14.2. Тимус
445
гормонға
ұксас факторлар, этап айтсак, тимозин, тимусгық сэры су факто
ры, тимопоэтиндер аныкталған. Капсула асты аймағында және кабыктык
заттың біраз бөлігінде эпителиоциттердің терен инвагинациялары бола-
ды, олардын ішінде,
бесікке бөленгендей, лимфоциттер орналасады. Бұл
эпителиоциттердін — тимустың коректендіруші жасушаларының неме-
се «күтуші жасушалардың», лимфоциттердің араларында орналаскан ка-
батшалары өте жұка және өте ұзын болуы мүмкін. Әдетте осындай бір
жасушада 10-20, кейде одан да көп лимфоциттердің болуы мүмкін.
Лимфоциттер инвагинацияларға кіріп-шыға алады және бүл жасушалар-
меи тығыз байланыстар кұрайды. «Күтуші» —
жасушалар тимозин өндіруге
кабілетті.
Макрофагтар және дендритті жасушаларда гистоүйлесімділіктің I және
II класстарының басты кешенінің өнімдері болады, олар (дендритті жасуша
лар), Т-лимфоциттердің саралануына эсер ететін, өсу факторларын бөледі.
Макрофагтар апоптозға үшыраған лимфоциттерді фагоциттейді.
Бөлікшелердің шеткері бөлігінің —
қабықтық заттың
(
cortex
) кұрамында,
тор тәрізді эпителийлік негіздің куыстарын толтырып тұратын, Т-лимфоциттер
болады. Кабыктык заттын капсула асты аймағында ірі лимфоидты жасуша
лар — лимфобласттар — Т-лимфоциттердің бұл
жерге кызыл жілік майынан
көшіп келген ізашарлары болады (14.4-сурет).
Лимфоциттердін ізашарлары ретикулярлык эпителиоциттердің өндірген
тимозинінің ыкпалыныц нәтижесінде бөліне бастайды. Лимфоциттердің
жаңа генерациялары тимуста әрбір 6—9 сағат сайын пайда болады.
Т-лимфоциттер жетілген сайын милык затқа карай ауыса бастайды да,
тимустан кортикомедуллярлык аймактың венулалары аркылы шығады.
Кабыктык заттың Т-лимфоциттері милык затка сокпай,
тікелей кан тамыр-
ларына көшеді деп есептеледі. Бүл лимфоциттер рецепторларының күрамы
бойынша милык заттың Т-лимфоциттерінен өзгеше болады. Қан ағымымен
олар лимфоцитопоэздің шеткері мүшелеріне — лимфалык түйіндерге және
көкбауырға түсіп, сол жерде субкласстардың жасушаларына: антиген-
реактивті киллерлерге, хелперлерге, супрессорларға айналады. Бірак ти
муста жетілген лимфоциттердің барлығы түгелдей
кан айналым арнасына
шықпайды, шығатындары «окытудан» өтіп, бөгдетекті антигендерге ар-
найы циторецепторлары калыптаскан, 2-5% кана болады. Өзінің меншікті
антигендерінің циторецепторлары бар лимфоциттер, әдетте, тимустың ішінде
жойылып, иммунокабілетті жасушалардың іріктелуінің көрінісі болып табы-
лады. Мұндай Т-лимфоциттердің кан ағымына түсуі жағдайында аутоиммун-
ды реакция дамиды.
Кабыктык
заттың жасушалары каннан, дифференцияланып жаткан
лимфоциттерді антигендердің артык мөлшерінен корғайтын,
гематотимустық
тосқауылмен
бөлінген. Оның кұрамына кылтамырлардың базальды мембра-
насымен
эндотелийлік жасушалары
, жекелеген лимфоциттері, макрофагтары,
фибробласттары
және жасуша аралык заты бар
периқылтамырлық кеңістік,
сонымен бірге базальды мембранасымен
маманданған ретикулярлык, эпите-
лиоциттер
жатады. Тосқауыл антигендерге тандамалы өткізгіштік касиет