Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет87/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

Д.Ысқақұлы
Идея және стиль

Көркем әдебиеттегі стиль мәселелерін сөз еткенде қазақ әдебиетшілері көбіне тілдік, әрі кеткенде тақырыптық ерекшеліктерді ғана атап жүр. Бізде стиль мәселелері жан-жақты, терең зерттеулердің объектісі бола алмай келеді. Стиль зерттеу - әдебиет танудағы аса күрделі проблемалардың бірі. Сондықтан да оны жүзеге асыру – дамыған әдебиет тану ғылымына сүйенгенде ғана нәтижелі болмақ. Бірнеше ғасырлық тарихы бар орыс әдебиет тану ғылымында стиль проблемаларын қозғаған біраз еңбектердің шығуы осы себептен болса керек.


Стильді зерттеп білудің жалпы әдебиет тарихын жасауда маңызы зор. Өткен дәуірлерде өмір сүрген ақын-жазушылардың әдебиет тарихында алатын орнын анықтағанда, олар әдебиетке қандай еңбек сіңірді, өзінен бұрынғылармен салыстырғанда нендей жаңалықтар қосты, ілгерілеулер жасады, әдебиеттің дамуына әсері болды ма деген сияқты мәселелерге дұрыс жауап беру – стильдік ерекшеліктерді қарастыру арқылы ғана мүмкін. Әдебиетіміздің бүгінгі биігін де осы тұрғыдан ғана анықтай аламыз.
Сонымен стиль дегеніміз не? Бұл сұраққа орыс әдебиетшілері түрліше анықтама беріп келеді. Бұған себеп жазушы стилін айқындауда басты рольге қай компонент ие болатындығын анықтауға байланысты болса керек. В.Виноградовтың айтуынша, жазушының өзіндік стилінде негізгі басты рольді образ атқарады. Өмір болмысын көркем бейнелеу образдар арқылы ғана жүзеге асады. Жазушының стилі осы образдарды жасау үстінде қалыптасады дейді ол1. Көптеген зерттеушілер бірінші орынға жазушы творчествосындағы тақырыптық ерекшеліктерді, суреттелетін объектінің сыпатын, шығарманың мазмұнын қояды2.
Қандай дәуірде болмасын көркем туындының болашақ тағдыры ең алдымен оның идеясы мен көркемдік сапасының дәрежесіне тәуелді болады. Әрбір көркем шығарма, жазушының творчествосы өзінің әділ бағасын аларда негізінен осы екі көрсеткіші тұрғысынан қаралып, бағаланады. Стиль талантты жазушыларда ғана болады десек, ол ең алдымен шығарманың жоғарыда аталған екі жағының қалай шешім тапқандығымен тығыз байланысты. Бұл екеуінің бір жағы ақсап жатса, шығарма да сәтсіздікке ұшырайды, демек стиль де жоқ, ол өз шешімін таба алмаған деген сөз. Автордың сол шығармада айтпақ болған ойы көркемдік сапалармен өзіндік жарасым тауып, дәл, әсерлі бейнеленгенде ғана ол шын мәніндегі көркем туынды бола алады. Өмірдегі қайталанбас құбылыстарды сәтті көрсеткен шығармаларда ғана өзіндік стильдер бой көрсетеді.
Жазушы стилінің қалыптасуында оның өмір туралы түсінігінің, көзқарасының, идеяның шешуші роль атқаратындығы айтылып жүр3. Осы тұрғыдан “стиль – идеялық және көркемдік ерекшеліктер” деген анықтама көңілге қонады. Бұл анықтама бойынша шығарманың идеясы, автор айтпақ болып, мақсұт тұтқан негізгі түкпі ойлар бірінші планға қойылып стильді анықтайды да, көркемдік мәселелері осыған орай шешіліп, идеяның көркем шындыққа айналып, жүзеге асуына қызмет етеді. Идеяға, көтеріліп отырған мәселелердің ауқымына қарай ең алдымен көркем шығарманың жанры анықталады. Автор ұсынып отырған идеясын неғұрлым ұтымды, ұғымды түрде беру үшін баяндаудың тонын, қай жақта (1,2,3-жақтар) жазылуын белгілеп, шығарманың композициялық құрылысын түзеді. Шығарманы жазу үшін негізгі тонды табу – күй тарту үшін домбыраның құлақ күйін келтірумен бірдей. Образдардың жасалуы, адам характерлерін ашуда пайдаланылатын түрлі конфликтер жазушының творчестволық ой-мақсатына бағына отырып, белгілі бір заңдылықпен дамып отырады. Қаламгер өзінің творчестволық ой-жоспарын көркем шындыққа айналдыру үшін көркем сөз құдіретін пайдаланады. Көркемдік сапаларсыз шығарма әдеби туынды бола алмайды. Жазушының тіл мұхитының айдынында еркін жүзіп, ең асылдарын тауып пайдалануына мүмкіндік беретін, жол көрсететін стиль болып табылады.
Стиль ұғымы қазір үш түрлі жағдайда қолданылып жүр: Жеке шығарманың стилі, жазушы стилі, ортақ стиль (немесе стильдік ағым). Дұрысында стильдің жазушы стилі деген мағынада пайдаланылғаны ләзім. Алғашқы және соңғы жағдайлардағы қолданыстарын жалпының жекеге, жекенің жалпыға қатынастағы көрінісі деп ұққан жөн.
Жазушы стилінің қалыптасуында идеяның басты роль атқарғандығын қазақ совет әдебиетінің алғашқы жылдарындағы қалам қайраткерлерінің творчестволарынан анық байқаймыз. Осы мәселелерді қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қаласушылардың бірі Сәбит Мұқановтың әдеби-сыншылық қызметімен байланыстыра отырып әңгімелемекпіз.
Жалпы әлемдік әдебиеттің даму тарихына зер салсақ бір-бірімен ұласып, бір-бірінен өркендеп жатқан түрлі әдеби ағымдарды көреміз. Әдебиеттің дамуын стильдер дамуы деп те атауға болатын сияқты. Көркемдік игерулер жолындағы стильдік ізденулер нәтижесінде әр түрлі әдеби ағымдар пайда болып отырды. Материалдық өндірістің, қоғамдық құрылыстың дамуымен бірге әдебиет те үздіксіз жетіліп отырған. Қоғам дамуындағы ілгерілеулер сол қоғамның бейнесі болып табылатын әдебиетте де ізденістер туғызды; өмірді бейнелеудің жаңаша әдістерін жасады. Классицизм, романтизм, реализм әр дәуірден туындаған әдеби ағымдар болса, екінші жағынан әдебиеттің даму дәрежесін де көрсетті. Әр түрлі әдеби ағымдарда оларды бір-бірінен елеулі түрде айыратын стильдік ортақ белгілері болды. Мысалы, классицизмде үш бірлікті (оқиға, уақыт, кеңістік) қатал сақтап отыру барлық шығармаларда талап етіліп отырса, романтизмде әдебиеттің өрісі кеңейеді, жазушының творчестволық фантазиясына ерік берілді. Романтизмде көркем шындық өмір шындығынан алшақ жатса, реалистік бағыт әдебиетті өмірмен жақындастырды. Социалистік реализм әдісіне негізделген совет әдебиеті дүниежүзілік әдеби дамудың заңды жалғасы ретінде пайда болып, дамуда. Адам баласының ғасырлар бойы жасаған озық әдеби үлгілерін толық меңгерген көп ұлтты совет әдебиеті бүгінгі күні дүние жүзілік әдебиеттің дамуына зор ықпал жасап отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет