Дидактикалық тірек материалдарының ролі


Гидролиз және оның табиғаттағы маңызы



бет11/12
Дата26.08.2022
өлшемі207 Kb.
#148261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дидактикалық тірек материалдарының ролі
Муз онер, Педагогикадагы статистика сурактары, Педагогикадагы статистика сурактары, Лекция ЦС каз , Жүрінов Ғ., AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, Аннотация, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Таубай.Б 5.4, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, Ташимбаева Ұлбосын 5.3, оқу бағдарлама, Дефектология силлабус, Силлабус Мінез-құлық психологиясы
3.Гидролиз және оның табиғаттағы маңызы. Реакция тұнбаға түсетін иондар арасында жүреді. Тұздардың иондарға ыдырауы талданған соң бұрынғы анықтамасына елеулі өзгеріс енгізіледі. Тұздар дегеніміз —- суда ерігенде металл катиондарын және қышқыл қалдығы аниондарын түзетін электролиттер. Тұздардың металдармен және сілтілермен әрекеттесуі — катиондары арқылы, қышкылдармен әрекеттесуі аниондары арқылы жүзеге асады. Бұл материалдарды өткенде оқушылар ерітіндіде кездесетін катиондар мен аниондар арасындағы әрекеттесу мүмкіндіктерін болжай алатын дәрежеге жетеді. Аниондарының құрамында тотықтыр ғыш қасиеті бар бейметалдар (қанықпалы қыщқылдардың сульфат, нитрат, т. б. аниондары) реакцияларының мәніне көңіл аударылады. Олардан әр түрлі тотықсыздану өнімдері бөлінеді. Бұл мәселе жеке элементтердің қосылыстарын еткенде толығырақ қарастырылады.
Тұздардың қасиеттерімен оқушылар зерттеу зертханалық жұмыстарын жасау арқылы танысады. Оқушыларға мәселелік сипаты бар тапсырмалар беріледі, мысалы: мына заттардың әрекеттесу мүмкіндігін жорамалдаңдар. Жорамал нәтижесін тәжірибе жүзінде тексеріп, жүретін реакциялардың молекулалық, толық иондық және қысқаша иондық теңдеулерін жазыңдар:
1. Мырыш, темір, мыс металдары және қорғасын нитраты:
[Zп + РЬ(NOз)2 = ; Ғе + Рb(NО3)2 = ; Сu + РЬ(NО3)2]

  1. Калий сульфаты, натрий силикаты, натрий карбонатының ерітінділері және тұз қышқылы.

  2. Натрий хлориді, барий нитраты, алюминий сульфатының ерітін ділері және калий сілтісі.

  3. Мыс сульфаты, калий хлориді, кальций нитратының ерітінділері және барий хлориді.

Мәселелік әдіс, әсіресе, тұздар гидролизімен таныстырғанда жиі қолданылады. Тұздардың химиялық қасиеттері қарастырылғаннан кейін тұз ерітінділері индикаторларға қандай әсер білдіруі мүмкін деген мәселе қойылады. Оқушылар бейтараптану реакциясын еске түсіріп, тұз ерітінділерінде қышқылдық та, сілтілік те қасиет болмайды деген пікір айтады. Жорамалды тексеру үшін зертханалық жұмыс өткізіледі. Оқушылар үлестіріп берілген калий нитраты, магний хлориді және натрий карбонаты ерітінділерін әмбебап индикатормен сынайды, нәтижесін кесте түрінде жазады. Калий нитраты бейтарап, магний хлориді қышқылдық, натрий карбонатының ерітіндісі сілтілік қасиет көрсетеді. Соңғы екеуінің реакциясы оқушылар пікіріне қайшы келеді. Мұның мәнісін түсіндіру үшін тұздардың ерекше қасиеті гидролиз реакциясы туралы ұғым беріледі.
Гидролиз реакциялары ерітіндідегі тұз иондары мен су иондарынын, арасындағы алмасу реакциялары. Бұл алмасу реакцияларына
а) әлсіз қышқыл мен күшті сілтіден;
ә) күшті қышқыл мен әлсіз негізден;
б) әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздар қатынасын талдап, бұрынғы білім мен тәжірибе арасындағы қайшылық түсіндіріледі.



  1. Натрий нитраты — күшті сілті мен күшті қышқылдың тұзы:

Na++NO3-+H2O↔


Н+ + ОН-

Гидролиз туралы түсінік мектеп оқушыларына күрделі болып табылады. Бұл түсініктің күрделілігі келесі ұғымдар негізінде дамыған: ион алмасу реакциялары, реакциялардың қайтымдылығы, химиялық реакцияның тепе-теңдігі және оны ығыстыру, электролиттердің диссоциация дәрежесі және т.б. (19 сызбанұсқа)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет