Дәріс Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу


Тұлғаішілік конфликтерді шешу тәсілдері



бет13/28
Дата26.10.2023
өлшемі375,5 Kb.
#188300
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)
Ашық сабақ, Матрица мүдделі тарап
2. Тұлғаішілік конфликтерді шешу тәсілдері
Тұлғаішілік конфликттен шығудың негізгі тәсілдерінің бірі жеке тұлғаның жағдаятын адекватты түрде бағалау болып табылады. Ол жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы мен туындаған мәселелердің қиындығын бағалауды қамтиды. Әлеуметтік психологияда рефлексия деген ұғым бар – адамның өзінің жағдаятына сыртқы бақылаушы тұрғысынан қарап, бір уақытта өзін осы жағдаятта сезіну мен басқа адамдар тарапынан қалай қабылданатынын түсінуді білдіреді. Рефлексия адамға өзінің ішкі шиеленіс, қасіреті мен дабылының шынайы себептерін анықтауға, болып жатқан жағдайды дұрыс бағалау мен конфликттен шығудың қисынды тәсілін табуға көмектеседі.
Танымал психотерапевт Максуэлл Мольцтің «Я — это Я, или Как стать счастливым»/ «Мен – бұл Мен, немесе Қалайша бақытты болу керек» атты кітабында тұлғалық конфликтерді шешуде адамға көмектесетін бірнеше пайдалы кеңестерді береді. Аталған кеңестердің көпшілігі өзін-өзі талдауға негізделген. Олардың кейбіреуін қарастырып көрелік:

  • жеке «Менінің» дұрыс образын жасау. Өзі туралы бар шындықты білу. Шындыққа тіке қарай алу;

  • факт туралы түсінікке емес, факттың өзіне ғана әрекет ету;

  • сыртқы қоздырғыштарға тым эмоционалды түрде әрекет етпеу; оларға деген реакцияны кідірте білу («мен тек ертең уайымдаймын»).

  • реніш, өзіне деген аяныш сезімдерін өзінде сақтамау;

  • өзіңді және өзгені кешіре алу, кешіре білу сауығуға алып келеді;

  • өз агрессияңды дұрыс арнаға жұмсай алу.

Артық эмоция үшін қауіпсіздендіретін клапан болуы керек (физикалық жүктемелер, шығармашылық, жаяу серуендеу және т.б.):

  • «жел диірмендерімен күреспеу». Қазіргі және осындағы жайттарға ғана эмоционалды түрде әрекет ету.

  • «түймедейден түйедей» жасамай, жағдаятты барынша шынайы түрде барлық салдарын ескере отырып бағалау;

  • нақты мақсат қою және сол мақсатқа жетуге үздіксіз тырысу; мүмкіндігінше алдына шынайы мақсаттар қою;

  • табанды әрі мақсатты түрде әрекет ету, қорғану емес шабуылдау қажет.

Конфликт кезінде адам эмоцияға беріледі де, бұл адамға оңтайлы түрде әрекет етуге кедергі болады. Қажет емес шамадан тыс жүкті көтермеу үшін өз эмоцияларын басқаруды үйрену қажет, оқтын-оқтын реніш, ашу, қорқыныш, өшпенділік, т.б. секілді сезімдерден «тазарып» тұру керек. Ол үшін түрлі амал-тәсілдерді қолдануға болады, мысалы: достардың ортасында сөйлеу, спорттық ойындарға «күшін жұмсау», жалғыз өзі қалғанда долдану (ешкім естімеуі үшін), ескі журналдарды майда бөліктерге бөлу, матрасты жұдырықпен ұру, және т.б. Эмоциялық жүктен босаған соң, адам өз мәселелерін шешу үшін қосымша ресурстарды алады.
Д. Карнеги конфликтті жағдаяттарда (күйзелісті жеңу үшін) дүрлікпей, болған жайтты аяқталған факт ретінде қабылдап, барлық эмоцияны жинап тастап әрекет етуді ұсынады. «Менің ойымша, — дейді Д. Карнеги, — мен анық, саналы шешім қабылдаған кезде, мазасыздығымның 50%-ы жойылады; ал 40%-ы әдетте, мен оны жүзеге асыра бастағанда жойылады.
Мазалаған жайттарды мен төмендегі қағидаттарды орындау арқылы шамамен 90%-ға жеңемін:

  1. Мені толғандыратын жағдаятты нақты сипаттау.

  1. Жасай алатын мүмкін болған әрекеттерді жазу.

  1. Шешім қабылдау.

  2. «Шешімді тез арада жүзеге асыру»2.

Егер тұлғааралық конфликтке негіз болған кедергілерді жеңу мүмкін болмаса, фрустрация жағдайындағы индивид басқа жолдарын табуы мүмкін:

  • мақсатқа жету тәсілдерін өзгерту (жаңа жол табу);

  • мақсаттарын ауыстыру (қажеттіліктер мен тілектерді орындай алатын балама мақсаттар табу);

  • жағдаятты жаңаша бағалау (жаңа ақпаратқа қол жеткізу нәтижесінде мақсатқа деген қызығушылықтан айрылу, мақсаттан дәлелдеу негізінде бас тарту және т.б.).

Санадан өтпеген ішкі конфликтті шешу кезінде ерекше тәсіл керек. Мәселе мынада, мұндай конфликт санадан тыс деңгейде өмір сүреді және оның себептері тіпті конфликт тасымалдаушысының өзіне де түсініксіз болып табылады. Белгілі бір өмірлік жағдайлар адамның жанына батуы мүмкін, кейбір оқиғалар оның ашуын келтіруі мүмкін, адамның белгілі бір типтерін жақтырмауы мүмкін. Мұндай конфликттердің себебін ең алдымен адамның өзінен іздеу керек. Бұл үшін сіздің негативті реакцияңызды тудыратын осы секілді бірнеше жайдайға талдау жасап, бірнеше сұрақ қою керек:

  • Бұл жағдайда мені ашуландыратын не?

  • Осы жайтқа мен неге осылай әрекет етемін?

  • Бұл жағдайда мен өзімді қалай ұстаймын?

  • Бұл жағдайға.... басқалар неге өзгеше әрекет етеді?

  • Мен бұған... қаншалықты адекватты әрекет етемін?

  • Менің ашулануымның себебі неде?

  • Мұндай жағдай бұрын менде болды ма?

Өзін жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін сұрақтардың басқа да нұсқалары болуы мүмкін. Егер адам өзінің ішкі конфликттерінің шынайы себептерін түсіне алса, ол ескі мәселелер жүгінен жеңілдеп, кризистік жағдаяттарға адекватты түрде әрекет ететін болады. Егер мұндай мәселелерді өзі шеше алмаса, психотерепевтке бару керек.
Тұлғааралық конфликттер мен күйзелістер адамның физикалық және рухани күшін жұмсау үдерісін белсенді етеді. Оны қайта қалпына келтіру және жұмылдыру үшін, сонымен қатар ішкі жоғары шиеленісті жою үшін түрлі тәсілдер бар: мысалы, йога, медитация, аутотренинг және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет