Дәріс кешені 1-дәріс. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының пәні, қайнар көздері және жүйесі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ұлттық құқық жүйесі саласы ретінде



бет81/86
Дата06.04.2023
өлшемі246,53 Kb.
#173877
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
дәріс 2
Бөлшек ұғымымен таныстыру, Бөлшек ұғымымен таныстыру, билет каз, даму, Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқыту әдістемесі емтихан с 2022-2023
Мемлекеттік басқарудың белгілері:
«Басқару» түсінігі кең мағынада мынаны білдіреді, ол бір мақсатқа бағытталған реттеу бойынша сол немесе басқа объектіге әсер тигізетін немесе осы объектінің әрекетіне басшылық жасау арқылы осы немесе басқа жүйеде міндетті түрде екі элементтің болуы: субъект (басқаратын элемент) және объект (басқарылатын элемент). Басқару объектісінің субъектіге бағыныстығына негізделген. Басқарудың мұндай түрлерін толығымен әлеуметтік аясынан байқауға болады. Онда объект және субъект ретінде адамдар не олардың әр түрлі үйымдары қатысады.
Бұл жерде басқару байланыстары адамдардың қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік басқарудың бір түрі, ол мемлекеттік басқару. Оның басты міндеті адамдардың бірігіп істейтін қызметіне, олардың саналы-өріктік жүріс-тұрыстарына, қоғамдық байланыс ұйымдастыруына реттеушілік әсер тигізу. Басқару үрдісін осындай негізде түсіну, ол мемлекеттік қызметтің бір түрінің айрықша сапасын қабылдап алады, сонымен қатар басқару үрдісі мемлекеттік қана емес басқа да мемлекеттік емес ұйымдарда да орын алады. Онда да туындайтын қатынастар өздерінің туындау жаратылысына қарай басқарушылық қатынастар болып келеді.
Мемлекеттік басқарудың дәлме-дәл мағынасы - мемлекет тарапынан қоғамдық жүйеге әсер ету. Ал пәндік тұрғыда мемлекеттік басқару ол мемлекеттің қоғамдық үрдіске мақсаттық бағытта, биліктік- ұйымдастырушылық әсері ретінде анықтауға болады. Басқарушылық функцияның ең көп көлемін мемлекеттің атқарушы билік органы алып жүреді. Арнайы әдебиетте мемлекеттік басқару атқарушы биліктің атқарушы-басқарушы (мемлекеттік басқару органдары) қызметімен байланыстырылған. Бұл жерде мәселе экономика салаларды, әлеуметтік аяларды және әкімшіліктік-саяси құрылымдарды дамытуда Конституция, заңдар және басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде басқарушылық үрдістерді ұйымдастыру.
Мемлекет өзінің мақсаты мен функцияларын жүзеге асыру үшін басқару аппаратын құрады және оны белгілі бір көлемде ұстап отырады, осымен оның мәні анықталады. Бұл аппарат күрделі құрылымнан тұрады және әр түрлі бағытта қызмет көрсетеді. Басқару аппаратының жағдайы, оның қоғаммен байланысы немесе одан алыстап кеткені, қызметшілерінің сапасы және тағы басқа көрсеткіштері мемлекеттің өзіне өте маңызды болып келеді.
Мемлекет өзінің аумағында тұратын адамдардың мүдделерін білдіреді және оларды қорғайды. Мемлекетің ең маңызды мәселелерінің бірі, ол өз халқының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету.
Мемлекеттің қоғамда алатын айрықша орны, ол өзінің құрылымдары арқылы жалпы ерік қалыптастыру және бекіту, мемлекеттің қабылдаған заңдарына жалпыміндеттілік сипаттама беру (жалпыміндеттілік жүрі-тұрыс ережесі белгіленеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет