Дипломдық ЖҰмыс «Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері» «050207-Аударма ісі»


сөздерімен қолдану:  dry chemical type fire extinguisher – ұнтақты от сөндіруші;  туыстық қатынасты беру үшін  of



Pdf көрінісі
бет12/42
Дата03.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#137708
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ диплом 2010

 
сөздерімен қолдану: 
dry chemical type fire extinguisher – ұнтақты от сөндіруші; 
туыстық қатынасты беру үшін 
of 
демеулігін қолдану: 
the fuel of kerosene – 
жанармайлы керосин. 
11) техникалық мазмұнның жүйелілігі мен дәлелденуіне байланысты 
қарқынды түрде қолданылуы байқалады.
Мысалы: 
since – содан бері, therefore - сондықтан, thus - осылайша, it involves – бұған 
қатысты, it results in – бұл әкеп соғады. 
«Кез келген техникалық мәтін басқаларын көмекші белгілік жүйенің 
көптігімен өзгешеленеді (мәтіндердегі схема мен сызбаларды қоса 


17 
санағанда). Көптеген төл тілде сөйлеушілерге бұл белгілер белгісіз, себебі 
мәтін, осы білім саласындағы мамандарға арналған. Құлмұхаммед М. өз 
атынан емес осы саладағы барлық мамандардың өкілі ретінде шығады» 
[14,76]. 
Техникалық мәтін когнитивті ақпарат тарату үшін қолданылады. Техникалық 
мәтіннің жетекші тілдік әдістеріне мыналарды жатқызуға болады: 
1) бастауыштың дәйекті семантикасы. Бастауыш ретінде осы білім 
саласының тақырыбы аясында зат есімнің қолданылуы. Бірінші шақтағы 
жіктеу есімдігі сирек қолданылады; 
2) бастауыш формасына қатысты ырықсыздықты білдіру тәсілі, жақсыз және 
атаулы сөйлемдер; 
3) осы шақтың жиі қолданылуы әсіресе нақ осы шақты білдіруі, ол жеткізіп 
отырған ақпаратты нағыз дәйекті уақытқа тәуелді ретінде көрсетуге 
мүмкіндік береді; 
4) күрделі сөздер мен абстрактілі мағынаның басымдылығы. Бұл тілдегі 
мағлұматтардың жалпылылығының, олардың дәйектілігінің жоғары деңгейін 
көрсетеді; 
5) мәтіннің нақты дәйектілігі зат есімнің басымдылығы іс-әрекеттің етістік 
арқылы емес, етістіктен туған зат есім арқылы білдіру, бұл мазмұнның 
объективтілігін және абстрактілік деңгейін жоғарылатады. 
Аталып кеткен ерекшеліктерден басқа техникалық мәтінге тән белгілерді 
атап көрсетуге болады. Мысалы: «термин және жалпы ғылыми лексика
қысқартулар, сандар, формулалар. Сызба нұсқалардың көптігі, логикалық 
құрылымның графикалық әдісі» [15,87]. 
Техникалық мәтіннің комуникативті мақсаты – осы білім саласындағы 
жаңа мағлұматты хабарлау. Ол тек түпнұсқа мен аудармаға жалпы болып 
табылатын базалық биіктіліктің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырылады. 
Сол себепті техникалық мәтін бұл саладан хабарсыз адамдарға түсініксіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет