«Биохимия негіздері» пәні бойынша зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары зертханалық ЖҰмыс №1



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата08.09.2022
өлшемі463,34 Kb.
#148987
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар бойынша әдістемелік нұсқаулар
Азия аф(4семинар), Семинар Каражан агай 4, 1574307593-Сарин Жарас Темиртасулы В бөлімі
 
 
 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 6 
 
Тақырыбы
: Каталаза ферменттің активтілігін анықтау. 
 
Мақсаты
: Каталаза ферменттің активтілігі туралы білім қалыптастыру. 
Тірі ағзада тотығу-тотықсыздану реакция кезінде сумен қатар сутек асқын тотығының біраз 
мөлшері түзіледі. Ол жасуша уы болып табылады. Каталаза ферментті осы улы қосылысты су және 
молеклярлы оттекке дейін ыдыратады. Каталаза тірі ағзада кең таралған. Әсіресе қан және бауырда 
көп болады. 
№ 18 жұмыс Каталаза ферменттің әсерін зерттеу 
 Видео-сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=POZd9ljJnDY
  
 
Анықтау әдісі: 
екі пробиркаға каталаза ферменті бар биологиялық сұйықтық (сұйытылған қан) 
немесе көкөніс (картоп, қияр, т.б.) саламыз. Бір пробирканы қайнатамыз. Суытқан соң екі 
пробиркаға 10 тамшы 3% сутек асқын тотығы ерітіндісін қосамыз. Қайнатылмаған пробиркада 
көпіршіктердің бөлінуін байқаймыз. 
Химизмі:
Н
2
О
2

Н
2
О
+ О
2
↑ 
 
 


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 7 
 
Тақырыбы
: Амилаза ферменттің әсерін зерттеу. 
 
Мақсаты
: Амилаза ферменттің активтілігі туралы білім қалыптастыру.
 
№19 жұмыс. Ферменттердің субстраттық арнайылығын зерттеу. 
Видео-сілтеме: 
https://www.youtube.com/watch?v=Uq_wGidvwDk&t=28s
  
 
Принципі:
әдіс әр түрлі субстраттардың амилаза және сахараза әсерінен гидролизін салыстыруға 
негізделген. 
 
Анықтау әдісі: 
жұмыс істер алдында амилаза ферменті бар сілекейді 5 есе сұйылту және сахараза 
ерітіндісін дайындау қажет. Сахараза көп мөлшерде ашытқыда кездеседі. Ол онда клетка 
элементтерімен байланыста болғандықтан, оны жасушаны бұзғаннан кейін ғана бөліп алуға болады. 
Сондықтан сахаразасы бар экстракт дайындау үшін шамамен 10 г құрғақ ашытқы аз ғана әйнек 
құммен фарфор келісінде ұнтақталып, бірте-бірте 50 мл дистилденген су құйылады. Алынған 
сығындыны қатталған фильтр арқылы өткізіп, алынған сұйықтықты сахараза ерітіндісі ретінде 
қолданады. 
Амилаза және сахараза ферменттерінің субстраттық арнайылығын дәлелдеу үшін төмендегі кестеде 
көрсетілген мөлшерде реактивтерді төрт пробиркаға құйып араластырып, 5 минутқа 40
0
С 
температураға термостатқа қояды. Пробиркаларды термостаттан алғаннан кейін суытады. Одан 
кейін №1 және №2 пробиркаларға Люголь реактивін тамызады (крахмалға реакция), ал №3 және 
№4 пробиркаларға глюкозаны ашу үшін Фелинг реакциясын жасайды. 
Реактивтер 
Пробиркалар 




0,5% 
крахмал 
ерітіндісі 
10 т
 
10 т
 
 
0,5% 
сахароза 
ерітіндісі 
10 т 
10 т 
Сілекей амилазасы 
1:5 
5т 
5т 
Сахараза ерітіндісі 
5т 
5т 
Люголь ерітіндісі 
1т 
1т 
Фелинг ерітіндісі 
5т 
5т 
қайнату 
Реакцияның 
нәтижесі (түсі) 
Гидролиз жүрсе (+) 
Жүрмесе (-) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет