Әлеуметтік-саяси білім модулі: мәдениеттану, психология


-кезең. Психология – сана туралы ғылым



бет3/3
Дата04.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#189427
1   2   3
Байланысты:
Психологияға кіріспе 9 дәріс
18. Дидактикалық материал. Қосымша 3. Нұсқа 1 docx., kaz tarih, Retsenziya-na-statyu-po-pedagogike (2)
2-кезең. Психология – сана туралы ғылым.
XVIIғ. басталады. Сезіну қабілеті мен ойлауы сана деп аталады. Негізгі әдіс адамның өзін-өзі бақылауы болып табылады (Интроспекция әдісінің негізін қалаған Дж. Локк.).
3-кезең. Психология-мінез құлық туралы ғылым.
XX ғ. психология – адамның мінез-құлқын реакциясын т.б. бақылап отырған.(американ психологы Джон Утсон негізін салған).
4-кезең. Психология-психикалық құбылысты зерттейтін ғылым.
XX ғасырдың екінші жартысынан басталады. (Психикалық құбылыстардың механизімдері мен заңдылықтары зерттеледі. Қазіргі психология ғылымының негізін қалаған атақты ғалымдар С.Л.Рубеинштеейін, Л.С.Выготский, А.Р.Лурия зерттеулері айрықша айтылса және XX ғ.-дың 30-60-шы жылдардағы психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, т.б. еңбектерімен байланысты қаралады.).
Адамды көптеген ғылымдар қарастырады: философия, әлеуметтану, этика, эстетика, педагогика, психология және т.т. әрбір ғылымның өзінің адамды зерттеу пәндері бар. Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына қатысты нақты түсінік шегін белгілеуіміз керек.
Адамды жүйелі зерттеу мәселелерін қарастырған Б.Г.Ананьев және оның шәкірті В.А. Ганзеннің айтуы бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады. Олардың қатарына индивид, тұлға, іс-әрекет субьектісі, жеке даралық жатқызылған.
Адам биологиялық құбылыс ретінде индивид болып табылады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Тұлға деп жеке әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Адам тұлға болып тек әлеуметтік ортада қалыптасады.Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамының биологиялық дене құрлымын өзгертіп, өзіне бағындырды.Сонымен қатар, адам түрлі кәсіби мамандық иегері ретінде іс-әрекет субъектісі болып қалыптасады.
Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі деп түсініледі.
В.А. Ганзеннің жүйелік талдау әдістемесіне сәйкес, тұлға құрылымына темперамент, мінез, бағыттылық (мақсат, мотивация, құндылықтар, қызығушылықтар) және қабілет кіреді. Бұл психологиялық сипаттамалар адамның әлеуметтік даму барысында қалыптасып, қарым-қатынас жетістігінің негізі болып табылады. Әрбір әлеуметтік ортаның өз мәдениеті мен дәстүрлері бар. Тіл, мәдениет пен дәстүрлер ұлтаралық ерекшеліктерді анықтайтын өлшемдер. Осы тұрғыда әрбір адам нақты бір ұлт өкілі және сол ұлттың мәдениетін танытатын субъект. Ұлттық сана адамға өзін нақты бір ұлт өкілі және сол ұлттың құндылықтарын ұстанушы субъект ретінде тануға мүмкіндік беретін ұғым. Ол халықтың әлеуметтік даму барысында қалыптасады. Ұлттық сана халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тілімен, құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Ұлттық сана халықтың әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси тарихымен бірге қалыптасады. Кісілік қасиеттер ұлттық сана негізінде жеке адам мен ел болмысының бойында ұялайды, ұлттық мінезді қалыптастырады.
Сонымен қатар, жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:
Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы.
Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі.
Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге,түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнеленеді.
Туа біткен қасиеттер әлеуметтік ортада қалыптасып, тұлғаның тұрақты жеке дара ерекшеліктерін құрайды. Адaмның тұлғaлық ерекшеліктерін оның өзіне және қоршaғaн ортaсынa деген қaтынaсы, мінез-құлқын aнықтaйды.
Бақылау сұрақтары:
  • Психология ұғымы
  • Психологияның адаммен байланысы
  • Тұлғаны жүйелік талдаған В.А. Ганзеннің түсінгін қалай талдайсыз?
  • Тұлғаның негізгі қасиеттері қандай?

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет