Naproxenum – напроксен(напросин) (Б): 0,25 таб.; әсері ұзақ, бірақ қабынуға қарсы өсері төмен, улылығы аз препарат. Қиыстырылған препараттары: «Цефекон-Н», «Пенталгин-Н». Ketoprophenum – кетопрофен (кетонал, фастум, быструмгель)(Б):қабынуға қарсы әсері жоғары, әсіресе ауырсынуларды(гинекологиялық) басу үшін қолданылады: 0,05 капс.; 0,3 таб.; 0,1 суп.; 10% еріт. 1 мл амп. б/е енгізіледі. Құрамымен әсері жағынан ибупрофенге ұқсас.
Оксикам туындылары: пироксикам (фелден, финалгель) -әсері ұзақ, тәулігіне 1 рет қабылдау қажет; лорноксикам(ксефокам) – анальгетикалық әсері жоғары, ісік ауруларында, операциядан кейінгі кезеңдерде қолданылады. Мелоксикам(мовалис) – қабынған аймақта түзілген циклооксигеназа-2 таңдамалы тежейді. Қабынуға қарсы әсері жағынан ревматоидты артритте тиімді. Жанама әсері аз байқалады.
Әсері ұқсас препараттарға: целекоксиб, нимесулид(месулид, найз, нимесил, нимулид). Наркотикалық анальгетиктерді асқазан мен ұлтабардың ойық жарасында, бауыр мен бүйректің қызметі бұзылғанда, асқазан мен ішектен қан кетуде, бронхоспазмда, лейкопенияда, жүктілікте және лактацияда қолдануға болмайды. Жас балаларға абайлап қолдану қажет.