Үздік мұғалім деген кім және оны қалай анықтаймыз? Тарау мақсаттары Тарау соңында меңгеретініңіз:
Оқытудың қаншалықты маңызды екенін түсіну.
Оқыту сапасы қалаи� анықталатынын және оны басқа мүдделі тарап
қалаи� қабылдаи�тынын сипаттаи� алу.
Жоғары деңгеи�де оқыту бағытындағы зерттеулердің негізгі нәти
-
желерін қорытындылау.
Үздік мұғалім әрдайым оқушылар үлгеріміне айтарлықтай әсер етіп қана қоймайды, ол білім беруде оң нәтижелерге қол жеткізуге, жалпы қоғамның әл-ауқаты мен табысына да ықпалын тигізеді. (Қауымдар палатасының білім комитеті, 2012: 41 параграф) Оқытудың маңызы Біріккен Корольдіктің қоғамдық секторының бастауыш мектепте
-
рінде шамамен 239 000 мұғалім бар (Bolton, 2012). Осы мұғалімдердің
әрқайсысы қарамағындағы 5 млн немесе тіпті одан да көп бастауыш
мектеп жасындағы балалардың болашағына айтарлықтай ықпал ете
алады. Бұл – дәлелді айғақ. 2,5 млн оқушыны 20 жыл бойы бақыла
-
ған америкалық зерттеу жақсы мұғалімнен тәлім алған балалар жо
-
ғары оқу орнына түсіп, көбірек ақша табатынын, бақуатты өмір сүріп,