік көрсеткіштері (салмағы, бойы, көкірек көлемі, және т.б.) айқындалған. Денсаулығы мен дамуы жағынан ауытқуы бар адамдардың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
- дерт – психикалық немесе физиологиялық функциясында аномальдық құбылыстың болуы, қандай да бір іс-әрекетті орындауда қиындық туғызатын аномальдық құрылым элементтерінің кездесуі;
- мүмкіндігі шектелген – адам қимылында қалыпты болған әрекеттерді жасауда қабілеттіліктің болмауы немесе шектелуі;
- мүгедектік – жас ерекшелік, жыныстық және әлеуметтік факторлардан туындайтын қандай да бір нормативтік рөлдерді орындауды шектейтін немесе кедергі келтіретін нақтылы адамның мүмкіндігінің шектелуі немесе дефектісінің кез келген салдары;
2.Психикалық ауытқу баланың ақыл-ойы дамуымен, психикалық жетіспеушілігімен байланысты айқындалады. Оған адамның сөзі, эмоциялық-еріктік күші, сондай-ақ сөйлеудегі кемшіліктер, тұтығу, оқу мен білім мазмұнын баяндаудағы кемшіліктер жатады. Баланың ақыл-ойы жағынан дамымай қалуы жүйке жүйесінің тума дефектісі немесе аурудың салдарынан болуы мүмкін.
3.Педагогикалық ауытқу - бұл ұғым немесе түсінік әлеуметтік педагогика мен педагогика ғылымында өте аз қолданылады. Бұл ең алдымен педагогикалық мақсатты жүзеге асыруда білім алушының әрекетінде қалыптасқан нормалар мен көрсеткіштерді салыстыру арқылы реттеп отыратын ынталандырудың тұлға дамуына әсерімен іске асырылады.
Әлеуметтік ауытқу - ол «әлеуметтік қалып» ұғымымен байланысты. Әлеуметтік қалып - қоғам дамуының өзіндік кезеңінде қалыптасқан және арнайы қабылданған әлеуметтік топтың немесе адамдардың мінез-құлық әрекеттерінің үлгі ережесі. Шын мәнінде әлеуметтік қалып қажет етілген мінез-құлықтың моделі ретінде қабылданады.
Әлеуметтік педагог қызметінде әлеуметтік қалып пен ауытқу шекарасын білу және айқындау өте маңызды. Қалыпты мінез бен әлеуметтік ауытқу орын алатын мінез-құлықты сипаттайтын: еріксіздік пен шектен тыс белсенділік, қорқыныш пен ызақорлық және т.б. қасиеттер осы екі ұғым арасын айқындайтын түсініктер болып табылады.
Сондықтан әлеуметтік педагог қызметінің бір қыры ауытқудың алдын алуға, қоғамда қабылданған мінез-құлық пен іс-әрекет қалыптары мен талаптарының бұзылуын болдырмауға бағытталса, екінші қыры, бойында ауытқудың белгілері байқалған балаларды реабилитациялауға бағытталады. Бұл балаға қалай көмектесу керек, қоғамға қалай қосу қажет деген сауал төңірегінде атқарылатын өте маңызды да ауқымды жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет