Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы



бет3/8
Дата23.10.2020
өлшемі129,5 Kb.
#70923
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Кiрiспе


   Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бәдан әрi - Бағдарлама) 10 жылға арналған. Бағдарламада Қазақстандағы тiл құрылысының ұзақ мерзiмдi келешегiнiң стратегиялық мақсаттары мен мiндеттерi айқындалып, сондай-ақ оларды iске асырудың басты бағыттары мен тетiктерi белгiленген.

   Белгiленген мақсаттарды, мiндеттердi және басымдықтарды жүзеге асырудың нақты iс-әрекеттерi, уәкiлеттi орган әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi шаралардың екi жылдық қысқа мерзiмдi жоспарлары түрiнде жасалынады.

   Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi - "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заң), Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 4 қарашадағы N 3186 өкiмiмен мақұлданған Қазақстан Республикасының Тiл саясаты тұжырымдамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 5 қазандағы N 4106 Жарлығымен бекiтiлген Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес әзiрленген.

   Тiл құрылысының оңтайлы процесi этнолингвистикалық және мәдени қажеттiлiктердi толыққанды iске асыруды қамтамасыз ете отырып, қоғамда азаматтық татулықты нығайтуға және оның одан әрi топтасуына жағдай жасайтындықтан, мемлекет өмiрiнiң аса маңызды әлеуметтiк қырларының бiрi болып табылады. Бұл елiмiзде тiлдердi дамыту мәселелерiн мемлекеттiк реттеу қажеттiгiн бiлдiредi. Мемлекеттiк тiлдiң қоғамдағы рөлi оның дамуының басымдығын бiлдiретiн жоғары деңгейдегi топтастыру әлеуетiнен көрiнедi.

   Осы Бағдарламаны әзiрлеу Қазақстанда оңтайлы функционалдық-лингвистикалық кеңiстiк құру үшiн мемлекеттiк билiктiң барлық тамақтары мен тұтас қоғамның нысаналы да жүйелi қызметiн жүзеге асырудың бiрыңғай стратегиясын тұжырымдау қажеттiгiнен туындайды.


Каталог: kaz
kaz -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
kaz -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
kaz -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
kaz -> Қазақ лирикалық прозасының даму арналары С. Ш. Айтуғанова
kaz -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
kaz -> БАҒдарламасы алматы 2012 Емтихан тақырыптарының тізімі
kaz -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
kaz -> Сабақтың типі: Пысықтау сабағы Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, мінездеме, салыстыру, ой-түйін
kaz -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
kaz -> М. Мақатаев- қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет