Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/2
Дата10.12.2016
өлшемі148,6 Kb.
#3586
түріСабақ
1   2

Оқушы ойын толықтырып, хронологиялық кестені толтырамыз.




Жылдар

Маңызды оқиғалар

1893 ж

Солтүстік Қазақстан облысы , Сасықкөл

мекенінде дүниеге келген



1905 ж

Қызылжардағы медреседе оқиды

1910 ж

Медресені жақсы үлгеріммен аяқтайды.

1910-1912 жж

Уфадағы Ғалия медресесінде білім алады.

1913 ж

Қазан қаласында “Шолпан ”атты өлеңдер

жинағы жарық көреді.



1913 -1917ж

Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.

1923-1926 ж

Мәскеудегі әдеби-көркем институтын бітіреді.

1925 ж

“Алқа” әдеби үйірмесін құрады.

1927 ж

Елге оралады.оқытушылық қызметпен

айналысады.



1929 ж

“Алқа” астыртын ұйымын құрды деген жаламен

10 жылға сотталады.



1936 ж

М.Горькийдің араласуымен бостандық алады.

1937 ж

қайта тұтқындалады.

1938 ж

19 наурыз күні кеңес үкіметіне қарсы деген

айыппен ату жазасына кесіледі.




Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,

Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында

Мағжан – ұлы ақын

Мағжан – лирик, сыршыл ақын

Мағжан – эпик ақын


Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

  1. Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.

2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?

Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады.

Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз.

Жүсіпбек Аймауытов
4 Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.

Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.

Мағжан бойындағы бүкіл қасиет оның поэзиясында. Ақын айтқан осы қасиеттің бәрі Мағжан бойында бар екеніне көзіміз жетті.
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.

М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.

Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.

2. “Түркістан” өлеңін мәнерлеп оқыту.


3. Мазмұнына талдау жасау.

  • Қасиетті Түркістан - бабалар мекені.

  • Тұран жері – түркілер елі.

  • Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял ер түрік.

  • Тұран топырағындағы ұлы тұлғалар.

  • Туған жер – тұғырың.

Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.


«Түркістан» өлеңіндегі белгілі тұлғаларды таныстыру.

Түсіндірме сөздік


Екі дүние есігі осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері, қасиетті жер деген мағынада

Несібі байлығы

Тұрантүркілердің астанасы

Ұсапұқсап

Енші алысу ата-аналарының материалдық байлығынан балаларының алатын үлесі

Алаш қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, әзірбайжан, татар, т.б.

Көксеу – сағыну.

Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан – ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан мүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.

Өлеңнің тіліне талдау жасау
(Дәптермен жұмыс)


  • Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.

  • Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагеріқалың алаш, Алаштың арыстаны.

  • Теңеу отты желдей, қалың өрттей, теңіздей терең, найжағайдай өте шыққан.

Өлеңнің құрылысына талдау

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,

Тұранда ер түрігім туып- өскен.

Тұранның тағдыры бар толқымалы,

Басынан көп тамаша күндер кешкен.


  • 24 шумақты , 4 тармақты, 11 буынды қара өлең ұйқасы.

ІІІ Ой толғаныс

  • Екі түрлі түсініктеме күнделік тарату

Қатты әсер еткен жер

Үзінді жайлы пікірім







Қорытынды:

- Міне, балалар, ақын ағаларыңның туған жеріне деген жан толғанысы кез -келгенімізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын.

Туған еліміздің жыр маржанын төккен асыл ұлдарын әрқашан ардақтап, жадымыздан шығармауымыз керек.
«Артқы күнге анық қалуға

жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»

(М.Әуезов)

«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов» (С.Мұқанов)

Үйге тапсырма:
«Түркістан» өлеңін 8 шумағын жаттау. Тарихи деректер жинақтау.

Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Есекенова А.Б.

2012 жыл
Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет