Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет86/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

Қ.Мәшһүр-Жүсіп
Стиль және бейнелілік

Стиль жөніндегі пайымдаулардың, айтыс-тартыстардың бәрін жинақтап жүйелесек, оны тым кең мағынада, түрлі арнада алумен бірге арнайы жеке мәнде қарастырудың да куәсы боламыз. Кең ауқымда дейтініміз: тіпті, осы кезге дейін “киіну стилі”, “мода стилі” деген тәрізді сөз қолданыстарға тап боламыз. Сонымен бірге стильді әдіс, немесе ағыммен алмастыру болғанына зерттеуші Қ.Жұмалиев орынды аударды1.


Сондай-ақ стильді жеке суреткер ерекшелігі ретінде санаушыларда да бір-біріне қарама-қарсы пікірлер көп болды. Соның бірі және неғұрлым жиі кездескені: стильдің көркем шығармада қамтымайтын саласы – жоқ, немесе, бар деген кереғар тұжырымдар төңірегінде туып отырды. Сонымен бірге стильді тым тар мағынада түсіндіріп, оны тілден ғана іздеу орынсыздығы қазақ әдебиеті сынында жете айтылды.2
Стиль жүгін молайтып, оның үстемдік құрар аясына тақырыпты, образдарды, композицияны, мазмұнды қоса кіргізудің орыс әдебиеті ғылымында кең орын алғаны мәлім. Мәселен, стильді алпысыншы жылдары арнайы зерттеген В.А.Ковалев кезінде П.Н.Сакулиннің (1927 ж.), В.М.Жирмунскийдің (1961 ж.) стильге тақырыпты, композицияны т.б. жатқызғанын еске салады. 3 Осы іспетті байламды әдебиет теориясы оқулығы авторлары: Л.И:Тимофеев, Г.Л. Абрамлвич те қолдайды.4 Зерттеуші В.В.Курилов стиль жөніндегі екі көзқарастың бар екенін саралай келіп, екінші тоқтам өкілдерінің шығарма стилі-мазмұнның әр алуан жақтарынан да (тақырып, кейіпкерлер, идея), пішіннің (форманың) көрінімінен де (образдар, композиция, тіл) құралады деп санайтынын көрсеткен.5 Қазақ зерттеушілері: З.Қабдолов, Ф.Оразаев, Ә.Кекілбаев та осы сарындас ұйғарымды қуаттайды.6
Әйтсе де, бұл түйіндерге қарсы байыптаулар да баршылық. Белгілі зерттеуші Г.Н.Поспелов мазмұнның стильге енбейтінін, бірақ оның стильде көрінуін сөз етеді.7 Демек мазмұн стиьлге жатпайды десек те, стиль шапағатын мүлде қабылдамайды деп те шегелей алмайтынымыз анық. В.А.Ковалев болса, ол да “стиль” ұғымының пішінге де, мазмұнға да қатысты екенін жарлаумен бірге стиль категориясының көркем шығарманың бар жағын қамти алмайтынына да назар аудартады.8
Осы пікірлердің бәрін сұрыптай келе, мына ойды ту еткіміз келеді. Біріншіден, стильдің, негізінен алғанда, пішінде жүзеге асатыны басы ашық мәселе. Екіншіден, стильге мазмұнды жатқызбаушылар пікірінде де дән бар. Расында, пішін тәрізді, мазмұн да стиль уысында бірыңғай қала алмайды. Әйтсе де стиль мазмұнға да біршама әсер етіп, өзі де соның ықпалын қабылдайды. Демек, негізінен алғанда, стильді пішінге қатысты деу оны мазмұннан мүлде бөліп әкетуге бастамауға тиіс. Қайта мазмұнның пішінге әсерінің нәтижесі ретінде қарау стильді неғұрлым жан-жақты түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ стильдің көркемдік әдіспен байланысы туралы9, стильдің ағым, бағыт пен т.б. ара-қатынасы хақында10 отау тіккен ұйғарымдардан да стиль аумағы, қызметінің көп қырлы екенін көреміз. Соныменқатар стильді басқа ұғымдармен: мазмұн, пішін, әдіс, ағым т.б. алмастырып, солардың не бірінің, не бәрінің орнына қолдануға келмейтіні де мәлім. Әйтсе де соның бәрін стильдің өз шарпуына бөлеп жататынын да ескермеуге болмайды. Жалпы стиль туралы ірге тепкен патуа, шешімдерді сараптап, ортақ нанымға жүгінгеннен кейін, оның ішіндегі басты да өзекті саланы, дербес стильді, арнайы дәйектеу қажеттігі туады. Дербес стиль ерекшелігі, мәні туралы қанат жайған толғамдар ұлан-ғайыр. Солардың ішінде ең көп тарағаны және қолайлысы не десек, ол қаламгердің бар шығармасында кездесетін негізгі идеялық-көркемдік ерекшеліктердің (идея, тақырып, кейіпкер, сюжет, тіл) бірлігі дербес стильді негіздейді деген пікір11. Сондай-ақ стиль категориясының: жазушы шығармаларына тән ішкі тұтастық пен табиғилықты, оның шығармашылық жүйесіндегі жеке элементтердің жүйелілігі мен сарын беріктігін, олардың бір-біріне сай келушілігі мен өзара байланысын т.б. септестірушілік рөлі орынды көрсетілді12. Сонымен қатар стиль ұғымымен бірге жекелеген жазушы әдісі (жалпы көркемдік әдіспен қатар), яғни көркемдік әдістің белгілі бір суреткер шығармашылығында өзідік көрінісі болады деген пікірде ой саларлық дән бар13. Әйтсе де бұл сараптауларды әрі өрістетіп, стильді шығарманың образдық түрлеріндегі өзіндік даралығы бар детальдардың бірлігі емес, соларды іріктеу, үйлестіру, өзара ықпал жасау принциптерінің жиынтығы ретінде қарастыру ұтымды тәрізді14.
Сөйте тұра әр қаламгер еңбегінде әрі оны, әсіресе, өзімен тұтас әріптестерімен үндес еттін ортақ жайттар, әрі оны басқадан бөлектейтін жеке өзгешеліктер болуы, сөйтіп, бұл екеуінің бір шығармада кірігіп, бір бүтіндікте келуі, демек дараның бәрі тек дербес болып қалмай, оның ішінде де ортақ сарын орын алуы т.б. бұл ұғымды да жіліктей түсу талабын қойғаны анық15. Сондықтан да біраз зерттеушілер қаламгер дербестігін ашу үшін, стиль ұғымы жеткіліксіздігін ескертіп, оның орнына “дербес шығармашылық тәсіл”16, “Өзіндік қолтаңба” т.б. атаулар ұсынса, енді бір ізденушілер олай бөлшектеуге қарсы17. Сонымен бірге жазушы шығармаларының да бәрі біркелкі жазылмайтыны, стиль көптүрлілігі, көпқырлылығы болу мүмкіндігіне де ғалымдар назар аударды18. Сондай-ақ стильсіз көркем шығармадағы кез-келген сөзқолданысты түсіну, түсіндіру мүмкін еместігі дау тудырмасы белгілі19. Әйтсе де қанша түрлі атаулар ұсынылғанымен, қаламгердің өзінен басқаға ұқсамайтын өзіндік айырмашылықтары болатыны20, оны белгілі бір ұғыммен, дербес стильмен, байланыстыру керек екендігі мәлім. Осы орайда дербес стильді тудыратын не десек, алдымен оған тарихи жағдай әсері еске түседі. Әйтсе де белгілі бір кезеңдегі тарихи жағдайдың әр суреткерге әртүрлі ықпал ететінін ескерсек, қаламгер ерекшелігін тек тарихи жағдайдан іздеудің жетімсіздігі танылады. Демек тарихи жағдайдың суреткерге дарытқан бағытымен қатар, қаламгердің өзінің көзқарас, мінез т.б. түрлішелігін қоса ескеріп, сол екеуінің шынайы, табиғи өрілуінен барып дербес стиль шаңырақ көтереді десек, қателеспейміз. Рас, дербес стильді әдістен, ағымнан ажыратқанда, алғашқысы белгілі бір суреткерді басқалардан бөлетін белгілерге сүйеніп, кейінгілері сол қаламгердің өз кезіндегі тұрғыластарымен туыстастыратын ұқсас, орайлас жайттарға табан тірейді деуде де шындық бар. Бұл бірақ дербес стильдің ішінде де қаламгер өзгешеліктерімен қатар, басқа замандастарымен сарындас ететін ортақ белгілердің де болатынын жоққа шығармайды. Тек дербес стиль байымдалғанда, қаламгердегі басқаларға ұқсас сипаттардың бәрі сол ерекшеліктің шарпуына бөленетінін алдымен ескеру қажет. Ендеше қаламгерде әрі басқаларға үндес ортақ, әрі ешкімге ұқсамайтын өзіндік нақыштар болады дегенде, бұл екеуінің бірлігін, біріншісінің екіншіге бағынышты түрде белгі беретінін ұмытпаған жөн. Қысқасы, жазушы-ақын шығармашылығын зерттегенде, мына ерекшелік ағымға, не әдіске, ал мына сипат дербес стильге тән дегенде де, бөлудің шартты түрде жүретініне, ортақ сипаттардың өз алдында оқшау көріне алмайтынына, тек дербс стиль кеңістігінде отау тігетініне назар аударғымыз келеді.
Стильді сөз еткенде, оның соншалық кең ұғым екені, демек мәселені ақынның жеке басымен ғана байланыстырып қою жеткіліксіздігі де белгілі. Бұл бірақ стильді анықтауда ақынның жеке басының жетекші, басты роль атқаратынын жоққа шығармайды21. Осы пайымдауларды безбендей келе, дербес стиль қайдан көрінеді десек, ойланарлық жайттар көп. Дербес стиль алдымен жазушының тақырып таңдауынан да байқалады. Сондай-ақ ұнамды, ұнамсыз образ мүсіндеуде де, қай идеяны нысана, жетекші етіп ұстауда да дербес стильдің бағыттаушылық, жетекшілік қызметі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет