Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ



бет43/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Пәлендей қарсылығы және жоқ. Сонда бұл не былқыл? Басым бәлішке айналды! (Ж. Сабыржанұлы, 324 б.). ′Басым бәлішке айналды’ ( басы пәлеге қалу, не істерін білмеу ); «шақшадай басы шарадай болды» миы ашыды, не істерін білмей, дел-сал, миқата болды [44, 557 б.]; «миы ашыды; миғұла болды» мең-зең сенделді, басы қаңғыды [44, 391 б.]; «ми кептірді» бас қатырды, әуре қылды [44, 391 б.]; «басы әңкі-тәңкі болды» не істерін білмей дал боп абыржыды, дағдарып, әрі-сәрі болды; қатты састы [44, 99 б.].

«Топырағы суығыш» адамның пиғылы тайғақ келеді (Ж. Ахмади, 75 б.). ′Пиғылы тайғақ‘ (пейілі тар, екі сөзді); «пейілі бұзық» ниеті жаман, арам ниетті, мысық тілеу кісі [44, 441 б.]; «пейілі тар» біреуге байлықты, жақсылықты қимайтын, біреудегіні көре алмайтын қызғаншақ кісі [44, 442 б.]; «мысық тілеу» арамдық, жамандық ойлау мағынасында [44, 399 б.].

Осы тақылеттес ойлар миын шақты, ұйқысыз қашқан мазасыз түнді ырың-жырың мазасыз күн алмастырды, таң сәріде оянып, тазалап жуынып, қырынып, орден-медальдарын тағынып, мұздай «жарап» алған, түс ауғанша өзін-өзі қоярға жер таппады (Ә. Тарази, 205 б.). ′Миын шақты’ (басын ауыртты ); «ми кептірді» бас қатырды [44, 391 б.]; «миы ашыды; миғұла болды» мең-зең сенделді, басы қаңғыды [44, 391 б.]; «есті қашырды» састырды, дегбірін алды [44, 168 б.].

Салмақтап көрсең, сенің «шүйіншіңе» алғысыз біреулер! Пиғылын танып тұрған соң оны жаяу қалдырмай, қайтіп ұйықтайсың! (Ж. Ахмади, 75 б.). ′Пиғылын тану‘ (көкейіндегісін сезу); «арам ниет (ой, пиғыл, бейіл)» көңілі қара, бұзық адам ту′ралы айтылады [44, 45 б.]; «арам ойын сезу» жаман ойын білу деген мағынаны білдіреді.

Өзіңді көрші ғана емес, бес күнгі өмірде құдайы қонақ орнында білейін (Ж. Ахмади, 55 б.). ′Бес күнгі өмірде’ (аз ғана ғұмырда ); «жалған дүние» – діни. Алдамшы, тұрақсыз өмір деген мағынада айтылады [44, 177 б.]; «үш күндік пәни» қысқа өмір, өтпелі өмір [44, 552 б.]; «қамшының сабындай қысқа» қысқа, келте өмір деген мағынада айтылады. «Қамшының сабындай қысқа» ФТ сөздікке енбеген, бірақ жалпы қолданыста қабылданған.

«Қасқыр қорыққан төбеттен қаншық қорықпайды» демекші, жұрт аяғын тартатын кейбір мырзалардан жезөкшелер қорықпайды. Бұраңдап жүріп, буынын алады (Ж. Ахмади, 144 б.). ′Буынын алады‘ (еркіне көндіреді); «бойын биледі» біреуді еркіне көндірді, өзіне баурап алды [44, 123 б.]; «бойды алды» ерікті биледі, меңдеді [44, 121 б.]; «еркі кетті» ықтиярынан айрылды [44, 175 б.].

Әлде Арғынбаевтың «қалай, шаршаған жоқсың ба» дегеніне намыстанып, түк болмағандай қалып танытқаныма қарап, өзара кеңескенде «мүмкін, миында мәселе бар ма» дескен болар... (Ж. Ахмади, 181 б.). ′Миында мәселе болу‘ ( ойында бір жасырғаны, арамдығы болу); «оймен тон пішті» сыртынан шешім айтты [44, 412 б.]; «арам ой» көңілі қара, бұзық адам туралы айтылады [44, 45 б.].

Туған, өскен жерден, ағайын, туыстың бәрінен ажырап, бұрынғы кеңес үкіметінің қарамағына келіп, коммунистік жүйеснің екшеуі бойынша «тарихи күдікті» адамдар қатарында көзтүрткі өмірде жүргенімізде де, ұлы жазушылық қан тамырымызға балауса күнімізден енген рухани жебеуі аспандаған қиялымызды ешқашан жерге түсірмейтін (Ж. Ахмади, 176 б.). ′Қан тамырымызға енген’ (сіңген, біткен); «бойына дарыды» қонды [44, 123 б.]; «сүйегіне сіңген» табиғаты соған дағдыланып әдетіне айналған; бойына сіңген [44, 476 б.]; «талант дарыған» бойына өнер дарыған.

Тағдырыңды өкінішпен аяқтап, оның тыртығы сүйегінде емес, жүрегіңде қалады. Жақсы өмірің былғанады (Ж. Ахмади, 72 б.). ′Тыртығы жүрегіңде қалады‘ (жүрегінде қаяу түседі ); «жүрегіне дақ түсті» қайғы-өкініш ұялады, өксікті өкініш меңдеді [44, 216 б.]; «жүрегіне жара салды» жанына жара салды [44, 216 б.]; «көңілге дақ (кірбің, қаяу) түсті» ренжіді, реніш тапты [44, 274 б.].

Бұған ішнара еркектер еріксіз күле бастағанда Зүлиха ұялғанынан қызарақтап, әлгі мазақтаған қайындарына өзі де қосыла ыржақтады да, шұбар тілмен: - Мынаны жын ұрған ма, қойнындағы хатынын танымай... –деген (Ж. Ахмади, 122 б.). ′Шұбар тілмен’ (тілі өткір, ащы ); «тілі ащы» сөзді жанға батырып айтатын улы тілді кісі [44, 535 б.]; «тілі өткір» тілі шаян шаққандай ащы [44, 535 б.]; «тілімен бидай қуырды» апшыны қуырды, сөзбен түйреді [44, 535 б.]; «ащы тілін сұғып алды» кекесінді өткір сөзбен түйреді [44, 75 б.].

Бұнымнан ана орын да (КГБ) күнбе-күн хабар алып отырған болар. Екі жақ жіп таға алмай, әрі-сәрі болған тәрізді (Ж. Ахмади, 184 б.). ′Жіп таға алмау‘ (себеп таба алмай әурелену); «ілік іздеді» ілінісе кетер шатақ іздеді [44, 578 б.].

- Апай, сақалды басыңызбен ағызып-тамызып сөйлейді екекнсіз, жерді жамандамаңыз – көмусіз қаласыз, елді жамандамаңыз егусіз қаласыз, –деп мақал ма, мақалша ма бірдеңені былқ еткізді (Ж. Сабыржанұлы, 324 б.). ′Ағызып-тамызып сөйлейу’ (аузына келгенін айту, оттау); «аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады» аузына келгенін оттап, балағаттайды [44, 66 б.]; «тілі нашар» тілі жаман деген мағынада айтылады.

- Біздің елде де солай, Әйгерімнің құлағына күміс құлып. Осы бар ғой, Абай, - өзіміздің үлкендерге тиер, арам демеймін, – бірақ, Арқаның қатынынан қу қатын жоқ (А. Сүлейменов, 67 б.). ′Құлағына күміс құлып‘ (естімесін); «құлағына алтын сырға» сен тыңдамай-ақ қой, есітпей-ақ қой [44, 359 б.].

Қалай жыласаң олай жыла, маған енді астыма аспан төсеп, үстіме жұлдыз жауып қойсаң да бәрібір (О. Әубәкіров, 139 б.); ′Астына аспан төсеп, үстіне жұлдыз жабу’ (асты-үстіне түсіп, бәйек болу); «асты-үстіне түсті» құрдай жорғалап құрмет көрсетті; жағымпазданды, лыпылдай түсті [44, 54 б.]; «бәйек болды» асты-үстіне түсті, ілтипат көрсетті, кішіпейілділік жасады [44, 108 б.]; «қам жеді» әзірлік қылды, қамданды [44, 312 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет