Тілші ғалым. Күлтегін, Білге қаған, Онгин, Тұй-ұқұқ мәтіндерін қазақ тіліне аударған.
Аманжолов А.С.
Тілші ғалым. Байырғы түрік жазуының графикасын зерттеуші.
Жолдасбеков М.Ж.
Филолог, түріктанушы. Күлтегін, Тұй-ұқұқ мәтіндерін алғаш қазақ тіліне аударған ғалым. «Асыл арналар», «Орхон ескерткіштері», «Орхонские надписи», «Тастар сөйлейді» еңбектерінің авторы.
Зәкенұлы Т.
Синолог, тарихшы. Білге қаған, Күлтегін ескерткіштеріндегі көне қытай (Тан дәуірі) мәтінінің жаңа аудармасын жасаған.
Сартқожаұлы Қ.
Түріктанушы.
17. Қазақ тілін зерттеуде ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасыр аралығында Ресей ғалымдары ұстанған бағыттар. Сызба әзірлеңіз.
Н.И. Ильминский татар тілінде жазылатын ресми хаттарды қазақ тіліне аударады. Марабай ақыннан «Ер Тарғын» ертегісін жазып алып, 1861 жылы басып шығарады. Н.И. Ильминскийдің«Материалы к изучению казахского наречия» еңбегі фонетика, грамматика және сөздіктен тұрады. Н.И. Ильминскийдің түркітану ғылымына қалдырған құнды зерттеуі – Рабғузидің «Бабыр-наме» мен «Қысас-әл-анбияны» жарыққа шығаруы деп есепейтейміз.
П.М. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» зерттеуінде қазақ тілінің грамматикалық құрылысы сөз болады. Әсіресе, синтаксиске елеулі мән береді. Зерттеуші миссионер қазақ тілін ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таныған.
Петербург мектебінің түрколог ғалымы саналатын М.А. Терентьевтің «Грамматика турецкая, персидская и киргизская, узбекская»еңбегі бар. Мұнда қазақ тіліне қатысты бөлімі басқа түркі тілдерімен салыстырыла қарастырылады.
В.В. Катаринский
В.В. Катаринский – Орта Азиядағы көрнекті түркітанушылардың бірі, Н.И. Ильминскийдің шәкірті. Ол оқу-ағарту істеріне қатысты: «Краткийкиргизско-русскийсловарь», «Русско-киргизскийсловарь» еңбектерімен танымал. «Грамматика киргизского языка» еңбегінде фонетика, этимология (морфология), синтаксис салалары туралы жақсы мағлұматтар берілген. Еңбек өте қомақты, 200 беттей.