Дәріс Конфликт жайлы көзқарастарға тарихи шолу



бет14/28
Дата26.10.2023
өлшемі375,5 Kb.
#188300
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Лекция 15-16ж.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері» (1)
Ашық сабақ, Матрица мүдделі тарап
3. Психологиялық қорғау
Адамда санасыз деңгейде көптеген қорғаушы механизмдер болады, олар ішкі қобалжушылықты белгілі бір деңгейге дейін жоюға көмектеседі. Олар сондай-ақ туындаған қиындықтарды жеңіп шығуға көмектеседі, мәселенің мүмкін болған шешімдерін ойға салады, жағымсыз жайттардан арылуға мүмкіндік береді, «өзін-өзі құрметтеуін қамтамасыз етеді». Алайда мұның бәрі шындықтан немесе оны бұрмалаудан бас тарту есебінен туындайды.
Ығыстыру — дәлелді ұмыту, санасыз аяға жағымсыз ойларды «ығыстыру».
Рационализация/Оңтайландыру — өз әрекеттерін жеке қадір-қасиеті мен өзін-өзі құрметтеу сезімдері арқылы түсіндіру.
Жекелену — индивид қатысуы керек болған оқиғалардың мүмкін болған салдары туралы ойлаудан бас тарту.
Проекция — басқа біреуге айып тағу; тұлға үшін тиімсіз сезімдер мен импульсті басқа объектілерге тіркеу.
Сублимация — психиканың инстинкті формаларын түрлендіру жолымен индивид пен қоғам үшін барынша жарамды бағытқа өзгерту арқылы қобалжушылықтың алдын алуға болады. Мысалы, энергияны шығармашылыққа, әзілге және т.б. жұмсау.
4. Тұлғаішілік конфликт салдары
Тұлғаішілік конфликттер мен фрустрация тұлға және оны қоршаған адамдар үшін жағымсыз және жағымды салдарға ие болуы мүмкін.
Егер конфликттен шығу жолы табылмаса, ішкі қобалжушылық арта береді. Қобалжушылықтың артуы белгілі бір мөлшер шегінен асса (фрустрацияға төзудің жеке деңгейі), психологиялық сәтсіздік орын алады, адам жан тепе-теңдігін жоғалтады. Мұндай жағдайда ол туындаған мәселені шеше алмайды. Конфликтінің жағымсыз салдары қолайсыздыққа ұшырататын күйзеліс, жүйкенің тозуы, үрейдің артуы, жалпы психологиялық жабырқаушылық неемес шамадан тыс агрессияшылдықтың негізінде болады және оны конфликтке еш қатысы жоқ объектілерге бағыттауға болады.
Осылайша, конфликт энергиясының сыртқа бақылаусыз шығуы, сонымен қатар оны жасанды түрде ұстап қалу да тұлға мен қоршаған адамдарға кері әсер етеді. Тұлғаішілік конфликтті шешудің барынша тиімді тәсілі тұлғаның адекватты эмоционалды реакциясы болып табылады – конгруэнттілік (эмоцияның дәл сәйкес келуі, оны ұғыну мен білдіру). «Конфликт қаншалықты жағымсыз болса да, сыртқа шығарылған жағдайда және конфликт ұғынылады және эмоция адекватты көрініс алады деген шартпен шешілетін болса, оның шындығында жағымсыз салдары төмен болады»,2 - дейді Пол М. Дизель мен Уильям Мак-Кинли Раньян.
Конфликт пен фрустрацияның жағымды әсері төмендегідей:

  • кедергінің болуы күшті жұмылдыруға және оны жеңу тәсілдерінің пайда болуына септігін тигізеді;

  • тұлғаішілік конфликт тұлғаның қиын жағдайларға бейімделуі мен жүзеге асыруға және организмнің күйзеліске тұрақтылығын арттыруға септігін тигізеді;

  • сәтті шешімін тапқан конфликт мінезді шыңдайды, тұлғаның мінез-құлқында табандылықты қалыптастырады.

Сонымен, тұлғаішілік конфликт тұлға мен оны қоршаған адамдар үшін жағымды және жағымсыз салдарға ие болуы мүмкін.
Сондықтан әрбір адам өз күйзелісін басқара алуы керек: өз мәселесін басқа жолдармен шешу мүмкін болмаған жағдайда, оны қажетті жағдайларда ғана пайдалану; конфликтті белсенділікті қажетті бағытта, қажетті уақытта және адекватты мөлшерде қолдану; өзінің «шамадан көп» конфликтілігін басқара алу, өзі үшін және қоршаған орта үшін пайдалы болатын тіршілік әрекетінің басқа да салаларында қолдану. Сонымен қатар, конфликтке арнайы орын арнау (драмаластырмау), конфликтті жағдаяттан белгілі бір пайдаға қол жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет