Білу
(3 мин)
Қосымша ақпарат беру
|
Жұмбақ жасыру.
- Кейіпкері жан - жануар болатын шығарманың түрін қалай айтамыз?
- Мысал дегеніміз не?
- Мысал – адамның жағымсыз қасиеттерін, мінез - құлқын жан - жануарлардың іс - әрекетімен суреттеп жазған шығарманың бір түрі.
- Мысал арқылы бойымыздағы жаман қасиеттерден арылуға, жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
- Өзіміз оқыған қандай мысалдарды естеріңе түсіре аласыңдар?
- Ал бүгінгі мысалымыз не туралы болатынын аңғара алдыңдар ма?
- Ендеше, біз бүгін, И. Крыловтан Абайдың аудармасы «шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқимыз. Алдымен ассоциация әдісін құру арқылы автормен танысып алайық: «Шегіртке мен құмырсқа» мысалының авторы Kрылов Иван Андреевич 1796 жылы 2 ақпанда Мәскеуде туылған. 1844 жылы, 21 қарашада Санкт - Петербург қаласында дүниеден озған. Сатирик Ұлты орыс Жазушы - аудармашы. Ақын - жазушы
1. Аудармашы, ақын А. Құнанбаев туралы. Хронологиялық кестемен жұмыс. 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келген. Әкесі Құнанбай Қара сөздері бар. Өлең жинақтары бар. Бірнеше әндері бар. 1904 жылы дүниеден өткен.
Құмырсқа мен шегіртке туралы мағлұмат беру
Құмырсқа(Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері
тропиктік аймақтарда кездеседі.
Құмырсқалардың адам денсаулығына пайдасын көп халықтар ерте кездерден - ақ білген. Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Мысалы, Қытайда бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған “Бың Цау Гаң Му” кітабында құмырсқаның қасиеті туралы қызықты деректер келтірілген. Құмырсқа денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы, витаминдер бар. Қазіргі кезде Қытайда құмырсқадан аса бағалы азықтық, дәрілік қасиеті бар препараттар дайындалады. Құмырсқаларға жүргізілген зерттеулер нәтижесінде олардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы анықталған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады.
Әртүрлі тұқымдастарға жататын көптеген өсімдіктермен қоректенетін зиянкес жәндіктерді «көп қоректілер» деп атайды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіптілері — шегірткелер, шекшектер. Тік қанатты насекомдар отрядының бір отряд тармағын құрайтын шегірткелердің Қазақстанда 200 - ден астам түрлері кездеседі. Бірақ солардың ішінде оншақты түрі ғана қауіпті зиянкестер санатына жатады.
|
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(құмырсқа)
Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды,
Қос қанатты, Құмырсқа ізді,
Бота тірсекті. (шегіртке)
|