Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет80/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Материалдық кепілдіктер:
Судьяларға мемлекеттің есебінен олардың мәртебесін нашарлатуға тыйым сала отырып, оған сәйкес материалдық және әлеуметтік қамтамасыздық беруден көрінеді.
Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң қорғауында болады, оның тиiстi органдары судьялар мен олардың отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оларға тиесiлi мүлiктi сақтауға, егер судьядан немесе оның отбасы мүшелерiнен тиiстi өтiнiш түскен жағдайда, дер кезiнде және барлық шараларды қолдануға мiндеттi. Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi. 
Дәріс нығайтатын тапсырмалар:

  1. ҚР. Конституциясымен бекітілген судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормалар

  2. Судьялар қызметінің негізіг кепілдіктері

Бақылау сұрақтары:

  1. Судьялар қызметінің конституциялық қағидалары

  2. Судьялар қызметне кандидаттарға қойылатын талаптар мен шектеулер

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы (21.05.2007ж. енгізілген өзгертулермен)

2. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы». Академиялық курс. өңделіп толықтырылған, 2 – басылым. Алматы: Жеті жарғы 2008 ж.
3. Ж. Баишов Конституционное право РК. Учебно-методическое пособие. Алматы:
4. С.К. Амандықова. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. – Астана: Фолиант, 2000.


13-дәріс. ҚР жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Дәріс жопары:
1. Жергілікті мемлекеттік басқарудың түсінгі мен белгілері
2. Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары
3. Жергілікті өкілдікті орган – маслихат
4. Жергілікті атқрушы орган – әкімшілік
Жергілікті мемлекеттік басқарудың түсінгі мен белгілері:
Басқару ғылымының алдына экономикалық ынталандыруды және құқықтық реттеуді жетілдіруге қатысты басқару тетіктерін жете дайындау арқылы Қазақстанның стратегиялық даму бағытына, оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына мүмкіндік жасау міндеті қойылған.
Ел Президентінің Қазқстан халқына Жолдауында "Қазқстан - 2030" біздің босаң тұстарымыздың қатарына «…жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқаруды жатқызған жөн…Бүгінгі таңда көптеген проблемалардың шешімі осы факторға келіп тіреледі және оны тез еңсеру де мүмкін емес. Әзірше бізде стратегиялық міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде, отансүйгіштікпен және адал шешуге қабілетті адамдар мүлде аз».
Мемлекеттік басқарудағы қалыптасқан мұндай жағдайды ғылыми түрде негізделген мемлекеттік басқару теориясының жоқтығымен және мемлекеттік қызметшілердің басқару ғылымын мүлдем білмейтіндіктерімен түсіндіруге болады.
Қоғамның және мемлекеттің дамуы құқықтық әсер етуге жататын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеусіз мүмкін емес. Құқықтық әсер ету заңдарды шығарғанда оларға жалпыміндеттілік жүрі-тұрыс ережелерін белгілеу арқылы жасалынады. Демек, әлеуметке әсер ету үрдісі басқару ғылымының зерделеу пәні екендігін көрсетеді.
Басқару - үрдіс, ал басқару жүйесі - осы үрдісті қамтамасыз ететін тетік. Айта кететін бір жәйт, ол басқаруды дәл ғылымдар мен бір орынға қоюға болмайды, себебі басқару үрдісі ішкі және сыртқы факторларға тәуелді барынша белгіссіздік жағдайларда өтеді. Дегенмен, басқару ғылымы басқарушылық үрдістің барлық кезеңдеріне талдау жасап бір жүйеге келтіріп отырады да қандай да бір салалардың жұмысын жетілдіру үшін тиісті органдарға ұсыныстар енгізіледі.
Бүгінгі басшылардың көпшілігі басқару ғылымының ең бір күрделі саласы екендігін, басқарудың объективтік заңдылығы бар екендігін, басқарудың философиялық, әлеуметтік, құқықтық, психологиялық және өнерлік жайларын ескере бермейді. Олар өздерінің қызметтік-басқарушылық қатынастарда жіберген олқылықтарды немесе күйзеліске ұшырауларын кездейсоқ жағдайлармен немесе қастық ойлаушылардың әрекеттері деп түсіндіреді. Оның үстіне басқарудың теориясы мен заңдарын білмей ақ орасан зор байлыққа ие болу соның айғағы болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет