Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. І



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі78,41 Kb.
#97258
  1   2   3   4
Байланысты:
ЭС-20о


Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.


І. Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған. Біздің заманымызға дейін 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартанын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген.
«Янтарь» - Жер бетінде әлденеше жүздеген мың жылдар бұрын өсіп-өрген қылқан жапытарқы ағаштардың қатып тасқа айналған шайыры. Грек тілінде «янтарь» -электрон дегенді білдіреді. Гректер осы шайырды «электрон», ал оған қатысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. «Электрон» сөзінен «электр» деген сөзі шықты. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атаған.

Т әжiрибеге сүйенейiк. Шыны таяқшаны алып қағаз түйiршiктерiне жақындатайық. Бiз ешқандай өзгерiс болмағанын көремiз. Бұдан қалыпты күйде басқа заттар сияқты шыны да электрлiк бейтарап болатындығын көремiз. Ендi шыны таяқшаны қағазға үйкегеннен кейiн, тағы да қағаз түйiршiктерiне жақындатамыз. Бiз олардың таяқшаға тартылатынын көремiз (1-сурет). Осыған ұқсас құбылыс құрғақ шашты тарағанда да байқалады.


Шаштың тараққа тартылуы да электрлену нәтижесi болып табылады
Электрленген таяқшаны жіңішке су ағынына жақындатып, тек қана қатты денелер емес сұйықтардың да тартылу қасиетiне ие болатындығына көз жеткiзуге болады (2-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет