Педагогикалық зерттеулердегі әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейлердің сәйкестігі.
Педагогикадағы зерттеулердің 3 деңгейі белгіленген: эмпирикалық, теориялық және әдіснамалық. Бірінші деңгейде ғылымның жаңа фактілерін және олардың негізінде эмпирикалық заңдылықтар қалыптастырады. Екінші деңгейде – бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі педагогикалық заңдылықтар құрастырылады, болашақтағы жағдайлар мен фактілерге болжам жасауға мүмкіндік жасалады. Үшінші, әдіснамалық деңгейде эмпирикалық және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды, теорияларды құрастыру, зерттеу әдістері мен жалпы ұстанымдар жасалады.
Педагогикада эмпирикалық және теориялық әдістер кең тараған. Эмпирикалық әдістер зерттелетін педагогикалық объектіге тікелей бағытталған және бақылау мен эксперименттің жинақталған тәжірибесіне сүйенеді. Теориялық әдістер педагогиканың түсіндірмелі аппаратының жетілуі мен дамуына байланысты және ақиқат шындықты оның маңызды байланыстары мен заңдылықтарын жан-жақты тануға бағытталған.
Зерттеудің эмпирикалық деңгейінің әдістеріне мыналар жатады: бақылау, анкета, әңгімелесу, оқушылардың іс-әрекет нәтижелерін, педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, педагогикалық эксперимент. Бұл әдістер зерттелетін мәселелер бойынша фактілік материалдарды жинақтау үшін қолданылады.
Теориялық зерттеу әдістеріне талдау және жинақтау, индукция және дедукция, ұқсастық, айырмашылық логикалық әдістері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |