Дәріс 1 Микроэкономика пәні және әдістері



бет50/79
Дата18.04.2022
өлшемі1,29 Mb.
#139740
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Байланысты:
Дәріс (4)

Тауарлық белгі – басқа фирманың ұқсас тауарлары мен қызметтерінен айыру үшін қолданылатын сөздер мен символдар. Патент – жаңалықтарды, пайдалы үлгілер мен өнеркәсіптен үлгілерді пайдалану үшін олардың иесіне ғана құқық беретін, авторлықты куәландыратын қорғаныс құжаты.Оны патенттік ведмоствалар береді.
3. Нарықта монополиялық бәсеке мен олигополия көп кездеседі. Олигополия – бұл әрқайсысының нарықтағы үлестері жоғары бірнеше фирмалар әрекет ететін нарықтық құрылым. Екі фирма үшін арнайы дуаполия термині қолданылады. Егер нарықта 3-4 фирма әрекет етсе, ол классикалық (қатаң) олигополия деп аталады. 6-8 фирманың нарықтағы өндірістің басым бөлігіне ие болуы икемді (аморфты) олигополия деп аталады. Олигополия нарығындағы фирмалар стандартты өнім шығаруы да, дифференциалды өнім шығаруы да мүмкін. Егер олигополистер біртекті өнім шығарса, мұндай нарық таза олигополия деп аталады. Ал олигополистерді өнімі дифференциалды болса, бұл дифференциалды олигополия деп аталады. Олигополияға түсті және қара металлургия салаларын, автомобиль өнеркәсібін, шарап зауыттарын жатқызуға болады.Олигополия нарығының белгілері:
- нарықтағы фирмалар санының шектеулілігі. Яғни, нарықтық өндіріс көлемінің көп бөлігі бірнеше ірі фирмалардың үлесінде болады. Мысалы: ХХ ғ. 80-ші ж.ж. АҚШ-тың автомобиль өндірісіндегі 95% үлес «Дженерал Моторс», «Крайслер», «Форд» компанияларына тиесілі.
- салаға кіру кедергілерінің жоғары болуы.
- біріншіден, өндіріс ауқымынан болатын үнемдеуге байланысты. Кей жағдайда ірі өндіріс салаларында ұсақ фирмалардың әрекет етуі экономикалық жағынан тиімсіз болады. Олардың табысы өндіріс шығындарын жаба алмауы мүмкін;
- екіншіден, патенттік монополиямен байланысты. Мысалы, «Ксерокс», «Кодок», «ІВМ» сияқты фирмалар бақылау жасайтын ғылыми салаларда кіру кедергілері болады (17 жылға патент);

  • үшіншіден, капитал сыйымдылығының жоғары болуы;

  • төртіншіден, кейбір ірі фирмалардың сирек шикізат көздеріне бақылау жүргізуі. Мысалы, алмаз өндірісі (әлемдік мұнай нарығын «Семьсестер» 60-70 ж.ж.);

  • бесіншіден, жарнама шығындарының өте жоғары болуы.

Шығу кедергілері:

  • капиталды қайтарып алу қажеттігі;

  • фирма жетекшісінің қалыптасқан беделі мен фирма имиджін жойғысы келмеуі;

  • саладағы фирмалардың бір-біріне тәуелділігі.

Фирмалар саны аз болғандықтан сатушылар бәсекелестерінің баға белгілеудегі, сату көлеміндегі, тіпті өнімді безендіру мен жарнама компаниясының бюджетін анықтау жөніндегі жоспарлары мен өздерінің әрекеттеріне реакцияларын ескереді. Тек олигополия нарығындағы бір фирманың шешімі қалған фирмалардың бәріне, жалпы салаға әсер етеді. Мысалы, бір компания бағаны өзгертсе немесе басқа маркетингтік стратегия жүргізсе, бұл фирманың емес, басқа қатысушылардың да пайдасына әсер етеді.
Олигополияда монополиялық бәсекемен салыстырғанда сатушы аз, сондықтан олар нарыққа белгілі бір деңгейде бақылау жасайды. Нарықтағы өнім бір-біріне ұқсас біртекті болғанымен, сатушылар өздерінің өнімдерінің айырықша сапамен ерекшеленетіне сатып алушылардың көзін жеткізу тырысады. Олигополияда баға соғысы ұғымы қарастырылады. Баға соғысы – бәсекелестерін нарықтан ығыстырып шығару мақсатында баға деңгейін қасақана түсіру. Тұтынушылардың өзінен кете бастағанын байқаған екінші фирма да бағаны түсіреді. Баға РАС болғанға дейін түседі.
Олигополия нарығындағы жағдайды толық талдау үшін ойындар теориясы маңызды роль атқарады. Ойындар теориясы - қатысушылардың шешім қабылдаумен байланысты іс-әрекеттерін математикалық әдістермен зерттейтін ғылым. Олигополия нарығындағы фирмалардың шешім қабылдау кезінде бірігуі, бұл құрылымның кооперативтік нышаны болып табылады. Ал фирмалардың дербес шешім қабылдауы кооперативтік емес нышан болып табылады. Кооперативтік емес нысандағы ойындардың қатарында Курно моделін, Бертран моделін, «Тұтқындар дилеммасы» қарастыруға болады.
1938 жылы француз экономист-математигі А.Курно өз моделін ұсынған. Онда дуополия нарығындағы екі фирманың (А және Б) бір-бірінен тәуелділіктері көрсетіледі. Ойын шарты бойынша екі фирма да нарықтағы өнімге деген жалпы сұраныстың көлемін біледі. Және олар бір мезгілде бір-бірімен келіспей өндіріс көлемі туралы шешім қабылдайды. Олардың әрқайсысының ойынша бәсекелесінің өндіріс көлемі тұрақты. Нарықтық сұраныс 120 делік.


Q1

Q2


9.1-сурет Курно қисығы
Е нүктесінде Курно теңдестігі қалыптасады. Ол екі фирманың да екі фирма үшін тиімді шешім қабылданғанын көрсетеді. Егер фирмалар келіскен жағдайда 30 өнімнен шығарар еді. Ал сала жетілген нарық болса, әр фирма 60 өнім шығарып, нарықтық сұраныс толық қамтамасыз етілер еді. Qm. Qд. Qк.
Бертран үлгісі бойынша екі фирма бір мезгілде өнім бағасын белгілеу жөнінде дербес шешім қабылдайды. “Тұтқындар дилеммасы” бойынша жеке қатысушылардың дербес шешім қабылдауының тиімсіздігі анықталады. Бұл модельді олигополиядағы баға белгілеу ерекшелігін көрсету үшін қолдануға болады.
Айқынсыздық жағдайында олигополистер әр түрлі қадам жасауы мүмкін. Кейде олар бәсекелестерін елемеуі, кей кездері бәсекелестерінің әр қадамын аңдуы мүмкін. Ал үшіншілері бәсекелестерімен келісім жүргізуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет