Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы


- Сілекей бөлінудің бұзылыстары



бет14/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1
шешім 12.04.-19.04, Басқару стилінің қызметкерлердің қызмет жағдайларымен қанағаттануына әсері, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, Дене шынықтыру және басқару жүйесі, тірек конспект мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізу , Ағылшын тілі (2), нау3 лек, 8-наурыз Құттықтау, 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар (1), 9 дарис Аритмиялар. Кардиомиопатиялар. Кардионевроздар, Документ Microsoft Word (6), ЕРИТИНДИЛЕР ТЕОРИЯСЫ-УМКД (1), 6В05101 биохим 2021, кәсіби
- Сілекей бөлінудің бұзылыстары.
- Шайнау бұзылыстары.
Ауыз қуысының қызметінің бұзылысы
Ауыз қуысына тағам түскеннен кейін ол жерде механикалық өндеуден өтеді, яғни ұсақталып, сілекеймен шыланып, өрі қарай өңешке өтеді. Сонымен қатар ауыз қуысынан бөлінетін сілекейдің құрамындағы ферменттердің көмегімен көмірсулар ыдырап, микроорганизмдер жойылып тұрады. Мысалы, альфа амилаза ферментінің әсерінен көмірсулар ыдырасады. Ал лизоцим микробтарды жояды. Ауыз қуысындағы ас қорыту бұзылысының мынадай түрлерін айырады.


Тәбеттің бұзылыстары
Тәбет қарын ашу сезімімен ерекше сезім. Ол адамның белгілі тамаққа аңсары аууы. Тәбет ашылуы тамақ қабылдаудың бірінші минуттарында, әсіресе күткен тағамның иісіне, түріне, тамақ қабылдайтын қоршаған ортаның эстетикалық жағдайларына пайда болады. Тәбет ашылуы ас қорыту жолдарының сөл өндіру және қимылдық әрекеттерін сергітеді.
Тәбеттің бұзылыстары мына түрлерле болуы мүмкін:
1. Тәбеттің көтерілуін гиперорекция деп атайды. (грек. нyper-жоғары, көтеріңкі, orexis-тәбет). Осыдан адам мен жануарлардың ашқарақтығы немесе полифагия(грек. Poly-көп, phagein – жеу) пайда болады. Тәбеттің көтерілуінің ең ауыр түрін булемия ( bus-өгіз, limos- аштық) немесе мешкейлік деп атайды
2. Тәбеттің азайуын немесе болмауын гипорексия немесе анорексия (грек. аn- жоқ, жоққа шығару, orexis-тәбет) деп атайды.
3. Бұрмаланған тәбет – парорексия (грек . para- ауытқыған, orexis – тәбет) делінеді. Бұл кезде адам жеуге жарамайтын заттарды (бор, топырақ, көмір) жейді.


Сілекей бездерінің қызметінің бұзылыстары
Сілекей бездері секрециялық және инкрециялық қызметтер атқарады. Сілекей тағамды жібітіп, тамақ түйіні құрылуына мүмкіншілік жасайды және көмірсуларды ыдыратады. Көмірсуларды ыдыратуға альфа амилазаның әсері зор. Альфа амилаза негізінен құлақ түбіндегі сілекей бездерінде өндіріледі. Сілекей тістер мен ауыз қуысының кілегей қабығын шаяды және қорғаныстық қызмет атқарады. Сілекейдің ферменттері (калликреин, саливаин) ауыз қуысында және сілекей бездерінде микроциркуляциялық қан айналымды реттейді. Сілекей бездерінің бұзылыстары олардың қызметтерінің көтерілуімен немесе төмендеуімен көрінеді. Осыдан сілекей тым көп немесе аз бөлінуі байқалады. Сілекейдің көп бөлінуін гиперсаливация, аз бөлінуін гипосаливация деп атайды.
Сілекей бөлінудің бұзылыстары, сілекей бөлінудің жоғарылауы (гиперсаливация) және төмендеуі (гипосаливация) түрінде көрінеді. Қалыпты жағдайда тәулігіне 1.5-2 литр шамасында сілекей бәлінсе, гиперсаливация кезінде өте көп мөлшерде сілекей өндіріледі. Бұл жағдай көбінесе сөл бөлу орталығын қоздырған кезде, асқазанның гиперацидті жағдайларында және т.б. патологияларда байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет