Емтихан билеті №1


Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің бастауы



бет31/70
Дата12.02.2023
өлшемі263,32 Kb.
#168417
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Байланысты:
ЖТБ билет жауаптары
студентам лабд емтихан анатомия, 15,16 дәріс, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің бастауы. Тілдердің бір-біріне жақын, өзара туыстас болатындығы туралы пікір салыстырмалы-тарихи тіл білімінен көп бұрын белгілі болған. 1538 жылы Француз гуманисі Гвилельма Постеллустың «Тілдер туыстастығы туралы» деген еңбегі жарияланады. Автор осы еңбегінде тілдерді туыстық жақындықтарына қарай жіктеуді алғаш ұсынады. Бұдан кейін 1559 жылы Голландия ғалымы Иосиф Скалигер «Европалықтар тілдері туралы пікір» деген еңбегінде бүкіл европалық тілдерді туыстықтарына қарай 2 топқа бөледі. Тілдер туыстастығы философтар назарын да аударады: Вильгельм Лейбниц лингвистерді әлем тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеуге үндейді. Өзі тілдерді арамей, яфет тілдері деп екі топқа бөледі де, яфет тілін скиф, кельт тілдері деп тағы екі топқа бөледі. Скиф тобына фин, түркі, монғол, славян тілдерін, кельт тобына европалық тілдерді жатқызады.

XVIII ғасырдың соңы XIX ғасырдың бас кезінен бастап ғалымдар назарын ежелгі үнді тілінде жазылған ескерткіштер, лингвистикалық зерттеулер аудара бастайды. Үнді тілінде жазылған «Санскрит тілінің грамматикасы» европа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазуға түрткі және негіз болды. Санскрит тілінің грек, латын және европалық тілдерге ұқсастығы әр жерде, әр ғалымдар тарапынан жиі айтыла, жазыла бастады. 1786 жылы ағылшын ғалымы Уильям Джонстың «Азиялық зерттеулер» деген еңбегі жарияланды. Онда Джонс теориялық мәнді тұжырымдар жасамағанымен санскрит тілінің грек, латын тілдеріне өте жақын екендігін көрсете келіп, бұл үшеуінің түпкі төркіні бір болуы керек, бұл топқа герман, кельт, иран тілдерін де қосуға болатын сияқты. Асылы, осылардың бәрі өзара туыстас болар деген тұжырымға келді. Осыған ұқсас жорамалды 1808 жылы шыққан «Үнділердің тілі және даналығы» деген еңбегінде Ф. Шлегель де айтқан. Ол да Джонс сияқты санскрит тілі тек сөз түбірлері жағынан ғана емес, тіпті грамматикалық құрылысы жағынан да грек, латын тілдеріне өте ұқсас дегенді айтады, тілдерді бір-біріне салыстыра зерттеуді ұсынады.
Қорыта айтқанда, ХVІІ-ХVІІІ ғасырда тіл білімі карқынды дамыды. Бұл уақытқа дейін грамматиканың тек бір түрі, практикалық түрі ғана жазылса, бұл дәуірде практикалық грамматикалар тілдік жағынан молайып, ғылыми сапалары жақсара түсулері үстіне грамматиканың бұрын жазылып көрмеген жаңа түрі — логикалық жалпы тілдік грамматика жарық көрді. Бұл дәуірде бұрын болып көрмеген сөздіктің екі түрі — көп тілді түрі мен түсіндірме немесе академиялық деп аталған түрлері шығарылды. Бұрын болып көрмеген жалпы тілдік теориялық зерттеулер жарияланады. Олардың қатарына XVIII ғасырдың көрнекті ойшылдары Ж. Руссоның, И. Гердердің, Дж. Виконның, Р. Декарт пен Г. Лейбництің тілдің шығуы, дамуы, тілдер туыстастықтары туралы зерттеулерін жатқызуға болады





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет